Колхоздағы еңбекке қабілетті адамдар көрсеткіші Еңбекке қабілетті 1940
ж. 1941
ж. 1942
ж. 1943
ж. 1944
ж. 1945
ж.
Ер адамдар
567700
508600 257925 244786 210900 242384
Əйелдер
514200
586700 649082 659350 608000 609952
Жасөспірімдер 230828
Мəлімет жоқ
230509 254889 266077 237200
Демек, соғыс əйелдер мен балалардың колхоздағы қызметін күрт өзгертті.
Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін бір жылда Түркістан-Сібір жəне Қарағанды темір
жолдарында 22 мың əйел жұмыс істесе, 1943 ж. 35, 7 мың əйел істеген. 1944–1945 жж. Қазақстан
темір жолдарында əйелдер көптеп істеді. 1 қыркүйек 1944 ж. Түрксібте 45, 8% құраса, Қарағанды
темір жолында – 39,5, ал 1 қаңтар 1945 ж. осыған сəйкес 44,9 жəне 40,6% құрады. 25 жасқа дейінгі
қыз-келіншектердің саны көп болды. Мысалы, 1 тамыз 1943 ж. Түркістан — Сібір темір жолында
63,8% болса, Қарағанды темір жолында 61,7% болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында республиканың
халық шаруашылығында еңбек етіп жүрген əйелдер саны ұдайы өсіп отырды. Көптеген əйелдер
өздерінің күндік нормаларын 200–300 етіп орындап жүрді. Əйелдердің ішінде өндіріс
жаңашылдарының саны едəуір артып, 1944 ж. олардың ішінде 194 адам Кеңес Одағының
ордендерімен жəне медальдарымен марапатталды. Бұлардың ішінде кейін бүкіл Кеңес Одағына аты
əйгілі болған Лениногор руднигіндегі станокшы-бұрғышы Антонина Казакова, Соколов руднигінің
бұрғышылары Валентина Сланова, Анна Довиченко жəне басқалар бар еді. Бұлар əйелдердің
арасында бірінші рет бір мезгілде телескопты жəне колонкалы перфоратормен бұрғылаудың жаңа
əдісін өндіріске енгізіп, ауысым сайын 10–20 нормадан орындап жүрді. Сол сияқты Майқайың-
золоток орталық руднигінде Ольга Фатеева бір перфоратормен бір сменада 13 текше метр орнына 82
метр қазып рекорд жасады. Скважина қазу кезінде ол 648 т руда қазып, сменалық нормасын 1002 %
орындады [4; 68]. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен өзінің жан қиярлық еңбегі
үшін Антонина Казакова «Еңбек Қызыл Ту», Анна Довиченко мен Ольга Фатеева «Құрмет белгісі»
ордендерімен марапатталды. Сөйтіп Қазақстан əйелдері тылда көрсеткен жан қиярлық еңбегімен
неміс фашистерін жеңуге лайықты үлес қосты.
Қорыта айтқанда, Қазақстан əйелдері соғысқа кеткен ер азаматтардың орнын жоқтатпай,
зауыттар мен фабрикаларда, рудниктер мен шахталарда, колхоз, совхоздарда күні-түні жұмыс істеп,
жауынгерлерді қамтамасыз етіп отырды. Қазақстанға көшірілген отбасыларына көмектесті,
балаларды қанатының астына алды. Ер азаматтары майданға кеткен қазақ ауылдарының жағдайы
сүреңсіз болса да, əр отбасының түтіні түтеп жатты. Олардың орнын жоқтатпауға тырысты. Біреуі
ерін, біреуі баласын, ағасын, бауырын, апа-қарындасын күтіп, тылда қарттармен бірге қыз-
келіншектер білекті сыбанып еңбек етті. Осынау соғыс қазақ қоғамына, қазақ қыздарының
болмысына да үлкен əсер етті. Соғыс жылдарында ауыл шаруашылығы да күйреп қалған жоқ, əркім
шамасы келгенше үлесін қосты, майданға азық-түлік, киім-кешек жіберіп отырды. Бəрі де майдан
үшін қызмет етті. Ел ішінде береке-бірліктің сақталуына, жұмыла еңбек етуде қазақ əйелдерінің ролі
үлкен болды.
Əдебиеттер тізімі
1 Жылқышев Қ. Фашизмді жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы // «Қазақстан тарихы» əдіст. журн. — 2005. — № 6. — 3-б.
2 Бырбаева Г.Б. Женщины Казахстана в годы Великой Отечественной войны: Автореф. дис. ... канд. ист. наук. —
Алматы, 1996. — 90 с.
3 Карпыкова С.С. Женщины Казахстана: проблемы историографии (20–80-е годы ХХ века): Автореф. дис. ... канд. ист.
наук. — Алматы, 1997. — С. 10.
4 Қожабекова А.Д. Кеңес өкіметінің əйелдерді қоғамдық-саяси қызметке тарту тəжірибесі: нақтылы тарихи-зерттеу
(Қазақстан мысалында. 1917–1990 жж): Тарих ғыл. канд. ... автореф. — Алматы, 2007. — 92 б.
5 Боздақтар. Қарағанды облысы. — Алматы: Қазақ энцикл., 1994. — Т. 1. — 17-б.
6 Мурманцева В.С. Советские женщины в Великой Отечественной войне. — М.: Знание, 1987. — С. 45.
7 Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде. — Алматы: Ғылым, 1985. — 320 б.
8 Жакупова М.А. Тыловые эвакогоспитали Казахстана и Республик Средней Азии (САВО) в годы Великой
Отечественной войны (1941–1945). — Астана: Елорда, 2005. — С. 58.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Ж.А.Қарсыбаева
134
Вестник Карагандинского университета
Ж.А.Карсыбаева