Microsoft Word-та құжаттарды құру және форматтау



Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#17535
Байланысты:
Microsoft Word-та құжаттарды құру және форматтау


Microsoft Word-та құжаттарды құру және форматтау

Мәтінді дайындау (пішімдеу) (форматтау) өзіне мәтіннің мөлшерін, қаріптің орналасуы мен сипатын, тізімдерді кірістіру, ортасы бойынша туралау және басқа көптеген өзгертулер арқылы ерекшелеуді қамтиды. Ең жиі форматтау Қаріп (Шрифт) (6.10 сурет) сұқбаттық терезесінің немесе Форматтау (Форматирование) аспаптар тақтасының көмегімен берілетін қаріптің атрибуттарын өзгерту арқылы жүзеге асады. Қаріп сұқбаттық терезесін келесі әрекеттердің бірімен ашуға болады: Формат→Қаріп (Формат→Шрифт) меню командасы CTRL+D пернелерінің үйлесімін басыңдар Қаріп (Шрифт) жанама меню командасы Бұл терезеде үш қазына бар: Қаріп, Интервал, Анимация (Шрифт,Қашықтық, Анимация). Қаріп қазынасы қаріптің типін, түсін, мөлшері мен оның сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Интервал қазынасы қаріп символдарының арасындағы қашықтықты тағайындайды. Анимация қазынасы анимациялық әсерлерді дайындауға мүмкіндік береді.


6.10 сурет. Қаріп сұқбаттық терезесі

Форматтау аспаптар тақтасы батырмаларының көмегімен мәтінді дайындау бойынша барлық негізгі әрекеттерді орындауға болады: Мәнерді тағайындау Кқріп типін таңдау Қаріп мөлшерін орнату Қаріптің сипатын анықтау Мәтінді теңестіруді орнату Мәтіндерді бағанға бөлу Тізімдерді дайындау Мәтін шекарасын тағайындау Мәтінді құю түстерін тағайындау

Абзацтарды форматтау Жол аралық қашықтықты, шегіністерді, табуляцияны өзгерті үшін Абзац сұқбаттық терезені шақыру керек (6.12 сурет). Ол үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек: Абзац жанама менюі камандасын орындау Формат → Абзац менюі командасын орындау


6.12 сурет. Абзац сұқбаттық терезесі

Тізімдер

Тізімдердің екі түрі бар: маркерленген және нөмірленген. Тізімді теруден бұрын мына батырманың    көмегімен Форматтау тақтасында тізімнің керекті түрін таңдаңдар.



Маркердің түрі мен орнын өзгерту үшін Формат→Тізімдер(Формат → Списки) меню қомандасын орындаңдар. Нәтижесінде Тізім (Списки) сұқбаттық терезесі пайда болады (6.13 сурет). Онда керекті маркер түрін таңдау керек немесе маркердің параметрлер терезесін шақыратын Өзгерту (Изменить) батырмасын басу керек (6.14 сурет).

6.13 сурет. Тізімдер сұқбаттық терезесі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет