Биотехнологияның міндеттері: • белсенді заттарды, дəрілік препараттарды диагностиканы
жасау жəне ауруларды емделу үшін медицинада пайдалану;
• өсімдіктер мен жануарларды вирустік аурудан сақтайтын
жəне зиян келтіретін құрт құмырсқадан қорғайтын биологиялық
препараттарды еңгізу, сонымен қатар биотикалық жəне
абиотикалық факторларға төзімді өсімдіктердің жаңа сорттарды
алу, оларды ауыл шаруашылыққа еңгізу;
• жем қоспаларды (жем белокпен, аминқышқылдармен
лизин жəне метионинмен – байытылған қоспаларды) мал өнім-
ділігін арттыру үшін оларды өндіріп, практикада қолдану;
• тамақ-тағам өндірісте, химиялық, микробиологиялық жəне
өнеркəсіптің тағы басқа салаларында қолданылатын экономика-
лық тиімді заттарды алудың жаңа технологияларын енгізу;
• ауылшаруашылықтық, өнеркəсіптік қалдықтарды, қоқысты
қайта өндеп, сарқынды суды пайдаланып сапалы тынайқыш-
тарды жəне биогазды, биоэтанолды, биогенді көмірсүтектерді
(яғни қайта қалпына келетін жанар майдың, энергияның көзі)
алу үшін жаңа технологияларды енгізу, яғни, биоконверсияны
жасау).
Сонымен қатар биотехнологияның мақсаттары – биофар-
мацевтикалық препараттарды өндіру (протеиндерді, фермент- терді, антиденелерді, т.с.с.), генетикалық өзгерілген (модифи-