Микркезз алматы


 Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

1. Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері
XIX 
ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың  басындағы  казақ 
өлкесінің элеуметтік-экономикалык емірінде  болған  езгерістер ескі 
калалардың  өсуімен,  жаңа  калалардың  пайда  болуымен,  эсіресе, 
олардың  ірі  әкімшілік  орталықтарына  айналып  қана  қоймай,  олар- 
ды мекендеген халықтың шаруашылығында жэне мэдени, қоғамдық 
өмірінде  үлкен  рөл  аткаруымен  сипатталды.  XX  ғасырдың 
басында-ақ  Қазакстан  көпұлтты  елге  айналды  да,  ғасыр  басында 
Қазақстанның  негізгі  аумағы  алты  облысқа  бөлінді:  Сырдария  мен 
Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы
— Ташкент қаласы), ал  Ақмола, Семей,  Орал,  Торғай  облыстары
Дала  генерал-губернаторлығының  құрамына  кіргізіліп,  Ішкі  (Бө- 
кей) ордасының аумағы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау За-
каспий облысына қаратылды.
Осы  кезеңде  Ресей  империясының  ішкі  губернияларынан  көші-
кон ағынының дамуы нэтижесінде Қазақстан халкының тез өскендігі
де  аңғарылды.  Оған  дэлел:  Ресей  империясының  бірінші  жалпыға
бірдей санағынан кейінгі алғашкы екі онжылдықта (1897 
1917 жж.)
Қазакстан  халқының  саны  4147,7  мың  адамнан  5045,2  мың  адамга,
демографи
Ф
рларды  аңғаруға  болады.  Өлкенің  сол  кездегі  негізгі  алты  облысы 
бойынша  1897— 1906  жылдарда  жалпы  алғанда  бір  мың  адамға
халыктың  табиғи  өсімі  11,3%,  ал  1907— 1916  жылдарда 
15,3
Акмола облысы  бойынша орыстар  мен украиндардың үлес салмағы
1897  жылы  33,0%  1917  жылы  55,7%  дейін  өскен  де,  осы  екі  онжыл- 
дық  ішінде халыктың табиғи  өсімі  38,9% болған,  Ал,  қазақтары  ба- 
сым  облыстарда  табиғи  өсімнің  едэуір  томен  болғаидығы  көрінеді.
183

Жетісуда —  25,7%, Сырдарияда —  25,6%, Оралда —  20%, Семейде —  
15,6%.  Сөйтіп,  Қазақстанның байырғы  халқының үлес  салмағының 
азаюына ғасырдың басында орыстардың,  украиндардың жэне басқа
да  ұлт  өкілдершің,  империяның  ішкі  аимақтарынан  жаппаи  қоныс 
аударуының қатты  эсер еткендігін аңғаруға болады.
Ал,  жалпы  алғанда,  XX  ғасырдың  басында  қазақтар,  орыстар, 
украиндар  бүкіл  өлке  халқының  87%-ынан  95%-ына  дейін  құрады 
да,  өлкеде бұлардан  басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер,  мордвалар 
жэне басқа да ұлт өкілдері  қоныстанды.
Ерекше назар аударатын тағы бір жайт —  ол өлке тұрғындарының 
90%-ынан  астамының ауылдық жерлерде  қоныстануы еді.  Олардың 
негізгі кэсібі ежелден келе жатқан мал шаруашылығы болатын. Соны- 
мен қатар, XX ғасырдың басында егіншілік халықтың көп  белігінің 
негізгі кэсібіне айналды. Қоныс аударған орыс шаруаларынан баска, 
егіншілікпен  жергілікті  қазақтар  да  айналысты.  1897  жылғы  санақ 
бойынша, өлке халқының 55,4%-ы егіншілікпен шұғылданған.
