Microsoft Word Oқу сауаттылығы 100-нұсқа



Pdf көрінісі
бет61/485
Дата03.02.2023
өлшемі4,44 Mb.
#65016
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   485
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
68
болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. 
Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш 
күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп 
елші арқылы сəәлем айтады. 
4. Уəәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис 
айтқан уəәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы əәскерлеріне Аракс өзенінен 
өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың 
барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста 
Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл 
уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы əәскерлерінің аз ғана 
тобымен қақтығысқан болатын. 
5. Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис əәскерінің үстіне Кирдың негізгі 
қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың 
арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирге елші 
жіберіп: 
– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық 
айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің 
ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. 
Бұған құлақ аспасаң, Тəәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен 
сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сəәлемін жеткізеді. 
Кир Томиристің сөзіне мəән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына 
алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. 
Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары 
қояды. 
13. Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты? 
A)Соғысқа дайын болғандықтан 
B)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен 
C)Елінің тəәуелсіздігін ойлағандықтан 
D)Өзі ешкімге тəәуелді болғысы келмегендіктен 
E)Кирді ұнатпағандықтан 
14. Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді? 
A)Үшінші 
B)Төртінші 
C)Бірінші 
D)Бесінші 
E)Екінші 
15. Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналды? 
A)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан 
B)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан 
C)Батырлар жеңісін тойлағандықтан 
D)Соғысқа азғана əәскерін қатыстырғандықтан 
E)Соғыс күші жетіспегендіктен 
16. Кир неліктен Томириске құда түсті? 
A)Сақ елін иеленгісі келді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   485




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет