Microsoft Word Oқу сауаттылығы 100-нұсқа



Pdf көрінісі
бет475/485
Дата03.02.2023
өлшемі4,44 Mb.
#65016
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   485
Байланысты:
O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
547
D)Қараусыз қалған балалар 
E)Азық іздеген төртеу 
15. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -
тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем 
кішкентай қыздың қандай əәрекетін көрсететінін болжаңыз. 
A)Жек көрушілігі 
B)Өкініші 
C)Сенімділігі 
D)Жиіркеніші 
E)Шарасыздығы 
16. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас 
кімнің атынан айтылады? 
A)Демалушылардан естиді 
B)Өздері қатарлас балалар айтады 
C)Жергілікті тұрғындар айтады 
D)Саябақтың күзетшісі айтады 
E)Қаңғыбас адамдар айтады 
17. Мəәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған? 
A)ƏӘлеуметтік орталық өкілдеріне 
B)Балалардың əәке-шешелеріне 
C)Мектеп мұғалімдеріне 
D)Қоғамдық ұйым басшыларына 
E)Үкімет басындағы азаматтарға 
18. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды? 
A)Балаларға қол ұшын беру үшін 
B)Балалар əәрекеттерінен жиіркенгендіктен 
C)Балалардың əәрекеттерін құптағандықтан 
D)Балалардың кім екендігін анықтау үшін 
E)Балалар əәрекеттеріне қызыққандықтан 
19. Мəәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз 
A)Жолы болмаған балалар 
B)Саябақ 
C)Тұрақты мекен 
D)Шынайы тілек 
E)Күнкөріс 
20. Мəәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз. 
A)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? 
B)Кішкентайқызтоғынарықтағысуменбасты. 
C)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. 
D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті. 
E)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. 
99-НҰСҚА


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
548
Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда. 
Тек таңертеңгі жəәне кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай 
алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. 
Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі 
тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең лəәззатты сəәт таң алдындағы 
əәупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы əәні 
болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін 
де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына 
қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, əәупілдек əәніне құлақ тосқан күйде 
таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің 
жазбаларын жалғастыруға əәзірленетін. 
Сайраған құстар əәні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап 
жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып 
жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, əәр 
дыбысқа дəәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз 
бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол 
үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен 
музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. 
(174 сөз) 
ƏӘ.ƏӘлімжанов « Ұстаздың оралуы», «Жазушы» Алматы 
1. Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сəәтті белгілеңіз 
A)ƏӘупілдектің сиқырлы əәніне елтуі 
B)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі 
C)Қоңыр салқын самал желдің соғуы 
D)Құстардың сайраған үніне таңдануы 
E)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы 
2. Мəәтінге сəәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз. 
1.Сайраған құстар əәні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын. 
2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап 
қоя беретін 
A)Екеуі де дұрыс 
B)Дұрыс жауап жоқ 
C)Тек екіншісі 
D)Тек біріншісі 
E)Екеуі де бұрыс 
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі 
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз 
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нəәзік, өте 
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта жəәне Орталық Азияның тауларын, Азияның 
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, 
аязға өте төзімді жануар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   485




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет