Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін


Бірінші топқа саяси объектіні зерттеудің ерекшеліктеріне бағытталған тәсілдер жатады. Бұл мақсатты іске асырумен әлеуметтік



бет6/6
Дата23.10.2023
өлшемі55 Kb.
#120847
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 1 Саясаттану біліміне кіріспе

Бірінші топқа саяси объектіні зерттеудің ерекшеліктеріне бағытталған тәсілдер жатады. Бұл мақсатты іске асырумен әлеуметтік тәсіл айналысады, ол саясат пен қоғамның өзара әсерін есепке алуға байланысты жүргізіледі. Әлеуметтік тәсіл әлеуметтік факторлардың біріне-бірінің өзара әсер ету жүйесін ашуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, экономикалық ұйымдар,
әлеуметтік теңсіздіктің түрлері, демографиялық факторлар, психология, т.б. саяси жағдайлар (саяси жүйе ұйымдары, сайлау жүйесі, легитимдік билік т.б.). Әлеуметтік тәсіл саяси ғылымның зерттеу саласында жетекшілік роль атқарады.
Осы топқа жататын функционалдық және системалық тәсілдер саяси құрылымдарды басқа да күрделі жүйенің бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін сыртқы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Осы топтың ішіндегі ерекше маңыздысы – бихевиористік тәсіл. Ол саясатты жеке адамдар мен топтардың мінез-құлқын нақты зерттеу арқылы жүргізуге бағыт береді. Бұндай зерттеу эмпирикалық хабар мен мәліметтерге сүйенеді.
Бихевиористік тәсіл төмендегідей негізгі талаптарға сай жүргізіледі:

  • саясаттың басты субъектісі адам екендігі;

  • саяси мінез-құлықтың негізінде психологиялық себептер жетекші роль атқаруы, сөйтіп ол құбылыстың жеке адамның табиғатының ерекшелігін бейнелеуі;

  • саясатта адамдардың мінез-құлқын ескере отырып шешім қабылдау. Өйткені адамдар әртүрлі болғанымен, біріне-бірі ұқсас жағдайларда саяси процеске қатысушылардың мінез-құлқын алдын-ала білуге мүмкіндік береді.

Бихевиористік тәсіл саяси зерттеулерде математикалық санақтарға, статистикалық мәліметтерге, анкеталық және басқа сұрақ-жауаптарға, компьютерлік техникаларды пайдалану мүмкіндіктеріне кең жол ашады.
Бірінші топтың тәсілдерінің ішінен сыншыл-диалектикалық тәсілді еркше атауға болады. Бұл әдістің ең басты құндылығы саясатты іс жүзіне асыруға сын көзбен қарау және талдау. Аталмыш тәсілдің тиімділігін қоғамың плюралистік ұйымдарының барлығы және плюралистік демократияны жақтаушылар түгел қолдайды. Өйткені, плюралистік теория қарама- қайшылықтар принципіне, көп салалы идеялар арасындағы күрес, бәсекеге, құндылықтарды бағалау бағдарына, саяси, экономикалық және мәдени институттарға, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қатынастарына негізделеді.
Саяси ғылымның зерттеу жұмысында екінші топ тәсілдерін қолданбау мүмкін емес. Бұл логикалық тұрғыдан зерттеу әдістері. Оған мынадай тәсілдер жатады: талдау мен синтездеу, индукция мен дедукция, тарихи және логикалық талдауларды ұштастыру, ғылыми эксперимент, модельдер жасау, математикалық, компьютерлік, прогностикалық және тағы басқа тәсілдер.
Тәсілдердің үшінші тобына эмпирикалық зерттеу әдістері жатады. Бұрын аталған тәсілдер сияқты бұл да саясаттанудың жеке иелігіне жатпайды, бірақ оған қызмет етеді. Эмпирикалық тәсілге мыналар жатады: статистика, құжаттарды зерттеу (анкеталық сұрақ-жауап, лабораториялық эксперименттер, саяси ойындар теориясы, нақты бақылау, т.б.).
Сонымен, алуан тәсілді пайдаланудағы негізгі мақсат – түрлі саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде ақиқат білім мен объективті мәліметтер алу. Сайып келгенде, саяси білімдер негізінде саяси ғылым немесе саясаттану
қалыптасты.Олардың объектісі саясат болуы бүкіл әлемдік саяси ғылымда танылып, мақұлданған мәселе.Ал саясаттану саясат туралы ғылым болса, онда
«саясат» дегеніміз не деген сауалдың ұдайы қойылып отыруының өзін білімдегі өте орынды ізденіс деп атап көрсеткеніміз жөн.
«Саясат» дегеніміз не деген сұраққа жауап беру ғылыми тұрғыдан оңай емес, ол үшін саясат туралы түсініктердің негіздерін анықтай білу қажет.
«Саясат» ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің
«politike» ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағнаны білдіреді. «Саясат» деген түсініктің екінші негізі – ғұлама ғалым Аристотельдің «Саясат» деген еңбегінің атымен байланысты. Ол өз заманында лицей оқу орнын ашып,сонда саяси ой- пікірлерді білім ретінде жастарға үйретті. Ойшылдың осы қызметінің нәтижесінде «Саясат» деген еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Аристотель өзіне дейінгі грек полистерінің саяси тарихы мен оның жүйесін терең зерттеген.Осыдан бергі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан саясат туралы мәселелер адамзат ғылымы даму тарихының негізгі салаларының бірі болды. Барлық уақытта қоғамда, әрбір адам өмірінде саясаттың алатын орны мен маңызы айрықша, себебі қоғам өмірінде бірде – бір адам саясаттан тыс болуы мүмкін емес.Көптеген адам күнделікті өмірде бүны байқамауы да мүмкін.Бірақ әрбір жеке адамның өмірі саясатпен тікелей байланысты болады.Кейбіреулер саясат туралы әңгіме бола қалған жағдайда «менің саясатқа ешбір ықыласым жоқ, мен саясатпен айналыспаймын» деп те айтып жатады.Әрине,оларды да дүсінуге болады, себебі саясат көп салалы, көп мағыналы мәселе.Бұл саланы терең де нақтылы білу үшін, осыған негізделген жүйелі білім, жан – жақты дайындық болуы қажет.Бірақ жеке адам саясатқа қандай талғаусыздық көрсеткенімен де ол адам саясаттың шеңберінен тыс бола алмайды.Тіпті әрбір жеке адамның тұрмыс жағдайы да, оның өмір тағдары да саясатпен тікелей байланысты болуы күмәнсіз. Мысалы, ағарту дәуірінде өмір сүрген нидерландық ғалым Бенедикт Спинозаның мынадай сөздері бар: «Мен саясатпен айналыспасам да, бәрібір саясаттан тыс бола алмаймын».
Саясаттың қоғам өміріндегі маңызының орасан зор болуын басқа да көптеген мысалдар дәлелдейді.Мысалы, мынадай пікір білдіретіндер аз емес:
«Экономиканың деңгейі жоғары болса жеткілікті, қалған меселелер өзінен - өзі шешіліп жатады.Сондықтан саясаттың басқалар үшін де, мен үшін де аса маңыздылығы да, қажеттілігі де жоқ». Ал елде экономиканың дамуы нәтижелі болмай, құлдырауға ұшырап, оның деңгейі өте төмен болса бұл жағдай үшін экономиканы кінәлауға болар ма еді? Әрине, бұған экономиканың өзі кінәлі бола алмайды.Эконмикада береке болмай жатса, оған кінәлі саясат. Экономиканы нәтижелі ұйымдастыру жөніндегі саясаттың дұрыс жолға қойылмауы.Сонымен қалай айтсақ та, бастаушы, анықтаушы роль саясатта болып отыр.
Бұл жөнінде басқа да мысалдар келтіруге болады. Мысалы, қазіргі кезеңдегі әртүрлі мемлекеттердің өркениетті деңгейге жетуі олардың табиғат жағдайына, жер байлығына ғана емес – олардағы мемлекетті басқару шеберлігімен, экономиканы ұйымдастыру саясатын дұрыс жолға қоюмен тығыз байланысты.
Сайып келгенде, саяси ғылым саясат ұғымына мынадай анықтама береді: саясат дегеніміз мемлекет және қоғамның іс - қимылының түрі, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, өкіметтің мүддесін іске асырудағы саяси қарым- қатынастары.
Саясаттың ең басты міндеттері – мемлекет қалыптастыру, қабылданған заңдар, ұйымдастырылған экономика арқылы барлық қоғам мүшелерінің әлеуметтік, тұрмыстық, рухани өмірін қамтамасыз ету.Ал осы міндеттерді кімдер дұрыс жолмен іске асыруы тиісті? Бұл саладағы қызметкерлерді саяси әдебиетте қолданатын термин бойынша саяси субъекттер деп аталады. Бұлар: саясатшылар, мемлекет жүйесіндегі қызметкерлер, депутаттар, әр саладағы мамандар, кәсіпорын басшылары. Саяси субъекттерге жеке тұлғалардан басқа әртүрлі саяси топтар мен ұйымдар жатады.Мысалы, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, оппозициялық топтар, сайлау жүйелері.
Сонымен, қоғамның берекелі өмірі, сау –салауаттылығы саясатпен тікелей қатысты болса,саясаттың нәтижелілігі саяси субъекттердің іс - қимылдарына байланысты.
Осы себептерден туындайтын әрбір қоғамның мақсаты мен мүддесі – саяси субъекттердің сапалы құрамын қалыптастыру.Бұлардың сапалы болуына бірінші кепілдеме – саяси білім. Саси білім басты екі негізден қалыптасады. Біріншісі, дүние жүзіндегі саяси саладағы қалыптасқан тәжірибе. Екіншісі, саяси білімнің (ғылымның) теориялық негізі. Саяси тәжірибе дейтініміз – саяси салада қалыптасқан саяси процестер.Мысалы, демократия, саяси билікті қалыптастыру жолдары, заң қабылдау мәселелері, мемлекет басқару түрлері, жеке адамның құқығы мен бостандығы, оппозиция мәселелері және т.б. Саяси процестер дегеніміз қоғамда қалыптасқан саяси- әлеуметтік жүйелер.
Әрбір саяси процестің өз саяси институттары болады. Мысалы, демократияның саяси институты – парламент, жергілікті атқарушы биліктің саяси институты – әкімдіктер, жергілікті сайланатын биліктің институты - мәслихат. Саяси институт – саяси процестің мекемелер жүйесі, уәкілі. Саяси процестерді сапалы деңгейде дамытудың негізгі шарты – саяси субъекттердің саяси білімі мен тәжірибелігі. Ғұлама ғалым Платонның айтқанындай,
«Мемлекеттің сапасы қоғамдағы адамдардың сапасымен байланысты. Сол себептен саясаттың басты міндеті – білімді адамдар дайындау және оларды тани білу».Ұлы ойшылдың бұл қағидасы – саяси субъект болу үшін ғана емес, саяси субъектіні түсіну, оларды билікке ұсыну үшін әрбір азаматқа саяси тәжірибе, білім қажет деген ой болып табылады.
Саяси білімнің екінші бастауы – ол теориялық негізі. Жоғарыда аталған саяси процестер тек ғана тәжірибе арқылы, практикада қалыптасқан құбылыстар емес. Әрбір саяси процестің негізі – теория. Саяси ғылымның күрделі теориялық құбылыс екендігін айқындайтын саяси саладағы бүкіл әлем ғалымдары мен ойшылдары танып, мойындаған саяси білім үлгілері. Әрбір саяси процесс – ғалымдардың, ойшылдардың идеяларына, тұжырымдамаларына негізделіп саяси ғылым қазіргі даму дәрежесіне жетіп отыр.
Саяси ғылымның теориялық негіздері билік пен азаматтардың әлеуметтік, мәдени өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан тәжірибе мен рухани қазыналардың жинағы. Саяси жүйенің шеңберінде қызмет ететін субъекттердің саяси мәдениеті осы құндылықтар арқылы анықталады.Саяси іс- қимылдардың сапалы болуы үшін саяси субъекттердің саяси мәдениеті жоғары болуы қажет.
Қорыта келгенде, саясаттың тарихи- теориялық және қазіргі кезеңдегі ғылыми негіздері – көне заманнан бергі қалыптасып келе жатқан саяси білімдер жүйесі. Саяси ой-пікірлердің, ілімдердің бүгінгі күнге дейінгі тарихи қалыптасуы туралы мәліметтер осы оқу құралының әрбір тарауындағы тақырыпқа сәйкес беріліп отыр.
Семинар тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап:


1. Дінтанушы мен исламтанушыға Саясаттану пәні не үшін қажет?


2. Саясаттану деген не?
3. Мифологиялық кезең қандай кезең?
4. Діни кезең деген не?
5. Рационалдық кезең деген не? Ол немен ерекшеленеді?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет