Геморрагический инсульт
#14
*! 20 жасар жас жігіт жеңіл атлетикадан жарысқа қатысқаннан кейін қатты «қанжар сұққандай» бас ауруын сезінді, жүрек айнуы және құсу пайда болды. Жарты сағат ішінде ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: Керниг, Брудзинский симптомдары, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, сол жағында гемипарез анықталды. КТ-да гиперденсивті ауқымды ошақ анықталды.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
Геморрагический инсульт
#15
*! Науқас бөлімшеге бас ауруы, бас айналу, құсу, жүру кезіндегі тұрақсыздық шағымымен түсті. Ауру қан қысымының 180/100 мм рт.ст. дейін жоғарылауы аясында жедел дамыды. Объективті: есі анық, екі жағынан Керниг, Брудзинский симптомдары анықталады, рефлекстері біркелкі, аяқ-қолдарында тонусы төмендеген. Екі жақтан координаторлы сынамаларын жүргізу кезінде сенімсіздік пен дұрыс орындай алмау анықталады.
Диагноз қандай?
Гемооррагический инсульт мишык закымдалуы
#16
*! Науқас 35 жаста. Кенеттен қатты бас ауруы, бірнеше реттік құсу пайда болып, оң жақ қол-аяқтарында қозғалыстары жоғалды. Объективті: менингиалды синдром, оң жақтан тіл мен мимикалық бұлшықеттердің орталық салдануы мен гемиплегия анықталды. АҚ-200/120 мм.сын.бағ. Жұлын сұйықтығы қанға боялған, эритроциттер көп мөлшерде, жұлын сұйықтығының қысымы жоғары.
Төмендегі диагноздардың қайсысы?
Геморрагический инсульт
#17
*! 65 жастағы А. науқаста гемипарез, гемигипестезия, тіл мен бет бұлшыеттерінің орталық салдануы анықталды. Ликвор - түссіз, мөлдір, цитоз - 5 лимфоцит. Диагноз?
Ишемиялық инсульт
#18
*! Ер адам, 75 жаста, бірнеше рет ми инфарктын алған. Туыстарының айтуынша, науқаста есте сақтау қабілеті, зейіні, кеңістіктегі және уақыттағы бағдарлану қабілеттері нашарлаған және зәрді жиі ұстай алмайды. Неврологиялық статуста оральді автоматизм рефлекстері айқын, еріксіз жылау, екі жақтан гиперрефлексия, оң жағында басымырақ анықталады.
Науқаста деменцияның қай түрі ЕҢ ықтимал?
Қан тамырлык
#19
*!54 жастағы әйел қан қысымының 200/100 мм рт.ст. дейін жоғарылауы аясында кенеттен пайда болған бас ауруы, оң жақ қол-аяғындағы әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті: есі-анық, менингиальды белгілер жоқ, тісін көрсеткен кезде аузының оң жақ бұрышы артта қалады, тілі оңға қарай ығысқан. Оң аяқтың монопарезі. ЖМС: түссіз, мөлдір, жұлын сұйықтығының қысымы - 200 мм су., ақуыз деңгейі қалыпты мөлшерде, лимфоциттер -5 жасуша.
Диагноз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |