1002
I - •.
^
у
• і
|2 ^
••
• . •
1« % ч
£
•
: <
• X
з , ; ^
' ^
' ' ' ' -
X
'^- 'л-ь .• і* •
.•
е •••:••
_
ч*і:
^ а Л т . . . ^ .
.
' ^
• - ^
^
• •
’ \ Я _ - п и л . . .і:
Һ
^4-. V
'
Ж
V
І<"
> Ь
Һ-.
I
•
' : г
; . . и.і
I- лР I
м.
И Ц і * :
і..
ч . ы
'^І
ф I
'р*'
Т7 Т >
. • і ?
‘..'V.
*І
Л » ш ^
■ - І - Ш
г
ч
•4
:і;
А
. ' •
Л
^
' Ь | І У ‘
,
4г^ I.
.
Қ
і
'
!
>
микркЕЗЗ
Алматы
2011
УДК 94(574)
ББК 63.3(5Қаз)я73
Қ 18
Баспага әл-Фараби атындагы
Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің
Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі ұсынган
Пікір жазғандар:
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қ. М. Атабаев
'гяпыү гыпммпяпмнын лпктопы. ппоАессоо
М. Ж. Әбдіров
Авторлар !^жымы:
Қ. С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф. А. Қозыбақова, Т. Мекебаев,
С. С. Саржанова, С. Смагұлов, Ш. Б. Тілеубаев.
Қ 18 Қазақстан тарихы:
Лекциялар курсы,
Редакциясын баскарған тарих ғылымдарынын докторы,
профессор Қ. С. Қаражан.— Алматы:
«ЫиКРКЕ§8» ба
V * *
«
^
^
^
ч
атындағы
ПМУ-дін
І8В^ 9965-813-69-8
|іа к а д е м и к С .Бөйсөмбаеь
атындағы ғылыми
Тарих емес фзкул^е^і^^Діці
арналған Қазақстан
тарихының ежелгі дэуіщщІ^іаЗір£Ьза**ая«Р=дайтагі аралықты қамтитын
лекциялар курсын кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сай эл-Фараби
атындағы Қазак ұлттық университеті тарих факультетінің Қазақстанның
жаңа жэне қазіргі заман тарихы кафедрасының үжымы дайындаған. Ав-
торлар ұжымы қасіретті, күрделі жэне ұлы оқиғаларға толы көне дэуірден
бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның тарихи тэжірибесін қарастырады.
Оқу қүралы жаңа деректер негізінде қүрастырылған. Оқулық мазмүны
проблемалық түрғыдан баяндалып, Қазакстанның өткені мен бүгінгі
күбылыстарын объективті түрде көрсетуге бағытталған. Лекциялар курсы
жоғары жэне орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің
жоғары сынып оқушыларына арналған.
0503020905
^
00(05)09
Авторлық үжым, 2011.
І8В^ 9965-813-69-8
© «^УКРКЕЗЗ» баспасы, 2011
КІРІСПЕ
Кейінгі жылдары Қазақстан тарихы бойынша біршама оқу-
лықтар жарық қөрсе де, еліміздің тарихының элі де болса, жете қа-
растыратын қалтарыстары баршылық. Бұл леқциялар қурсы бұрын
сыңаржақ қарастырылып келген тарихи оқиғаларға жаңаша баға
берумен қатар, Қазақстан тарихының қезінде жазуға тыйым салған
“ақтаңдақ” беттерін де тарих оқулығына қойылатын бүгінгі биіқ та-
лаптар тұрғысынан саралаған. Біздің қазіргі заманғы тарихымыздың
аса ауыр тұстары кеңестік экімшш-эміршіл кезеңмен сэикес
келеді. ¥сынылып отырған лекциялар курсы міне, осы кезеңнің
кайшылықты тұстарының кейбір көлеңкелі, бірақ тарихымызда ұзақ
жылдар бойы “жабық” болып келген мэселелерін жаңа, егемен елдің
тарихы тұрғысынан баяндауға құрылған. Кеңестік тоталитарлық
жүиенің жазықсыз жазалауына ұшырағаң халқымыздың көрнекті
мемлекет, ғылым мен мэдениет қайраткерлерінің еңбегіне лайықты
баға берілген.
Болашаққа тағылым болу үшін өткен жолымызды зерделегеніміз
абзал. Ол үшін бүгінгі ұрпақ ата-тек сабақтастығын қаз-қалпында,
кэусар күйінде білуге тиіс, тек қана шындық айтылуы керек.
Міне, осы тұрғыдан алғанда бұл лекциялар курсы бүгінгі күннің
талаптарына жауап береді. Себебі, онда өткен тарихтың өзекті
мэселелері көтеріліп, олар бар мүмкіндігінше толық та жан-жақты
қамтылған. Лекциялар курсында Қазақстанның ежелгі заманнан
бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы жоғары оқу орындарының
тарих емес мамандықтарының студенттеріне кредиттік оқу
жүйесіне сай типтік бағдарлама көлемінде баяндалады. Әсіресе,
тэуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның нарықтық қатынастарға
көшу жағдаилары, оның негізп кезеңдері, жаңа экономиқалық
саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар,
еліміздің элеуметтік-эқономикалық жэне мэдени дамудағы кейінгі
жылдардағы қол жеткен табыстары, тэуелсіз
Қазақстанның
элемдік қауымдастыктағы алып отырған орны мен рөлі Қазақсган
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылдан
бергі Қазақстаң халқына Жолдаулары жэне т.б. еңбектері пайда-
ланылып, ең соңғы мэліметтер келтіріліп, студенттерге қажетті
деңгеиде жазылған.
Қазақ халкы өзінің жерін, елін, тэуелсіздігін сақтап қалу жо-
лында талаи қуғын-сүргіндерден өтш, «ат ауыздығымен су кешкен,
3
ер толарсақтан саз кешкен» замандарды өткерген. Қазақтың кең-
байтақ, қазынаға бай жеріне, берекелі еліне сырттан кім көз аларт-
пады дейсіз. Жайылымдық жер, жазиралы алқаптар мен сан тарау
сауда жолдары үшін болған қақтығыстар үздік-создық жалғаса келе
ондаған жылдарға созылған соғыстарға айналғаны тарихтан мэлім.
Солардың бэрінде қазақ халқының «мың өліп, мың тірілгенін»,
тарихи-тағдырдың тұщысынан гөрі ащысын көп татқанын жақсы
білеміз.
Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналары түгел ашыл-
ды, жұмбақтары түтас шешілді деу асылық болар. Түгенделмеген
дүниеміз, қалпына келтірілмеген қатпарлы тарихи шындықтарымыз
әлі де қаншама. Егемен ел болып, еңсе көтергелі бері ғасырлар
ауқымына жүк боларлық қыруар шаруа атқарылса да рухани
кемелдікке қол жеткізу үшін алдағы уақытта да тынымсыз ізденіс,
тыңғылықты зерттеулер бір сэтке толастамайды деп ойлай-
мыз. Қолдарыңызға тиіп отырған осы лекциялар курсында туған
Отанымыздың шежіре-баякын жан-жақты жүйелеп, ғылыми-
танымдық түрғыда оқырман назарына үсынуға алғашқы қадам
жасалды. Егер осы оқулық тарихи болмысымызды тануға септігін
тигізіп жатса, діттеген мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Елімізге қатысты маңызды оқиғалар мен тарихы жөніндегі
зерттелген, ғылыми-ақпараттық аиналымға түскен деректерді
мүмкіндігінше мол қамтуға тырыстық. Тарих тэжірибесі —
үрпақтардың кешегісі мен бүгінгісінің ең сүбелі, нағыз прогресшіл
қасиеттерін біріне-бірін жалғастыратын емір эстафетасы. Бүгінде
Қазақстанның толыққанды тэуелсіз мемлекет болған жағдайында
тарихымызды білу, қазақ халқы жинақтаған бай тэжірибені игеру,
жаңа үрпаққа білім беру мен тэрбиелеуде, олардың белсенді емірлік
айқындамасын қалыптастыруда мейлінше маңызды. Тарихқа, тари-
хи бастауларға, тэжірибеге біз қаншама терең үңілсек, қоғамдағы
қазіргі жағдайды соғүрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз.
Міне, осы түрғыдан алғанда үсынылып отырған оқулық
кеңестік қоғамның тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде
болған еткен тарихымыздан тағлым алғызып, тарихи шындықты
бүрмалаудан сақтандырады. Оқу қүралында берілген материалдар
тарихтың кене заманнан бүгінгі күнге дейінгі кептеген мэселелерді
қайта қарастырып, жаңа баға беруге, ақтаңдақ беттерді ақиқат
шындықтармен толастырып, студенттер мен оқырмандардың
ой-ерісін кеңейтіп, тарихты бүгінгі күн түрғысынан зерделеуге
мүмкіндік беретіндігіне күмэн жоқ. Бүл оқу қүралы еткенімізді
4
білуге, оны бүгінгі калыптаскан ойлау жүйесі мен көзкарастар
тұрғысынан түсінуге, студенттердің ынта-ықыласын бұрынгыдан
да арттырары сөзсіз.
¥сынылып отырған лекциялар курсы Қазақстан тарихы бойын-
ша студенттерге оқылып жүрген дәрістер мен семинар сабақтарын
толықтырып, егеменді еліміздің тарихы бойынша жазылатын жаңа
оқулықтарға қажетті тың деректер мен мағлүматтар береді деген
сенімдеміз. Сондай-ақ халқымыздың тарихын жастардың зердесіне
кұйып, оларды осы тарихтың тағлымымен таныстырудың, әсіресе,
жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи
санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастыруда белгілі бір
үлес қосады деген ойдамыз. Бүгінгі күнде Қазакстан тарихының
тереңдетіп оқытылуы, мұндай лекңиялар курсына студенттердің
аса зэру екенін көрсетіп отыр.
1-тақырып
ЕЖ ЕЛП ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан тас гасыры дэуірінде
Қазацстан аумагындагы қола дәуірі
1. Қазақстан тас ғасыры дәуірінде
Белгілі бір
формацияның
байланысты адамзат тарихы ұзак-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Көне
тарихтың ұзак уакытты камтитын маңызды бөлігі археологиялык
дерек көздері бойынша зерттеледі. Археологияда кезеңдендірудің
өзіндік эдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, кола, темір
және ортағасырлар дэуірлеріне бөлінеді.
Алғашқы кауымдық кұрылыс адам баласының есіп дамуындағы
ең алғашқы кезеңі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда алғашқы
қауымдық құрылыстың дамуы барлық жерде бірдей болған.
Елімізде жүргізіліп жатқан археологиялык қазба жұмыстар өткен
әмірдің даму тарихының алғашқы кезеңдерін ашып, дүние жүзілік
адам коғамының зерттелуіне өз үлестерін қосуда. Қазақстан
жерінде алғашқы адамдардың тастан жасалған құрал-саймандары,
қоныс-жайлары табылып отыр. Бұл археологиялык ескерткіштер
Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың болғандығын
дэлелдейді.
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адам-
нан, екінші — оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы
зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.
Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыс ескерткіштерінің
зерттелуінің азды-көпті езіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жерін-
дегі тас құралдар туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың 50-жыл-
дарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров
портынан пышақ тэріздес тас құралдар табылса, ал 1883 жылы
Абайдың досы Е. П. Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында
елкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер,
тас найзаның ұштары, қырғыштар, пышақ тэріздес тас құралдар,
тас балталар қойылады. Тастан жасалған құрал-саймандар, эсіресе,
XX ғасырдың басында Қазақстанның эр жерінен табылып, ол туралы
беттерінде
6
тольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуеской археологтар қо-
ғамы құрылып, Қазақстан бойынша көне дэуірдің ескерткіштері
туралы қамқорлық жасап, олар туралы хабар беріп отырған.
Қазакстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың тас кұралдарының
нағыз ғылыми тұрғыда зерттелуі 1917 жылғы Қазан теңкерісінен
кейін ғана қолға алына бастады. Кеңес дэуірінің алғашқы кезінде
қазақ жеріндеғі алғашқы қауымдық құрылыстың ескерткіштерінің
бетін ашуда С. И. Руденконың еңбегі атап айтарлықтай. Оның жа-
зуы бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкел маңынан
мысты-тас дэуірінің қонысы белгілі болған. Сол сияқты кернекті
археолог ғалым М. П. Грязнов, И. В. Синициндер 30-жылдары
Қарағанды, Батыс Қазакстан жерінен жаңа жэне мысты-тас дэуірінің
қоныстарын тапқан.
Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде
айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә. X. Марғұлан бол-
ды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экс-
педициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас
дэуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті
еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дэуірінің шақпақ тастан құрал жа-
сайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә. X. Марғұлан
алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тау-
ып, оларға ғылыми сипаттама жазған.
Елімізде тас дэуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-
жылдардың 2- жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық акаде-
миясы Ш.Уэлиханов атындағы тарих, археология жэне этногра-
фия институтының ғылыми қызметкері тас дэуірінің маманы
Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау
отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам
мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап,
оның соңғы кезеңіне деиінгі мезплдерді дэлелдеитін ескерткіш-
терді тапты. Бұл жұмыстың нэтижесі «Оңтүстік Қазақстанның
төменгі тас дэуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сей-
тіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама
зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. XX ғасырдың 80-
жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дэуірін зерттеуді
Ә. X. Марғұлан атындағы археолоі ия институты, сонымен қатар
Ж.К.Таймағамбетовтың
жетекшілігімен
эл-Фараби
атындағы
Қаз¥У-дың ғалымдары жүргізіп келеді. Ж. К. Таймағамбетовтың
бастамасы жэне жетскшілігімен 2000 жылы эл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет па-
леолит мұражаиы ашылды.
7
Қазақстанның солтүстік аудандарында алғаш рет неолит
дэуірінің қоныстарын 1926 ж. М. П. Грязнов пен М. Н. Комарова
зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезеңінің ескерткіштерін
тауып және оларға ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде архео-
лог ғалым С. Черниковтың еңбегі зор. Ол «Кіші Красноярск»
жэне «Усть-Нарым» қоныстарына қазба жұмыстарын жүргізді.
Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда
облысының жерінде неолит кезеңінің қоныстарын зерттеуде Хо-
резм археологиялық экспедициясының меңгерушісі С. П. Толстов-
тың сіңірген еңбегі айтарлықтай. Неолит ескерткіштерін зерттеу-
де академик Ә. X. М арғүланның, тас дэуірінің маманы X. А. Ал-
пысбаевтың еңбегі зор.
Адамның алғашқы еңбек қүралдары тастан жасалған. Сондық-
тан да аса үзаққа созылған алғашқы тарихи кезең — тас дэуірі деп
аталады. Тас дэуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
1. Палеолит — ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан — 12
мыңжылдыққа дейін);
2. Мезолит — орта тас дэуірі (б.з.б. 12— 5 мыңжылдықтар);
3. Неолит — жаңа тас дэуірі (б.з.б. 5— 3 мыңжылдықтар);
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте па-
леолит (б.з.б. 2,5 млн.— 140 мыңжылдықтар); 2) орта палеолит
(б.з.б. 140— 40 мыңжылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40— 12
мыңжылдықтар).
Соңғы жылдары бүл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар
авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дэуірге — ерте
жэне кейінгі дэуірге бөліп, мустье мен кейінгі палеолит арасына
меже қояды. Бүл кезеңдеу бойынша ерте палеолит үш ірі дәуірге
бөлінеді: олдувэй дэуірі (б.з.д. 2,6 млн.— 700 мың жыл), ашель дэуірі
(б.з.д. 700 — 150— 120 мыңжылдықтар) жэне мустьер дэуірі (б.з.д.
150— 120 — 30— 25 мыңжылдықтар). Кейінгі палеолит б.з.д. 30— 25
— 12— 10 мыңжылдықтарды қамтиды.
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дэуірі-
не жатады. Ежелгі адамның қалдықтары эзірше табылған жоқ, бірақ
олардың мекен-жай, түрақтары табылып, зерттелуде. Адамдардың
қоныстануына қолайлы жердің бірі Оңтүстік Қазақстандағы
Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне
еңбек қүралдары табылды. Көне тас дэуірінің алғашқы кезеңінің
ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің
бойынан Қызылтау, Тэңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы жэне Ақкөл
деген жерлерінен табылған. Шу езенінің оң жағындағы Қазанғап
шатқалынан осы дэуірге жататын ескерткіш табылды. Қарасу
түрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар табылған.
8
Орталық Қазақстанда ежелгі палеолит адамы оңтүстікке
карағанда кешірек пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтүстік
жағалауын мекендеді. Бұл жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы
көбірек табылды.
Ерте палеолит
кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты
пайдаланған — оларды бір-біріне соғатын болған. Мұндай тәсілді
жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен,
өйткені, шикізат ретінде көбінесе өзен малтатастары пайдаланылған.
Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшін жұмыр тас қолданды.
Дайындалған кұрал кейін шапқыш ретінде колданылды. Бұл кезде
колшапкы карудың аса оңтайлы, кең тараған түрі болды.
Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталык Қазақстаннан табыл-
ды. Осындай түрақтардың бірі — Қүдайкөл Сарыарқаның теріскей-
шығыс шетінде орналасқан.
Орта палеолит (мустьер) кезеңінде тас өңдеу әдістері жетілдіріле
бастады. Енді еңбек күралдарын дөңгелек өзек тастан (нуклеус) жа-
сау эдісі кең тарады. Сол кездегі қарулардың негізгі түрлері тілгіштер
мен кырғыштар болды. Бүл кезеңде адам ағаш бүтағын бір-біріне
үйкей отырьш немесе шақпақ тастарды үрып үшқын шығарьш, от
алуды үйренді. Алғашкы діни сенім қальштасты. Мустьерліктер
өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жаткызып жерлеген. Өмір
мен өлім туралы түсінік, өлгендерге қүрметпен қарау белгілері пай-
да бола бастаған. Орта палеолит кезеңіндегі адамды неандертальдық
деп атайды. Ежелгі адамдардың үйымы — үлкен қауым орта палео-
литте қалыптасты.
Орта
палеолиттің
белгілі
түрақтары
мыналар:
Қаратау
аймағындағы Топалы шатқалынан табылған жэне Ақкөл көлінен
оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек
түрактары. Осы кезеңге жататын түрақтар, сондай-ақ Арыстанды
мекенінен де табылды. Солардың ішіндегі ең күрделісі Ш. Уэлиха-
нов атымен аталды. Үшбүлақ койнауынан аңшылардың шағын
топтарының уақытша түрағы табылды, Орталық Қазақстаннан
табылған ескерткіштердің ең көнесі — Жезқазған облысындағы
Обалысай түрағы, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысьшдағы
Мүзбел жэне Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы, яғни Қарағанды-
ның солтүстігіндегі Батпак шатқалы, жоғары Ертіс өңіріндегі
Қанай ауылы маңындағы түрақтар. Мустьер кезеңінің жаңа
ескерткіштері 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданы-
нан табылды. Олар — Өгізтау I жэне II, Үлкен Ақмая түрақтары.
Батыс Қазақстанның, эсіресе оның Маңғыстау түбегінде түрған
9
палеолиттік ескерткіштері айрықша қызғылықты. Бұрынырак
кезде А. Г. Медоев жэне кейінірек Ж. Қ. Таймағамбетов ашкан
тұрақтардың бэрі Каспий теңізі жағалауының сөре алаңдарында
орналасқан.
Кейінгі палеолит біздін заманымызға дейінгі 40 мың жылдан 12
мың жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл — адамзаттың жердің
барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған жэне нәсілдер мен
нэсілдік топтардың құрылған кезі. Осы дэуірде дене бітімі қазіргі
адамдарға ұқсас адамдар («саналы адам») қалыптасты. Мұндай
адамның сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен
табылғандықтан, оны кроманьондық деп атайды. Бұл кезеңде пышақ
тіліктер, қырғыштар т.б. тас құралдары пайдаланылды. Қарулар
жетілдірілді. Аң аулауда найза лақтырғыш қолданылды.
Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының
-гүрі — рулық қауым қалыптаса бастады. Оларда мықты аналық
рулық қауым қарым-қатынасы орнады. Әйелдің қоғамдық өмірде
биік орынға ие болуы қауымдық үй шаруасының ерекшелігімен,
эйелдің ұрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де
анықталып қойылған.
Оңтүстік Қазақстаннан бірқатар кейінгі палеолиттік ескерткіш-
тер табылды. Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаккорған
қалашығының батыс жағынан табылған Ащысай тұрағы. Орталык
Қазақстандағы Батпақ тұрағынан ірі қырғыш тастар мен сүңгінің
ұштары табылды. Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен
жасалған заттар табылды. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка,
Үңгір жэне Ново-Никольское тұрақтары белгілі болды.
Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен
ескерткіштері онша көп емес, бірақ қолдағы бар материалдар
көне тас дэуірі адамдарының материалдық мэдениеті дамуының
ешбір үзілмей, ұдайы жүріп отырғанына, сол сияқты Қазақстан
аумағындағы
қоныстану
процесінің
де
үзілмегендігіне
көз
жеткізеді.
Кейінгі палеолит кезеңін мезолит (Б.з.д. 12— 5 мыңжылдыктар)
алмастырды. Бұл кезең аз зерттелген. Сондықтан Қазақстан жерінен
табылған ескерткіштер де сирек. Бұл кезеңде жебелі садак пен буме-
ранг дүниеге келді. Қазба жұмыстары кезінде садақ жебесінің доғал
жэңе домалақ ұштары да табылды. Олар терісі бағалы аңдардың
терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Сондай-ақуланған немесе
ертегіш жебелер кеңінен пайдаланылды. Тас өңдеу эдісі де жетілді.
Пышақ тэрізді тілгіштер басқа құралдардың бэрін ығыстырып
10
шығарды. Адамдар тас тілгіштерге ағаштан қолға ұстайтын сап ор-
натуды үйренді. Балық аулау кең тарады.
Неолит кезеңі б.з.б. 5— 3 мыңжылдықтар арасын қамтиды.
Бұл тас еңдеу техникасының эбден жетілген кезі. Тасты өңдеудің
жаңа технологиялық тэсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау пайда
болады. Тастан балта, кетпен, келі, келсаптар, дэн үккіштер жа-
салды. Микролиттер дайындау неолитте меңгерілді. Сүйек еңдеу
жетілдіріле түсті. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының
тууы, табиғаттың даяр өнімдерін пайдалану, аң аулау орнын
өндіруші шаруашылықтың басуы — сол кезеңнің аса маңызды
белгісі болып табылады. Ғылымда бүл қүбылыс «Неолит теңкерісі»
деп аталады. Адамдар жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер
өңдеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың
жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының дамуына үлкен
эсер етіп, адам еңбегінің ауқымы мен көлемін кеңейтті. Адам
баласының бүдан былайғы экономикалық кам-қарекеті дамуының
сан мыңжылдық тарихы — едәуір дэрежеде шаруашылықтың осы
екі түрінің ерқендеп жетілу тарихы. Алғашқы қауым халқының
ендіргіш қүштерді дамытудағы неолит кезеңі түсындағы қол жет-
кен деңгейі басқа да мэдени-түрмыстық жаңалықтардың ашы-
луына ықпалын тигізеді. Осы кезде тау-кен ісі мен тоқымашылық
пайда болып, керамикалық ыдыстар жасала бастайды. Сейтіп, кен
ендіру кэсібі қалыптасты. Адамдар — саз балшықтан жасалып, отқа
күйдірілген мықты кыш ыдыс — керамика жасауды үйренді. Ол
ыдыстарға онша күрделі емес геометриялық ернектер салынған.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден
аса неолиттік ескерткіш бар. Неолит түрақтары орналасу си-
патына қарай терт түрге белінеді: 1) бүлақ бойындағы; 2) езен
жағасындағы; 3) кел жиегіндегі; 4) үңгірдегі. Әдетте, өзен мен
кел жиегіндегі түрақтарда бүйымдар саны едэуір кеп мелшерде
кездеседі, бүл жэйттен ол түрақтарда адамдардың түпкілікті не-
месе үзақ уакыт түрып тірлік еткенін білеміз. Қазақстан жерінде
бэрінен де көбірек тарағаны бүлақ бойындағы түрақтар — олардың
дені уақытша, маусымдық — кезбе аңшылардың орыны саналған.
Қазақстанның шел-дала аймақтарындағы неолит ескерткіштерінің
бір ерекшелігі — олардың басым белігі — ашық (жер бетіндегі)
түрақтар. Бүл түрактардан оқтардың жебесі, сүңгінің үшы, бал-
талар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылған. Қазақстанның
неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топтардан түрады. Арал
өңірінде Сексеуіл түрағы орналасқан. Бүл түрақтың түрғындары
11
Шығыс
каш маңынан табылған құралдар яшма мен кварциттен жасалған.
Қостанай облысындағы Ботай тұрағынан жабайы жылкының
көптеген сүйектері табылды. Кейбір сүйектер жылкылардың біразы
колға үйретілгендігін көрсетеді. Сонымен, Қазакстанның далалык
аймақтарында жылқыны қолға үйрету ісі басталған. Қараүңгір
неолиттік тұрағы — Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданында
орналасқан. Шығыс Қазақстан облысындағы Қызылсу езенінің оң
жағалауынан Сатшақыз түрағы табылды.
Батыс Қазақстанда Келтеминар мэдениетінің бір түрі — батыс-
казақстандық үлгісі оқшау козге түседі, оны С. П. Толстов болжап
айтқан. Келтеминар мэдениеті б.з. дейінгі 4 мыңыншы жылдардың
аяғы мен 2 мыңыншы жылдың бас кезінде болған жэне Қазақстан
мен Орта Азияның едэуір аумағын қамтыған. Батыс Қазақстанда
Шаңдыауыл, Қүлсары, Шатпакөл, Қайнар, Жыланқабақ, Сарықамыс,
Шаянды жэне т.б. түрақтар бар.
Солтүстік Қазақстандағы
Железинка
ауылының
маңынан
қазылып, зерттелген неолит кезіндегі мэйіт қабірдің ішінде ертелген.
Онда сонымен қатар, елген адам денесімен бірге қабірге эртүрлі
эшекей заттар, тас қарулар, қыш ыдыстар, тамақ қойылған. Бүл зат-
тар о дүниеге барғанда қажет болады деген ойды білдірсе, ал ертеп
қою отқа табынуды керсетеді.
Қоныстардан, молалардан табылған бүйымдар адам баласының
емірінде неолит кезеңінде үлкен езгерістердің болғандығын
байқатады. Жер кэсібі, коленер, мал шаруашылығы сиякты
шаруашылықтың жаңа түрлері дами бастады. Неолит кезеңінде
коғамда аналық рулық қүрылыс болды. Адамдардың күн керісі
тіршілігінде ананың релі басым болған.
Сейтіп, қорыта келгенде, тас дэуірінде адамның пайда болуы,
калыптасуы жэне алғашкы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс
аударуы мен игере бастауы үрдісі жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |