Мифтік және ғылыми түсінік беру: топан су Мулюкова Мадина



Дата30.07.2023
өлшемі8,25 Kb.
#104913
Байланысты:
үй тапсырмасы Мулюкова М(2)


Мифтік және ғылыми түсінік беру: топан су
Мулюкова Мадина
4-курс, Ғылым және технологиялар мектебі
Ақырзаман, қиямет күні туралы мифтер мен аңыздар ежелгі халықтардың мәдениеттерінде өте кең таралған. Біз адам күндерінің соңы туралы бейнелерді түрлі көріністерде, мекендерде, жағдайларда, уақытта және әртүрлі кейіпкерлермен сиппаталатынын көреміз. Дегенмен, көптеген танымал мифтердің ұқсастығы да бар. Ол ақырзаманның себебі.
Біз авырайымның діни ағымдарының қасиетті мәтіндерінде сипатталған аңыздар мен мифтерді танымал мифтердің ішіне жатқызамыз. Мысалы, көптеген адамдарға әйгілі Нұх кемесі туралы әңгіме мұндай діни мифтерінің бірі (Жанайдаров О., 2014). Бұл діни мифтің желісі бойынша адамзат өз күнәләрдің кесірінен Көктегі жазаға ие болып, дүниені топан суға аударып алған (Әбжет Б., Боранбаев С., Жұмашова Ж., 2019). Осылайша, мұндай мифтердің басты мақсаты адамдарды күнә жасамау үшін қорқыту екен. Мұндай топан су туралы сюжеті басқа да ақырзаман мифтердің желілерінде жиі кездеседі.
Ислам таралғанына дейін ежелгі түріктерде топан су туралы ойдар ерекшеленді. Олардың мифтері бойынша топан суынан құтқарған адамның кемесі қазіргі Шымкент қаласының аймағындағы орналасқан Қазығұрт тауларда тоқталған. Сонымен қатар, бұл мифтерінің желісінде басты кейіпкері емес, орын алатын апатты оқиға баяндалады(Әбжет Б., Боранбаев С., Жұмашова Ж., 2019). Сондай-ақ, топан су мен көктегі жаза туралы мәліметтер Жайық хан туралы алтай мифтерінде де бар (Жанайдаров О., 2006). Мұнда аспан адамдарды күнәлары үшін табиғат апаттарымен жазалаған. Осылайша, су тасқыны туралы мифтердің әртүрлі сюжеттер, әр түрлі қаһармандар болуы мүмкін, бірақ олардың бір мақсатта пайда болғанын көреміз: адамзатты зұлымдық тараудан құтқаруға қызмет ету.
Су тасқыны туралы аңыздардың прототипі ежелгі дәуірдегі жойқын цунами болды. Мұндай цунами өлімге әкеліп соқтырды, айналасында қиратулар әкелді (Худяков Ю., 2009). Цунами ауқымды және сөзсіз, бақылаусыз және күтпеген табиғи құбылыс болғандықтан, сол замандарда мұндай оқиға тек Жаратушының еркімен болуы мүмкін деп болжау қисынды болған. Ол кезде адамдарға белгілі бір табиғи апаттарды түсіндіретін ғылым құпиялары қол жетімді болмады. Адамдар мұндай маңызды оқиғалар өздігінен болуы мүмкін деп болжай алмады.
1. Әбжет Б., Боранбаев С., Жұмашова Ж. Топан су жайлы байырғы түркілердің мифтік аңыздары – 2019.
2. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан мифтері. Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2006.
3. Жанайдаров О. Қазақ жерінің жүз аңызы.Алматы: «Сораба» қоғамдық қоры. 2014
4. Худяков Ю. Сведения о крупных землетрясениях и цунами, происходивших в древности и на рубеже средневековья в восточном средиземноморье. – Новосибирск: «Вестник НГУ» ғылыми журналы, 2009.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет