Моноклондық антиденелер (ор. моноклональные антитела,
ағ.monoclonal antibodies) – бір эпитопқа (антигендік детерминанта)
қатынасты қатаң арнайы біртипті антиденелер. Қалыпты антидене
түзеуші жасушалармен шексіз өсуге қабілетті миеломдық ісіктік
жасушалармен біріккенде гибридомалармен синтезделеді.
Морфогенез in vitro (гр.morphe – түр, қалып, genesis-шығу тегі,
туыс, ор. морфогенез in vitro, ағ. in vitro morphogenesis) - in vitro
жағдайындағы морфогенез, организмнің дамуын қамтамасыз ету үшін
форманың немесе құрылымдардың дамуы, жетілуі.
Мутация (ор.мутация, ағ. mutation) – генетикалық материалдың
кенеттен табиғи немесе жасанды түрде өзгеруі салдарынан, организм-
нің қандай да бір тұқым қуалайтын белгілерінің өзгеруі. Мутацияның:
генеративтік мутациялар (жыныс жасушаларында жүретін), сомалық,
ядролық жəне цитоплазмалық мутациялар сияқты бірнеше түрі бар.