емес авторлық құқықтарды (конкурс шеңберінде жəне БҰҰДБ-ның одан арғы
жұмысында қайта шығару жəне көрсету) ұсынады. Конкурсқа ұсынылған
жұмыстарды көпшілік алдында көрсету автордың аты-жөні міндетті түрде айтыла
отырып жүзеге асырылады.
4.7. Жұмыстар қатысушыларға қайтарылмайды.
4.8. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар редакцияланбайды.
5. КОНКУРСҚА ҰСЫНЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
5.1. Барлық ұсынылған материалдар конкурс тақырыбына сай келуі тиіс.
5.2. Конкурсқа қатысу үшін конкурс өткізілгенге дейін кемінде 1 жыл бұрын
құрылған жұмыстар қабылданады.
5.3. 7-12 жəне 12-16 жас аралығындағы жас суретшілерге арналған «Қар барысын
бірге сақтайық!» тақырыбындағы конкурсқа қатысу үшін суреттер (кескіндеме, графика)
сияқты жұмыстар қабылданады, оларда мыналар бейнелейді:
1) тікелей қар барысының өзі жəне т. б.;
2) қар барысының экожүйесі (мекендеу ортасы).
5.4. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар
5.4.1. Көркем жұмыстарға (суреттерге) қойылатын талаптар:
• Суреттің электронды форматы (PDF, jpeg, jpg, png форматында
сканерленген көшірме)
• Сурет салудың кез-келген техникасына рұқсат етіледі (қарындаш, гуашь,
акварель, пастель, майлы жəне акрил бояулары жəне т.б.)
• Сурет автордың (авторлардың) тегі, аты жəне жұмыс атауы, мектеп, сынып,
аудан, ауылдық округ атауы көрсетілген ақпаратпен қоса берілуі тиіс.
Көрсетілген талаптарға сай келмейтін жұмыстар конкурсқа қатысуға
жіберілмейді.
5.5. Конкурс тақырыбына сай келмейтін жұмыстар қабылданбайды.
5.6. Суреттерді электронды поштаға жіберуді 2021 жығы 23 қазанға дейін
кураторлар/қатысушылардың ата-аналары өз бетінше жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |