Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 324
мəәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл
жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын
жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді
өзінен көрсін деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-
ананы таңдап алмайды. Сол бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын
көшеден азық іздеумен алмастырып жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен
жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына балалардың екеуі мектептерін
аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер киімі ұқыпты,
тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар
не күн көреді? Жазда, жарайды, əәрбір қарағаш оларға сая, кез-келген шүберек киім.
Қыста ше? Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ əәлде,
көмусіз аң-құстың азығына айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді
де білмеймін. Бала тəәрбиесіне қарамайтын ата-анаға ма, жоқ əәлде тек екеуді
қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анадан енді қайыр жоқ, ол белгілі жайт!
Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз
тілек осы!
13. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -
тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем
кішкентай қыздың қандай əәрекетін көрсететінін болжаңыз.
A)Өкініші
B)Жек көрушілігі
C)Жиіркеніші
D)Шарасыздығы
E)Сенімділігі
14. Мəәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.
B)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.
C)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?
D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
E)Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты.
15. Мəәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?
A)Қоғамдық ұйым басшыларына
B)ƏӘлеуметтік орталық өкілдеріне
C)Балалардың əәке-шешелеріне
D)Үкімет басындағы азаматтарға
E)Мектеп мұғалімдеріне
16. Мəәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A)Тұрақты мекен
B)Шынайы тілек
C)Жолы болмаған балалар
D)Күнкөріс
E)Саябақ