Сонымен,  XX  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  элеуметтік-демогра- 
фиялық  ахуалға  талдау  жасаған  кезде,  жалпы  өлкедегі  патшаның 
отарлау  саясатының  кең  белең  алғандығын  еркін  аңғаруға  бола- 
ды:  біріншіден,  өлкедегі  халықтың  көпұлтты  құрамының  калып- 
тасу  үрдісі  күшейе  түсті;  екіншіден,  байырғы  халықтың  ү'лес 
салмағы  кеміді  де,  келімсек  халықтың,  негізінен  алғанда,  орыстар 
мен  украиндардың  үлесі  өсті;  үшіншіден,  қалалар  мен  олардағы 
халықтың біршама өсуі байқалып, оның құрамында метрополияның 
басқа  аймақтарынан  келген  қоныс  аударушылар  мен  отаршылдық- 
экімшілік  пен  кэсіпкерлікке  байланысты  әлеуметтік  жіктер  мен 
топтардың басымдылығы толық аңғарылады.
XX 
ғасырдың  басында  Ресей  патш алығының  отары  ретіндегі 
Қазақстанда негізінен өнеркэсіптің екі  саласы, яғни тау-кен ендірісі 
мен  кен-зауыт  енеркэсібі,  сондай-ақ,  ауыл  шаруашылығы,  оның 
ішінде  мал  өнімдерін  ұқсату  жөніндегі  енеркэсіп  жатқызылды. 
Әсіресе,  тау-кен  енеркэсібі  түсті  металдар  мен  темірдің  бай  кен 
орындарын  пайдаланып  жатқан  Алтай  мен  О рталық  Қазақстанда 
еркендеді.  Бірақ,  ғасыр  басында  мыс,  алтын,  темір  жэне  басқа 
қазба  байлықтарын  шығаратын  еліміздің  тау-кен  кэсіпорындары, 
негізінен,  шетелдік  акционерлік  қоғамдардың  колына  кешті.  Мы- 
салы,  1904  жылы  Лондонда  пайда  болған  Спаск  мыс  кендерінің 
ағылшын-француз  акционерлік  қоғамы  Спаск-Успенск  мыс  кені 
мен  зауытын,  Саран-Қарағанды  тас  кемір  кенін  жэне  рудниктерін 
түгелдей  сатып алып, пайдаланды.
184

Қазак  өлкесінің  ғасыр  басындағы  тау-кен  өнеркэсібінің  басты 
салаларының  бірі  алтын  шығару болды.  Сонымен  қатар,  Екібастұз- 
да,  Қарағандыда,  Саранда  көмір  кен  орындары  мол  пайдаланылды. 
Өндірілген кемір темір жолмен жэне су жолдарымен Ресейдің Пермь 
губерниясына,  Омбы  мен  Барнаулға,  сондай-ақ,  өлкенің  Павлодар, 
Қызылжар жэне басқа да калаларына жеткізіліп отырды.
Осы  кезеңде  Батыс  Қазақстан  өңірі  мен  Орал-Ембі  аймағында 
мұнай шығару өнеркэсібі де біршама дамыды. Бірақ, ол кэсіпорындар 
толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала берді. Тек,  1912—  
1914  жылдардың  өзінде  ғана  ағылшын  капиталистеріне  қарасты 
«Батыс-Орал  мұнай  қоғамы»,  «Орал-Ембі  қоғамы»,  «Солтүстік Ка-
спии  мұнаи  компаниясы»  өлкенщ  арзан  жұмысшы  күшш  паидала- 
нып, бэсекелестіктің болмауына байланысты мұнайдың мол бай кен 
орындарын  жыртқыштыкпен  пайдалана  отыра,  өздеріне  өлшеусіз,
үшантеңіз паида экелш жатты.
Осындай  себептерге  байланысты,  Қазақстанның  кен  енеркэсібі 
бұл кезеңде жергілікті капитал негізінде есіп шыққан жоқ. Оны сырт- 
тан келген орыс жэне шетел капиталы жасады. Оның енімі түгелдей 
дерлік  елкеден  тыс  жерлерге  экетілді,  ал  пайда  XX  ғасырдың  ба- 
сынан  бастап  шетелге  кетіп  жатты.  Осының  бэрі  кен  енеркэсібінің 
Қазақстанның  элеуметтік-экономикалык  есуіне  ықпалын  күрт 
кемітті.
Өлке  өнеркэсібінің біршама  есу жолын тұтас  алып  қарастырар 
болсак, мұнда ауыл шаруашылык шикізаттарын еңдейтін кэсіпорын- 
дарды  атап  айтсақ, теріден  былғары  жасайтын,  май  шыжғыратын, 
сабын кайнататын, арақ, спирт шығаратын, май шайқайтын жэне т.б. 
кэсіпорындардың  белгілі дэрежеде рел атқарғандығы  байқалды.
XX 
ғасырдың басында да  Қазақстанның  орталық аудандарының 
капиталистік  енеркэсібінің  шикізат  кезіне,  сондай-ақ  енім  еткізу 
рыногына  айналуында  темір  жолдардың  салынуы  маңызды  рөл 
атқарды.  Өйткені,  олар  бір  мезгілде  артта  қалған  отар  аудандары- 
на,  ең  алдымен  Орта  Азия  мен  Сібірге  Ресей  капитализмінің  ену 
құралына  айналған  болатын.  Ал,  шын  мэнінде,  Орта  Азия  мен 
Қазақстанды  Ресейдің экономикалық игеруі осы аумақтардың терең 
түкпіріне  темір  жолдар  салудан  басталган  еді.  Темір  жол  желілері 
Қазақстан  аумағында  XIX  ғасырдың  аягы  мен  XX  гасырдың  басы- 
нан  ірі  темір  жолының  салынуына  байланысты  тартыла  басталды. 
Революцияға дейінгі  Қазақстанның негізгі  ірі Сібір темір жол желісі 
1901— 1905  жылдары  салынган  Орынбор-Ташкснт  жолы  болды. 
Сонымен  қатар,  ғасыр  басы^гда  Троицк,  Алтай  жәнс  Жстісу  темір
185
198-13
\

жолдарын  салу  жұмыстары  дами  түсті.  Әрине,  өлкенің  элеуметтік- 
экономикалық  өмірінде  жол  қатынастарының  дамуы  маңызды  рөл 
атқарды.  Әсіресе,  олар  сауданың  өркендеуіне  ез  ыкпалын  тигізді. 
Бұл  темір  жолдар  елкені  Ресейдің  енеркэсіп  орталықтарымен  бай- 
ланыстырып,  оны  жалпыресейлік  экономикалық  нарыққа  тартты. 
Қазакстанның  эртүрлі  енеркэсіп  шикізаттары,  мал  шаруашылығы 
енімдері,  мал,  астық  сыртқа  шығарылып,  елкеге  фабрика-зауыт 
бұйымдары,  тағы  да  басқа  қажетті  тауарлар  экелінді.  Сонымен 
қатар,  қазақ  даласында  пайда  болған  темір  жол  станцияларына 
сол  кезеңде  халықтың  біршама  кеп  шоғырлануына  байланысты 
олар  елкенің  элеуметтік-экономикалық жэне  саяси-мэдени  емірінің 
ошақтарына  айнала  бастағанын  кереміз.  Осы  кезеңде  ірі  темір  жол 
станцияларындағы  халықтың  саны  бірнеше  мың  адамға  жетті.
Мысалы, 
1916  жылы  Орынбор  станциясында  —   9720,  Актебеде 
- -   3263,  Шалкарда  —   5300,  Қазалыда  —   3600,  Перовскіде  —   1852, 
Түркістанда  —   2984  адам  түрды.  1906— 07  жылдары  Петропавл 
(Қызылжар) станциясындағы түрғындардың саны  3  мыңнан  асқан.
Сейтіп,  осы  кезеңде  елкедегі  енеркэсіптің  біршама  дамуы, 
темір  жолдардың  салынуы,  су  жолдарының  пайдалана  бастауы  —  
Қазақстанда  жалпы  жүмысшы  табын  қалыптастырудың  бірден-бір 
элеуметтік-экономикалық негіздерін  қалауға  себеп  болды.  Өлкедегі 
мүндай  өзгерістер  ғасыр  басында  одан  эрі  дами  түсті.  Мысалы, 
1913  жылғы  елкедегі жүмысшылар саны  75  мың адамға дейін жетті. 
Сонымен  қатар,  Қазақстанда  51  мың  жүмысшы  еңбек  еткен  675 
фабрика-зауыт  кэсіпорындары  болды  да,  ол  жүмысшылардың  28 
мыңға  жуығы  ірі  енеркэсіп  орындарында  істеді.  Тек  теміржол  мен 
су  жолдарында  25  мыңнан  астам  жүмысшы  еңбекпен  қамтылды. 
Ал, бірінші  дүниежүзілік соғыс жылдарында жүмысшылар саны  ірі 
енеркэсіп  орындары  мен транспортта есе түсті.  Сейтіп,  1917  жылғы 
Қазан  теңкерісі  түсында  Қазақстандағы  жүмысшылардың  жалпы 
саны  90  мыңға жетті.
Бірақ,  жергілікті  казақ  жүмысшылары  кебінесе  маусымдық 
жүмыстарға  ғана тартылып,  кэсіби  мамандықтарының  болмауынан 
түрақты  жүмыстармен  камтылмады.  Түрақты  жүмыспен  тек  темір 
жол желілері мен тау-кен ендіріс орындары ғана біршама қамтамасыз 
ете алды. Сейтіп, елкедегі тау-кен өндірісі, зауыт кэсіпорындары мен 
транспортта ғана жүмысшылардың шоғырлануы  жоғары  болды.
Соған  карамастан,  элеуметтік  түрғыдан  елкенің  енеркэсіп 
жүмысшыларынын  жағдайы  Ресейдің  енеркэсібі  дамыған  аудан- 
дарымен  салыстырғанда  элдеқайда  ауыр  болды.  Оған  кэсіпорын
186

кожайындарының 
өктемдігімен 
белгіленген 
жүмыс 
күнінің 
ұзақтығы  себеп  болды.  Мысалы,  Ембінің  мұнай  кэсіпорындарында 
12
  сағатқа  дейін,  алтын  өндірілетін  кен  орындарда  10— 12  сағат, 
тұз  өндірілетін  кэсіпшіліктерде  14— 16  сағатқа  дейін  созылды. 
Міне,  осындай  элеуметтік  теңсіздіктердің  басымдылығын  керген 
және  кәсіп  иелерінің  өздеріне  алалаушылық  жасап,  құқықтарынан 
айыру  шараларын  басынан  өткізген  қазақ  жұмысшылары  ерек- 
ше  ауыр  жағдайда  болды.  Осының  бэрі  күрделеніп  келіп,  қазақ 
жұмысшыларын  ездерінің  элеуметтіқ-экономикалық  жэне  қо- 
ғамдық-саяси 
жағдайларын 
жақсарту  мақсатындағы 
күреске 
итермеледі.
Жалпы  Қазақстан  еңбекшілерінің  саяси  оянуына,  елкедегі 
отаршылдык  езгіге,  элеуметтік  теңсіздік  пен  қанаудың  басқа  да 
түрлеріне  қарсы  ұлт-азаттық,  жұмысшылар  мен  шаруалардың 
бостандығы  жолындағы  қозғалыстардың  ерекше  серпін  алуы- 
на,  эрине,  патшалық  Ресейдегі  1905— 07  жылдарда  еткен  тұңғыш
буржуазиялық-демократиялық  революцияның  ықпалы  зор  болды. 
Біріншіден,  өлкенің  экономикалық  жэне  саяси  дамуы  дэрежесінің 
салдарынан  жұмысшы  қозғалысы  ерістеді.  Екіншіден,  оған 
өнеркэсіп  пен  қала  жұмысшылары  қатысты.  Үшіншіден,  аграрлық 
қозғалыстар,  негізінен,  қазақ  ауылдарының,  коныс  аударған 
деревнялардың,  еңбеккерлер  топтарының  іс-эрекеттерінен  керінді. 
Төртіншіден, ұлт зиялылары  қоғамдык-саяси  жұмысқа белсене  ара- 
ласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға кетерді.
Сейтіп,  1905— 1907  жылдарда еткен  Қазақстандағы  жұмысшы 
козғалысы  езінің саяси  дамуының жаңа  кезеңіне  кадам  басты.  Қа- 
зақ даласында осы  жылдары  Ресейдегі революциялық процестердің 
жалпы  барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар са- 
яси жэне экономикалык толқулары болып өтті. Оларға  1905 жылдың 
желтоқсанында  Успенск  мыс  руднигіндегі,  1907  жылдың  маусым 
айында  Спасск  мыс  қорыту  зауытындағы,  Қарағанды  кендеріндегі, 
сондай-ақ,  Семей,  Орал,  Ақтөбе,  Верный,  Қостанай  жэне  басқа  да 
калалардың  кэсіпорындарындағы  өткен  ереуілдерді  жатқызуға  бо-
лады.
Ресей  империясындағы  1905  жылғы  калыптасқан  саяси  ахуал
қазақхалқыныңазаттыққозғалысыныңжаңасатыға көтерілу ксзсңін
бастап берді.  1905 ж. саяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ 
даласына  жетісімен,  Ә.  Бөкейханов  атап  көрсеткендсй,  «бүкіл  дала 
саясат аясынатартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны қүрсауына 
енді».  Сол  кезеңдегі  экімпіілік  орындарына  түскен  мэлімсттердің
187
\

бірінде:  «Патша  үкімдерінің  жариялануынан  бері  карай  қырғыз
сала
бастады.  Сауаты  барларының  көпшілігі  астаналық  газеттерді 
жаздырып  алуда.  Қырғыздар  арасында  бұрын-соңды  болмаған 
құбылыстар  байқалуда»  —   делінген.  Қазақ  даласында  байқалған 
мұндай  құбылыстардың  бірі  өлкенің  барлық  елді  мекендерінде 
қазақтардың  үлкенді-кішілі  жиылыстарының  еткізіле  бастауы  еді. 
Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының кеқейтесті  мұқтаждықтары 
талқыланып,  ол  женінде  орталық  үкімет  орындарына  тапсыруға 
петициялар  эзірленді.  Осылайша  қазақ  даласындағы  саяси  күрес 
патшаға,  орталық  билікке  петиция  жазып  тапсыру  түрінде  керініс 
ала  бастады.  Қазақтардың  орталық  билік  орындарына  тапсырған 
петицияларында  жерді  тартып  алуға,  салықтың  ауырлығына, 
төменгі  басқару  органдары  мен  патша  чиновниктерінің  тарапынан 
озбырлық, қиянат,  қоқанл> >қы жасалуына наразылық білдірілді. Со- 
нымен  бірге  ездерінің  діни  істерін  Орынбор  муфтилігіне  қарату, 
қазақ  арасында  оқу-ағарту  ісін  ретке  келтіру  жэне  елкеге  земство 
енгізу сүралды.
Отарлықтэуелдіктегі қазақ елінің мүң-мүқтажын білдірген пети- 
цияларды  жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі  1905 ж.  кектем 
айларында-ақ  қолға  алынған  болатын.  Мэселен,  1905  ж.  сэуірдің 
2-інде Ақмола қаласындағы Халфин деген қазақ саудагерінің үйінде 
жиылыс  етіп,  Петерборға барып  петиция  тапсыру  үшін  арнайы  де- 
легация  сайлап  жіберу  мэселесі  қарастырылған.  Ақмола  қаласында 
еткен  осы  жиылысқа  экімшілік  орындарында  тілмаштық  қызмет 
атқарған  Серкебаев,  Кенжебаев  жэне  Сатыбалдиндер  басшылық
жасаған.
Қазақ  даласынан  петициялар  арнайы  делегация  жіберу  арқылы 
да, сонымен бірге жеделхатпен де жолданған.  Петицияларды жазып 
дайындау ісінің басында негізінен сан жағынан аз болғанымен, саяси 
күрес  қазанында  қайнап,  жаңадан  қалыптасып,  тез  ысыла  бастаған 
үлттық  интеллигенция  екілдері  түрды.  Ол  жөнінде  М.  Дулатов: 
«1905  жылдан  бері  қазақ  жүрты  да  баскалардың  дүбіріне  елеңдеп, 
үлт  пайдасын  қолға  ала  бастады.  Сол  бостандық  жылдарында  Се- 
мей  облысының  оқыған  басшылары  көзге  керікті  іс  қылып,  жүртқа 
кесемдікпен  жол-жоба  көрсеткені  үшін  алды  абақтыға  жабылып, 
арты  айдалып,  қалғандары  сенімсіз болып  қалды”,—  деп жазды.
1905  жылы  Семей  облысы  Қарқаралы  уезінің  Қоянды  жэр- 
меңкесінде  14,5  мың  адам  кол  қойған  Қарқаралы  петициясына 
Ә.Бекейхановтың,  А.Байтүрсыновтың,  Ж.Ақбаевтың  катысы  бол-
188

ған.  Осы  петиция  туралы  жэне  оны  дайындап,  көптеген  адамдарға 
қолдатудағы  Ахмет  Байтұрсыновтың  ерекше  еңбегін  жоғары
бағалаған  М.Әуезов  1923  жылы  жазған  “Ахаңның  елу  жылдык 
тойы” деген макаласыңда: “ 1905  жылы Қарқаралыда Ахаңмен  басқа 
да  оқығандар  бас  қосып,  кіндік  хүкіметке  қазақ  халқының  аты- 
нан  петиция  (арыз-тілек)  жіберген.  Ол  петицияда  аталған  үлкен 
сездер;  бірінші  —   жер  мэселесі.  Қазақтың  жерің  алуды  тоқтатып, 
переселендерді  жібермеуді  сұраған.  Екінші  —   қазақ  жүртына  зем- 
ство  беруді  сүраған.  Үшінші  —  отаршылардан  орыс  қылмақ  саяса-
қүтылу
муфтиге
ларды  тілек  қылған  ірі  мэселелер  осы.  Ол  күндегі  ой  ойлаған  қазақ 
баласының  дертті  мэселелері  осылар  болғандықтан,  Ақандар 
бастаған  іске  қыр  қазағының  ішінде  тілеулес  кісілер  көп  шыққан, 
көпшіліктің оянуына себепші  болған”,—  деді.
Қазақстандағы  революциялық  қозғалыстың  біршама  өрлеуі 
1905  жылдың  қазан-қараша  айларында  өткендігі  тарихтан  белгілі. 
Өйткені,  бүл  кезде  17  қазандағы  патша  Манифесінің  жарияла- 
нуы  Қазакстанның  көптеген  қалаларында  көп  адам  катысқан 
жиылыстарға,  демонстраңияларға  жэне  халықтың  қалың  тобының 
бой  көрсетулеріне  үштасқан  болатын.  Бүл  туралы  Әлихан 
Бөкейханов  былай  деп  жазды:  «Қазақтардың  жүріп-түруы  арқа- 
сында  Манифест  қысқа  уақытта  бүкіл  даланың  қолына  тиді.  Жер- 
жерде  казақтар  үлкенді-кішілі  съездерге  жиналды...  Манифесті 
оқыды,  оны  түсіндірді,  болашақтағы  Мемлекеттік  Дума  сайлауы 
туралы  мэселелерді  талқылады.  Облыстың  ең  алыс  түкпірлерінен 
қазақтар  топ-топ  болып  қалаларға  барды,  онда  қала  түрғындары 
үйымдастырған  қалалық митингілерге қатысты.  Орыстар, татарлар, 
сарттар мен  қазақтар бір туысқан от басына қосылып  кетті».
Қазак 
үлт 
зиялыларының 
қоғамдық-саяси 
қызметіндегі 
белсенділігі де арта түсті. Олар  1905 жылдың желтоқсанында Орал- 
да бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін еткізіп, ез пар-
тиясын —  Ресей  конституциялық-демократиялық (кадет)  партиясы- 
ның  бөлімшесін  күруға  эрекет  жасаған  болатын.  Ондағы  мақсат
—   17  қазанда  жарияланған  патша  Манифесі  берген  бостандықтар 
шеңберінде  қазақтардың  үлттық  мүддесін  қорғау  еді.  Осыған  бай- 
ланысты  1906  жылдың  ақпанында  Семейде  қазақтардың  екінші 
съезі  өткізілді.  Ол кадеттерге жақын  багдарламаны  мақүлдады.  Со- 
нымен  қатар,  оған  елкеге  шаруалардың  қоныс  аударуын  тоқтату, 
Қазақстанның  барлық  жерін  байырғы  халықтың  меишігі  деп
189

тану,  ұлтты қ  мектептер  ашу,  тағы  басқа  да  талаптар  енгізілді. 
Олардың  басында  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Тынышбаев, 
М.Шоқаев,  М.Дулатов,  Б.Қаратаев  жэне  казақ  зиялыларының 
басқа  да  көрнекті  қайраткерлері  жүрді.  Сондай-ақ,  олар  дін  ұстану 
бостандығын  жақтап,  эсіресе,  үкімет  пен  жергілікті  органдардың 
мүсылман  дініне  қарсы  шараларына  наразылық  білдірді.  Ұлттық 
мэдениетті дамытуды, сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін басқа 
тілдермен  тең  қолдануды  талап  етті.  Міне,  осыған  орай  мүсылман 
дінбасыларының  ықпалы  күшті  болған  Семейде,  Петропавлда, 
Ақмолада, Верныйда жэне т.б. қалаларда діни үйымдар пайда болды. 
Өлке мүсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науканы 
кеңейе  түсті.  Жалпы,  мүсылман  қозғалысы  түрік  халықтарының 
Ресей 
империясы 
қүрамындағы 
автономиясы  жэне  мэдени- 
автономиялық дамуы туралы мэселе көтерді.
Сонымен  қатар,  осы  кезеңде  Қазақстан  халқының  саяси  ой- 
өрісінің  дамуында  Мемлекеттік  Думаға  сайлау  жүргізу  науқаны 
маңызды рел  атқарып,  онда  қазақ зиялыларының  көптеген  өкілдері 
белсенді  қызметімен  қөрінді.  Мысалы,  1905  жылдың  6  тамызында 
Мемлекеттік Дума жөніндегі патша Манифесі қазақ еліне де депутат 
сайлау  күқығын  берген  болатын.  Бірақ,  бүл  күқықтың  жартыкеш- 
тігі  байқалды.  Өйткені, депутаттарды сайлау барысында үлттардың 
ара салмағы есепке алынбады. Сондықтан, қазақ зиялылары мүндай 
эділетсіздікті  түзетуге  біршама  эрекет  жасап  көрді.  Нэтижесінде, 
қазақ  халқы  Мемлекеттік  Думаға  эр  облыстан  бір  депутаттан 
ғана  сайлау  қүқығына  ие  болды.  Сөйтіп,  Қазақстаннан  бірінші 
Мемлекеттік  Думаға  барлығы  9  депутат,  оның  ішінен  4  миллион 
қазақ халқынаң 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов 
жэне Б.Қүлманов  сайланды.  Олар Дума жүмысына  мүсылман  депу- 
таттары фракциясы қүрамында қатынасты. Бүл фракцияның заң жо- 
басы  ретінде  дайындаған  ең  басты  қүжаты  аграрлық  мэселеге  бай- 
ланысты  еді.  Мүсылмандар  фракциясы  жер мэселесіндегі  аграрлық 
түжырымдаманы  мүсылмандар  партиясының  бағдарламасы  негі- 
зінде үсынды.
Ал  барлығы  72  күн  ғана  жүмыс  жасаған  бірінші  Мемлекеттік 
Дума  1906  ж.  9-шілде  күні  үкімет  шешімімен  таратылды.  Дэл  сол 
күннің  кешінде  Думадағы  оппозицияның  182  өкілі  (кадеттер,  тру- 
довиктер, меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, 
Манифест дайындап,  оған өздерінің қолдарын  қойды.  Олардың ара- 
сында Ә.Бөкейханов та  бар  еді.  Сол  үшін  ол  келесі  Думаға  сайлану 
қүқығынан  айрылып  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге  жауапқа  тар-
190

тылып,  абактыда отырып  шығады.  Сөйтіп,  халык бұқарасының  на- 
зарын  алаңдату үшін  шакырылған  бірінші  Мемлекеттік Дума оның 
үміттерін  актамады,  ал  оның  мінберін  партиялар  ез  мақсаттарына
пайдаланды.
Екінші  Мемлекеттік Думаның сайлануына келер  болсак,  ол  1905 
жылдың  6 тамызындағы  жэне  11  желтоксанындағы  сайлау заңдары 
негізінде  өткізілді.  Думаға  Қазакстаннан  14  депутат,  олардың  6-ы 
казак  ұлтының  өкілдері:  молда  Ш.Қосшығұлов  —   Акмола  облы- 
сынан,  би  Х.Нүрекенов  —   Семей  облысынан,  адвокат  Б.Қаратаев
—   Орал  облысынан,  сот  тергеушісі  А.Бірімжанов  —   Торғай  об- 
лысынан,  Т.Алдаберғенов  —   Сырдария  облысынан,  катынас 
жолдары  инженері  М.Тынышбаев  —   Жетісу  облысынан  сайлан- 
ды.  Екінші  Дума  депутаттарының  кұрамы  жағынан  болсын,  күн 
тәртібіне  койылған  мэселелерді  талкылау  жағынан  болсын  бірінші 
Думаға  карағанда  солшыл  бағытта  болғанды.  Негізгі  пікір  тарты- 
сын  тудырған  мәселелердін  бастысы  аграрлык  және  қоныс  ауда- 
ру  мэселесі  болды.  Әсіресе,  депутаттар  Б.Қаратаев,  А.Бірімжанов, 
Ш.Қосшығұлов,  Х.Нұрекенов  ете  белсенді  түрде,  заң  шеңберінде 
патша  екіметінің  қоныс  аудару  саясатына  қайткенде  бір  ықпал  ету- 
ге  тырысты.  Мэселен,  1907  жылы  17  мамырда  депутаттық  сауалға 
байланысты  жарыссөзде  депутат  Б.Қаратаев  сөйледі.  Ол  езінің
сезін  казак  халкы  үшін  ең  маңызды  іске  аиналған  жер  мэселесіне 
арнады:  «Үкімет,  біріншіден,  Ресей  ішіндегі  помещиктер  мүддесін, 
яғни,  130000  помещиктің мүддесін  қорғау үшін» жерсіз  орыс  шару- 
аларына  қазақ  жерлерін  тартып  эперіп  отыр.  Екіншіден,  үкіметтің 
бұл  саясаты  ашыктан-ашық  ұлы  державалық,  шовинистік  негізде 
жүргізілуде.  Соның  нэтижесінде  жерге  орналастыру  мекемелері 
казактарды  «орңыккан  орындарынан,  поселке,  деревня  құрап 
отырған үйлерінен жаппай қуып шығумен айналысып отыр». Өрине, 
бұл сез іс жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау сая- 
сатын  жергілікті  халықтын  атыңан  эшкерелеу  еді.  Б.Қаратаев  орыс 
халқының еңбекші бұкарасы мен зиялы қауымын қазақ елінің осын-
дай  ауыр жағдайына көңіл аударуға  шакырды.
Патша  үкіметі  1907  жылдың  3  маусымында  шығарған  заңымен
екінші  Мемлекеттік  Думаны  да  таратып  жіберді.  Бұл  құжат,  соны- 
мен бірге, сайлау Заңына езгерістер енгізді. Патша үкіметі Қазакстан 
мен  Түркістанда  пэрменді  отарлау  саясатын  жүргізе  отырып,  Ду- 
мада  бұл  аймақтардан  депутаттардың  болмағанын  езіне  қолайлы 
деп  тапты.  Сонымен,  қазақ  депутаттары  қатынасқан  бірінші  жэне 
екінші Думалар  қазақ коғамының отарлык жағдайына езгеріс енгізе

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет