Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін



бет5/6
Дата23.10.2023
өлшемі55 Kb.
#120847
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 1 Саясаттану біліміне кіріспе

Абай Құнанбаевтың (1845-1904) басты философиялық, этикалық шығармасы «Қара сөздерінің» идеялық мазмұнын талдау арқылы ойшылдың саяси көзқарастарына айқын баға беруге болады. Ол қазақ қоғамындағы мәдени-әлеуметтік құндылықтарға, атап айтқанда, білімге, сенімге және адамгершілік қасиеттеріне айырықша көңіл бөлді. Осы құндылықтардың жоғары дамуы үшін қазақ халқы өзге елдердің ең жоғарғы, пайдалы құндылықтарын үйреніп, қабылдауы қерек деп есептеді. Бұл мақсатқа жету күшті биліктің көмегінсіз жүзеге аспайды, себебі тұрақты саяси билік ғана халықтың өзіндік санасын көтеріп бірлікке, татулыққа бастай алады.
Абай билік иелерінің өктемшіл, әміршіл психологиясы мен билікқұмар білімсіз, ақылсыз байлар тобын өз өлендерінде:
«Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын».
-деп қатты сынға алады.
Абайдың ойынша, қазақ қоғамында күшті билік қалыптастырудың өзіндік кедергілері мен қиындықтарды бар, олар: қазақ халқының еркіндігінің, тәуелсіздігінің болмауы; қазақтың салт дәстүріне сәйкес қалыптасқан мемлекеттік басқарудың жойылуы. Ойшыл қазақтың кемеңгер хандары Қасым, Есім және Тәуке қалаған ата-баба заңдарының құндылығына, өзіндік артықшылығына жоғары баға береді. Абайдың ойынша, қазақ халқы үшін жаңа әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дәстүрлі билер сотын сақтап қалу қажет.
Ол үшін қорғаушылар институтын қалыптастыру – билердің әділ, таза сайлау арқылы сайлануы немесе халық ішіндегі әділ, беделді азаматтардың тағайындалуы тиісті.
Абай творчествосында басқа да көптеген ерекше саяси, әлеуметтік ойлар кездеседі, олар: адам дүниетанымы, тұлғаның әлеуметтенуі, өз халқының ерекше қасиеттері және т. б. мәселелер.
Ойшыл тұлғаның әлеуметтік мәнін анықтайтын негізгі екі қасиетті көрсетеді: адамның ақыл-ойы және еңбек қызметі. Осы екі қасиет адамның басқа тіршілік иелерінен өзгешілігін, артықшылығын айқындайды.


  1. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.


Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана зерттемейді. Жоғарыда аталып көрсетілгендей, саясатты философия, әлеуметтану, құқықтану, тарих және басқа ғылымдар да зерттейді. Сондықтан саясат теориясына жататын ғылымдар: тарих – саяси жүйенің өткендегісін зерттейді; философия – табиғат, қоғам және таным дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді; әлеуметтану – қоғамдағы процестерді адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға тигізер әсерін зерттейді. Саясаттану экономикалық теория және құқықтық ғылымдармен де тығыз байланысты. Саяси экономика саяси процестерді экономикалық тұрғыдан зерттей отырып, осы процестердің негізінде әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаса, құқықтық ғылымдар қоғамдағы саяси қатынастардың тәртібін, қызметін реттейді.


Міне, осы аталған ғылымдардың әрқайсысының өзінше ерекше таным салалары мен қырлары бар. Негізінде саясатты кешенді, толық зерттейтін ғылым - саясаттану. Оның ерекшелігі - саяси құбылыстардың ішкі сырын, логикасын, өмірге қажеттілік заңдылықтарын айқындап беретіндігінде.
Саяси құбылыстар мен процестерді зерттеуде саясаттану ғылыми зерттеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады, ол тәсілдер үш топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет