Реферат тақырып: С. Досжан «Үлкен үйдегі үрей»



Дата02.12.2022
өлшемі29,6 Kb.
#54426
түріРеферат
Байланысты:
М01701. Құдайберген Г.Д.


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырып: С.Досжан «Үлкен үйдегі үрей»


Пәні: Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
Мамандық: 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистрант: Құдайберген Гүләйім Даурбекқызы
Оқытушы: ф.ғ.к., Сатемирова Д.А

АЛМАТЫ, 2022


Автор поэзиядағы кейіпкерлерін проза жанрына алып келді. Сондықтан оның негізгі кейіпкерлері – әйел-аналар. Қаламгер қыздардың бәріне тән бір ерекшелік – олардың шығармаларында әйелдер тағдырының басым болуы. Қазіргі таңда дүниеге тіршілік нәрін себуші жандардың өмірдегі сан қилы жолдарын әртүрлі тағдыр иелері арқылы әдебиетке алып келіп жүрген де біздің қаламгер қыздарымыз. Себебі, оларға қыз-келіншектер, әйел-аналар өмірі әрі жақын, әрі таныс. Бір ғана отбасы арқылы бірғасырдың мәселесін көтеруге болатынын Ш.Құмарова «Ғасыр нұры» романында көрсеткен болатын. Осындай қыз-келіншектер өмірі арқылы олар өмір сүрген қоғамнан сыр шертетін туындының бірі – С.Досжанның «Үлкен үйдегі үрей» романы. Көлемі жағынан шағын, жып-жинақы романның айтары көп. Мұнда да бір отбасы төңірегіндегі оқиғаға кез боламыз. Мұндағы оқиға Қарқаралының қақ ортасында өрбиді. «Қарқаралының ортасында қараша тамдардан салтанаты өзгеше қос қабатты, сыртын ағаш шар¬бақпен әсемдеп қоршаған үйдің қақпасы құпиялау дыбыспен қағылды» деп басталады роман. Осы жолдарды оқып отырғанда, болыскерей кереуеттің үстінде отырған, жарасқан екі жұптың түнгі тыныштығын бұзған кім болды екен деген сауал оқырманын мазалай түседі. Қазақ әдебиетінде бәйбіше мен тоқалдар арасындағы қақтығыстан адам өлімі болып,оның бір отбасы деңгейінен шығып, үлкен әлеуметтік деңгейге көтерілгенін кезінде М.Әуезов «Бәйбіше – тоқал», Қ.Кемеңгерұлы «Алтын сақина» тәрізді шығармаларында жеріне жеткізе бейнелеген болатын. Бұл шығарма – бәйбіше мен тоқалдың арасындағы күндестіктен адам аузы бармайтын дүниелердің жасалатынын, күндестіктің жақсылыққа жеткізбейтінін тағы бір қырынан дәлелдеген туынды. Автор Нұрия бәйбіше образы арқылы біздің ұғымымызға сіңіп қалған адуын бәйбішелердің бейнесін жоққа шығарады. Керісінше, жазушы «Кеше келген тоқалдар, шөміш алып қоқаңдар» деген халық даналығына жан бітірген. Нұрия мен Хадиша бейнесі арқылы қазақ халқы айта беретін көргенді жерден шыққан, көргенсіз, текті, тексіз, көпті көрген, түк көрмеген деген тәрізді терең мәнді ұғымдарға қаныға түсеміз. Нұрия бәйбіше – бес мезгіл намазын оқып, бір Аллаға жалбарынған, жарының тілегін тілеген бейкүнә жан болса, Хадиша оған қарама-қарсы кейіпкер. Нұрия өсіп-өнген, дәулетті жерден шықан текті жан болса, Хадиша түк көрмеген көргенсіз. Ол :– Құдайдың берген бір жапырақ баласын пайдаланып, Арсланды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған дүниеқоңыз жан. Бәйбіше: «Хадиша босанса баласын менің бауырыма салар, қазақтар сөйтетін еді ғой» деп жүргенде, ол босанған кезде бұл күніне зар болады. Хадиша баласын ұстатпақ түгілі, үйге кіруге тыйым салып, бәйбішені аула ішіндегі қызметшілер тұратын үйшікке шығарып жібереді.
Бұл қорлыққа шыдамаған Нұрия екі қолын жайып Алладан медет сұрайды. Автор «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады» дегендей, Нұрияның осы күнгі тілегін Жаратқан иемнің қабыл алғанымен дәлелдей түскен. Міне, осылайша ұл тапқан Хадишаның дегені болып, татар қатынға көрмегенін көрсетіп, мейманасы тасып жүргенде, қазақ даласына келген қызыл төңкеріс Акметовтар отбасының да шат-шәлекейін шығарды. Дүние-мүлкін қалдырып, бала-шағасмен Қазан асып бой тасаламақ болған Арсланның үмітін тоқалы Хадиша үзді. Күйеуінің кең сарайдай ағаш үйін орны толмас мол байлыққа балаған Хадиша көздің жауын алар дүниесін тастап кеткенше, одан тірідей айырылмаудың амалын іздеді. Баласымен ешқайда бар-майтынын, осы үйде қалатынын айтып, дүние-мүлікті басып жатып алады. Амалы таусылған Арслан бәйбішесімен бірге бір түнде бойтасалап кетіп тынады. Романның негізгі оқиғасы Арсланның қайта келуімен басталады. Әкеден қалған алтын- күмістің жартысын өзі алып, қалған жартысын отын қораға тығып кеткенімен, дүние шіркін оны да тыныш жатқызбайды. Ол аз болса, бәйбішеден туғаны қыз бала болған соң, көзіне дүниеден басқа көрінбейтін Хадишадағы баласы Тауфиығын әкесінен қалған мұ-раға айырбастамақ ойы да бар. Бұл кезде көпестің жас тоқалы Хадишаны аудандағы милиция бастығы Төрегелді иемденіп, дүние-мүлкінің біразын қазынаға өткізген болып, қалғанын өзі басып қалған болатын. Жазушы Хадиша өмірі арқылы замандастарына қолмен істегенді мойынмен көтеру керектігін, маңдайыңа жазғанды көрмей көрге түспейтіндігін есіне салады. Оның бір мысалы – бір кезде Нұрия бәйбішені қуып шығып, мейманасы тасыған Хадишаның жалғыз ұлы Таупанын атасынан қалған өз үйіне кіргізе алмауы, оның Ермен пен Шәлиға тәрізді қызметшілерінің қасындағы темір кереуетте биттей болып бүрісіп жатуы. Тауфиығын іздеп келген Арслан өз үйінде қарақшының қолынан қаза тауып, жаназасы да шығарылмай, алтын-күміс сақталған сандыққа салынып, беті жермен-жексен ете тегістелді. Жирен шалының қалай өлтірілгенін көрмесе де, өзі өлтіргендей болып шошыған Хадиша үш-төрт күннен кейін мұрттай ұшып ауырды. Қожа-молда, емші-тәуіптерді қуалап, мешіттерді бұзып жүрген «кәмөнес» алдына келгенде, Ақберен ақсақал көтеріліп кетті. Төрегелдіні алдына отырғызып қойып біраз өсиет айтты: – «Көп қан төгілген өміріңде. Соныңдағы әйеліңнің жүрегіне түскен. Үйіңде аруақ бар, сол сендерді мазалайды. Арғы-бергідегі әруақтарға өмірі бір Құран оқытпапсың... Мына атқарып жүрген қызметіңнің өзі қарғысты көп алғызып, жүрегіңді суытып жіберген. Бір құдайы таратып, әруақтарға құран шығарт. Дінмен, мешітпен көп алыспа. Ақырыңды ойла. Есті азамат бүгінгісін ақырына азық етер, – деп шығарып салды» .
Жазушы Төрегелдінің өмірі арқылы жаңа өкіметтің қалай орнағанын, оның қазаққа не алып келгенін нанымды суреттеген. Маймылдан жаралдық деген ұғымға сенген құдайсыздар (атеистер) қожа-молдалар мен емші-тәуіптерге қырғидай тиіп, мешіт біткеннің бәрін қызыл отауға айналдырды. Бірақ осы істегендеріне алдағы уақытта жауап беретіндіктерін ойламады. Төрегелді – «Заман біздікі» деп кеудесін қағып, екі қолын қызыл қанға бояған кеңес қызметкерлерінің жиынтық бейнесі болса, Арслан – бес уақыт намазын оқып Алладан медет сұраған, ата¬дан мирас болған мол байлықтың иесі болғаны үшін жазықсыз құрбан болған жан. Жазушы кез келген тірі жанды қорлауға болмайтынын, олардың әрқайсысының киесі болатынын Арслан бейнесі арқылы нанымды суреттеген. Жаназасы шығарылмаған Арсланның әруағы ай толған сайын елес болып үйін аралауы – соның көрінісі. Жирен шалы Хадишаға елес болып көріне бергендіктен, ол есінен ауысып бітті. Бір кезде айттырған жеріне бармай, осы кең сарайдай үйге келгенше асыққан Хадиша енді сол үйден қашып шыққанша асықты. Дегеніне жетіп, қолынан жетектеген елеске еріп, өз үйіне қашып шыққан Хадиша Сарыарқаға сіңіп жоғалып тынды. Жары Хадишаға деген өшпенділік Арсланды о дүниеде де тыныш жатқызбады. Бір ғасырға жуық өзінің болыскей кереуетіне жатқан сұлу қыздарды тұншықтырып өлтіретін де сол әруақ. Бір қарағанда, адам сенбейтін дүние тәрізді. Көріпкелдердің арқасында оның жатқан жері анықталып, жаназасы шығарылған соң ғана әруағы тыныталады. Жазушы бір шаңырақтың ішінде болған сол бір қарғыс атқыр оқиғаның бірнеше ұрпақтың алдынан шығып, олардың берекесін алуы арқылы – «Әруақ аттағанның оңбайтынына» сендіреді. «Төрегелдінің белдігінде наган, қолында кісен, аттан түспеді. Жанында шаш ал десе, бас алатын екі жандайшабы. Күні-түні ауыл-ауылды аралап, ауылдық кеңес ағаларының жағасынан алып «халық жауын» таптырады» деген жолдар өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан хабар берсе, Төрегелді – солардың бел ортасында жүрген кеңестің бесендісі. Қазақ ішінен «халық жауын» табамын деп күнәні көп арқалап, көптің қарғысына қалған Төрегелді аттан ұшып мерт болды. Жазушы мойнына қан жүктеп, қолын қанмен бояған Төрегелдіні халықтың қарғысы жібермегенін нанымды бейнелеген. Біраз жылдар есігі тарс жабылған Акметовтардың үйін қырқыншы жылдары Шапанбаевтар мен Шалқарбаевтардың отбасы иемденіп, екі жағынан екі есік шығарып алады. Екі аяғын соғыстан кестіріп келетін Шалқарбай өмірі кешегі Ұлы отан соғысы жылдарындағы ауыр күндерден хабар берсе, он баласы етегіне оралып, үйі бір жиналмайтын Науат көпбалалы аналардың жарқын бейнесі. Қазақта «сыпырынып қалған», «сыпырына берме» деген түсінік бар. Әсиқа ананың өз келініне етегінен бала ерген Науатты үлгі тұтып отыруы да содан. Келіні сыпырына берсе, Алла Тағала бала бермей қояды деген қорқынышы да бар. Жалғыз баласын жеткізген ананың ендігі арманы:
– Шалқар тәрізді бір баласының он болуы. Бұл әр ананың арман-тілегі екенін ескеретін болсақ, бір немересін аяғына салып, екінші немересін бесікте тербететін Әсиқа кемпір де типтік бейнеге көтерілген кейіпкер. Роман оқиғасының қызықты тұстары – еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезең. Бұл шын мәнісінде тығырыққа тірелген халықтың күн бағу үшін сауданың соңына түсіп, әйел- аналардың ала қапшық арқалаған кезін көз алдымызға алып келеді. Қарқаралыдан Жамбылға қарай май тасып, қайтарында киім-кепшік арқалап қайтатын әйелдер кешегі өзіміз көрген замандастарымыздың жиынтық бейнесі. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары болған оқиғаның арты жақсы болмағанын Төрегелдінің аттан ұшып өлуі, Хадишаның есі ауып үйден қашып кетуі, балаларының соғыстан қайтып оралмауынан көруге негіз бар. Қуаныштың бала көтермеген жас келіншегі, бірінші курсты жаңа бітірген балғын Ырысты, ертең ұзатылғалы отырған Қымбат трізді сұлулардың жұмбақ өлімі араға бірнеше жыл салған соң, еліміз егемендік алғаннан кейін бір-ақ ашылады. Жазушы Арслан әруағының ай толған кезде үйді кезіп жүруін ол үйде бірнеше рет мезгілсіз қазалардың болғанымен дәлелдеген. Ұйықтап жатып, оянбай қалатындардың барлығы дерлік – жап-жас қыз-келіншектер. Оның бір жағын Арсланның Хадишаға деген ренішіне баласақ, екінші жағы қыршын кеткен жанның жас сұлуға деген құмарлығының басылмауы деп түсіндіруге болатын тәрізді. Жазушы тоқсаныншы жылдардағы тығырыққа тірелген елдің бақсы-балгер аралап кеткенін бала көтермеген Бұлбұл өмірі мен әдемі ұштастырған. Ферғанадан шыққанемшіге орамалға түйіп үш сом ақша беріп жіберсе, түнде оның әруағы келіп дем салады екен деп қаншама адамдар неше түрлі жағдайларға душар болғаны бәрімізге белгілі. Бұлбұлдың да өзі көрген елесін сол Ферғанадағы әруақ келіп емдеп жатыр деп түсінуі шындыққа саяды. Бір жағынан, Алладан медет сұраған жан¬ның осындай жолға баруы күлкілі көрінеді. Дегенмен, мұндай оқиғалардың өмірде болғаны ешқандай дау туғызбайды. Жетпіс жылдан аса атеистік тәрбие алған ұрпақ өкілдері егемендікпен дініміз қайтып келгенде неге сенерлерін білмей бастары дал болғаны да шындық. Олай болса, жазушы өмірден алған, өзі куә болған оқиғаларды нанымдылықпен суреттеп, сол бір дәуірдің шындығын көркем бейнелеген. Бұлбұл анасына бір көріпкелдің: «Ол үйде жас өлім көп болған, соның шешімін тапқанда барып қызың ұл да табады, қыз да табады» деген сөзінің сырын білу үшін бақсы-балгер аралап жүргенде, оңтүстіктен тапқан бір көріпкелі мән-жайды қолмен қойғандай етіп айтып береді. Оның әлгі емшіге өз әпкесі Дәмештен тығылып жүріп баратыны да көңілге қонады. Себебі Дәмештің Құдаймен ісі жоқ. Оған саудасы жүрсе болғаны. Ал Бұлбұл Дәмеш секілді саудасын күйттеп жүрген жан емес, оның негізгі арман-мақсаты – қалай да бала көтеру, дүниеге перзент алып келіп ана болу. Ана бақытына жету кез келген әйел адамның арманы болса, Бұлбұлдың бұл әрекеті де ешқандай күмән туғызбайтын шындық. Жазушы қыз-келіншектер мен әйел-аналарға қатысты осындай нәзік мәселелерді олардың жан дүние¬сіне еркін барлау күйзлісінің кілтін таба білген.
Автор осылайша бір отбасына қатысты бір ғасырлық тарихқа жан бітіре отырып, бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның да шындығын арқау еткен. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басынан басталған оқиға ХХІ ғасыр басындағы ел өмірінен толыққанды хабар береді. Жазушының негізгі жетістігі Жаратқанның бар екеніне, әруақтың болатынына сендіру. Мұның өзі тәуелсіздік тұсындағы қазақ әде-биетінің негізгі қағидаларының бірі болса, жазушының соған қол жеткізгені қуантады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет