Microsoft Word Oқу сауаттылығы 100-нұсқа



Pdf көрінісі
бет30/485
Дата03.02.2023
өлшемі4,44 Mb.
#65016
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   485
Байланысты:
O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
37
3. Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі 
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз 
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нəәзік, өте 
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта жəәне Орталық Азияның тауларын, Азияның 
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, 
аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың 
арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем 
мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-
15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз 
туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. 
Арқар дəәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан 
Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен 
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды. 
4. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? 
A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады 
B)Арқардан төрт түлік түрін шығарды 
C)Арқар терісінің сапалылығын дəәлелдеді 
D)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті 
E)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады 
5. Арқар қандай жерлерді мекендейді? 
A)Шөлейт жерлерді 
B)Құмдауыт ойпаттарды 
C)Жазық даланы 
D)Егіс алқаптарын 
E)Тау бөктерлерін 
6. Арқардың негізгі жауы нелер? 
A)Қос аяқтылар. 
B)Үй жануарлары. 
C)Шөп қоректілер. 
D)Ет қоректілер. 
E)Сүт қоректілер. 
1. Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мəән бермейтіндер көп. Сол 
себепті де, əәдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады. 
2. Бір қызығы, сəәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның 
мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, 
талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің 
қойылуы олардың осы қасиетін одан əәрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған 
балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ 
болады. «Бірақ қыста туған сəәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен 
ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар əәрдайым елдің алдында болғысы келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   485




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет