Микркезз алматы


  Ресейдегі  1917 жылғы Ақпан



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

3.  Ресейдегі  1917 жылғы Ақпан
буржуазиялық-демократиялық революциясы және оныц 
Қазақстандағы  қоғамдық-саяси омірге әсері
Ресей  империясының  барлық  саяси  жүйесіне  тэн  дағдарыстың 
салдары  болып  табылатын  1917  жылғы  Ақпан  революциясының 
нэтижесінде  патша  үкіметі  құлатылды.  Ол  Ресей  халықтарының, 
оның  алдыңғы  қатарлы  күштерінің  патша  билігіне,  крепостниктік 
құрылысқа  жэне  отарлық  езгіге  қарсы  көп  жылдық  күресінің  же- 
ңісімен  аяқталды.
1917  жылы  28  ақпанда  М.В.Родзянконың  басшылығымен  Мем- 
лекеттік  Думаның  комитеті  қүрылып,  мемлекеттік  жэне  қоғамдық 
тэртіпті  қалпына  келтіруді  өз  қолына  алғанын  мэлімдеді.  2  нау- 
рыз  күні  Мемлекеттік  Думаның  Уақытша  комитеті  мен  Петроград 
Кеңесінің  арасындағы  келісім  бойынша  Уақытша  үкімет  қүрылды. 
Жаңа  қүрылған  үкіметтің  қүрамы  мен  міндеттерін  белгілеген  Де- 
кларация  да осы  күні  жарияланды.  Онда:  “Азаматтар!  Мемлекеттік 
Думаның  Уақытша  комитеті  мүшелері  астана  жүртш ылығы  мен 
эскердің  қолдауы,  ниеттестігі  арқасында  қазіргі  уақытта  ескі 
режимнің қара күштеріне қарағанда анағүрлым табысқа жетіп отыр. 
Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін қүруға мүмкіндіктер туғызды. 
Осы  мақсатта  Мемлекеттік  Думаның  Уақытша  комитеті  бүрынғы 
қоғамдық-саяси  қызметімен  көзге  түскен  өкілдерден  қүрылған 
алғашқы  кабинеттің  министрлерін  тағайындады”,—   деп  князь 
Г.Е.Львов  басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді.  Бүл каби- 
нет  өз  қызметінде:  1)  саяси,  діни,  қарулы  көтеріліс  жэне  т.б.  істер 
бойынша амнистия  жариялауды;  2)  сөз жэне  баспасөз бостандығын 
жария  етуді;  3)  үлттық,  діни  жэне  сословиялық  шектеушіліктерді 
жоюды;  4)  елді  басқару  формасын,  конституциясын  айқындайтын 
жалпыға  бірдей  жабық,  тікелей  дауыс  беру  арқылы  сайланатын 
Қүрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындык жүргізуді; 5) полиция- 
ны  милициямен  алмастырып,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органда- 
рына бағындыруды жэне т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа
алатынын  мэлімдеді.
Патшалық  билікті  қүлатқан  Ақпан  революциясын  қазақ  қоғамы 
зор  қуанышпен  қарсы  алды.  “Қазақ”  газеті  9  наурыздағы  санында: 
«.. .Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, 
жақсылық,  қуаныш  тек  қана  орыстікі  емес,  отаны  Руссия  болған 
жүрттың  бэріне  тегіс  жақсылық,  бэріне  тегіс  қуаныш»  —   деп  жар 
салды.  Ақпан  революциясы  қалың  бүқараның  саяси  қүқықтарын
202

кеңінен  паидалануына  мүмкшдік  жасады,  олардың  саяси  күреске 
ашык  араласуын  қамтамасыз  етті.  Елдегі  коғамдык  өмірде  саяси 
партиялардың  рөлі  орасан  өсті.  Революция  патшалық  цензураны 
жойды.  Ж ұртш ылық  сөз  жэне  жиналыс  бостандығын  кеңінен  пай- 
даланды.
Уакытша үкіметтің ұлттық мэселе бойынша кабылдаған алғашқы 
актілерінің  бірі  1917  жылы  20  наурызда  Ресей  азаматтарының 
құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып 
тастау ы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған хал ық 
Уакытша  үкіметке  барынша  қолдау  көрсетуге  даяр  екендіктерін 
білдіріп,  империяның  түкпір-түкпірінен  қүттықтау  жеделхаттар 
жөнелте  бастады.  Қызылжар  қаласы  мен  уезінің  мүсылмандары 
қалалық  мешітте  жүма-намаз  күні  бүқіл  халыққа  шаттық  экелген 
Уақытша  үкімет  мүшелеріне  үзақ  өмір  беріп,  бақытты  етуін  Алла- 
дан  өтініп,  жаңа  үкіметке  адал  қызмет  етуге  серт  берді.  Ресей  та- 
рихында бірінші  рет діни нанымдық,  нэсілдік кемсітушілік жойыл- 
ды деп, үлттар теңдігін  қағаз жүзінде болса да жария  еткен  бүл  акт 
бүрынғы  бүратана  атанған  езгідегі  елдердің  орыстармен  терезесін 
тең  сезінуіне  жол  ашты.  Қазақ  халқының  Ақпан  теңкерісін  зор 
қуанышпен  қарсы  алуының мэні де осында болатын.
Ақпан  төңкерісінің  қазақтар  үшін  қаншалықты  маңызды 
болғанын  А.Байтүрсынов:  “Алғашқы  революцияны  қазақтар  тура 
түсініп,  қуанышпен  карсы  алса,  ол,  біріншіден,  бүл  революцияның 
оларды  патша  өкіметінің  қанауы  мен  зорлығынан  күтқаруында 
жэне,  екіншіден,  оларды  өзіміз  басқарсақ деген  ескі  үмітінің  нығая 
түскенінде еді”,—  деп түсіндіреді.  Халықтың Уақытша үкіметке  ба- 
рынша қолдау көрсетуіне оның  1916 жылғы 25 маусым жарлығының 
қүшін жойып,  енді  бүратаналарды  қара жүмысқа алуды тоқтатуын, 
ал  7  наурызда  1916  жылғы  көтеріліске  қатысушыларға  амнистия 
жариялау сияқты  шаралары да  ықпал  етті.  Бүл  жөнінде  М.Дулатов: 
“Сары эскер” қарсылық қылған  елдерге леқ-легімен  аттанып,  қазақ- 
қырғыз  даласын  қызыл  қанға  бояуға  кірісіп  еді.  Он  айға  жетпей 
патша  екіметі  қүламаса,  Ресейдегі  үлы  теңкеріс  болмаса,  не  болар 
еді”,—  деп жазды.
Самодержавияның  күлатылғаны  жайлы  хабар  жер-жерлерге 
жетісімен түрлі элеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері
жоғарыдан  нүсқау  күтпеи-ақ,  өздерінщ  қоғамдық  үиымдары 
арқылы  жергілікті  басқару  органдарын  қүруды  қолға  ала бастайды. 
Қоғамдық негіздегі қүрылған мүндай жергілікті басқару органдары: 
азаматтық  аткару  комитеті,  біріккен  қогамдық  қүрама  (коалиция-
203

лық)  атқару  комитеті  деген  сияқты  атауларға  ие  болды.  1917  жыл- 
дың  5  наурызына  дейін  Қазақстанда  да  қоғамдық  негіздегі  атқару 
комитеттері  құрыла  бастады.  Мэселен,  3  наурызда  Көкшетауда, 
4  наурызда  Қызылжарда,  5  наурызда  Семейде  біріккен  қоғамдық 
ұйымдардың  атқару  комитеттері  құрылды.  Бұл  ұйымдарға  түрлі 
әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды.  Бұл —  
халықтың демократиялық басқару дэстүріне  кұлшына араласканын 
аңғартады.
Мемлекеттік  Думаның  Уақытша  комитеті  мен  Уақытша  үкімет 
билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. 
Осыған  байланысты  жергілікті  басқаруда,  ел  емірін жаңа мазмұнда 
ұйымдастыруда  өзгерістер  бола  бастайды.  Наурыз  және  сэуір  ай- 
лары  ішінде  ескі  эскери  губернаторлық,  уездік,  болыстык  жэне 
ауылнайлық  басқару  жүйелері  жойылып,  келмеске  кетті.  Олардың 
орнына  Уақытша  үкіметтің  облыстық  жэне  уездік  комиссарлық 
басқару  жүйесі,  сонымен  бірге  облыстық,  уездік,  болыстық  жэне 
ауылдық  деңгейде  азаматтық  комитеттер  жэне  олардың  атқару 
орындары  қалыптаса  бастайды.  Мамыр  мен  маусым  айларында 
бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті жэңе
басқа осы сияқты басқару орындары  құрылады.
Батыс  майдан  штабы  жанынан  земскі  жэне  қалалық  одақтардың 
бұратана  бөлімін  басқарып  жүрген  Ә.Бөкейханов  20  наурыз  күні 
Торғай  облыстық  комиссары  қызметіне  тағайындалды.  Қазақ  елі 
патшалық  Ресей  құрамына  енгеннең  бергі  уақытта  оның  бірде-бір 
өкілінің  империяның  экімшілік  жүйесінде  губерниялық,  облыстық 
деңгейді  қойғанда,  тіпті  уезд  бастығы  дэрежесінде  кызмет 
жасамағандығы  мэлім.  Империяның  басқару  жүйесінде  қазақтар 
болыстық  атқарудан  жоғарғы  қызметті  иемденуге  тиісті  емес  еді. 
Бұл тұрғыдан Ә.  Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген 
Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыкқа келген бірінші
қазақ болатын.
1917  жылы  наурыз  айы  ішінде  Орал  облыстык  комиссары  бо- 
лып  Бизянов  бекітілді.  Ақмола  мен  Семей  облыстары  қарайтын 
Дала  өлкелік  комиссарлығына  мемлекеттік  кеңес  мүшесі  И.Лаптев
жіберілді.
1917  жылы  сэуірде  Уақытша  үкіметтің  қаулысы  бойынша  Түр- 
кістан  елкесінде  нақты  тэртіп  орнатып,  күнделікті  туындап  отыра- 
тын  мэселелерді  сол  жерде  шешіп,  өлкені  басқару  үшін  Түркістан 
уақытша  комитеті  құрылды.  Оның  құрамына  Мемлекеттік  Дума
Щепкин
204

Дума  мүшесі  М.Тынышпаев,  үшінші  Дума  мүшелері  С.Мақсудов,
В.С.Елпатовский, А.А.Липовский, П.И.Преображенский, О.А.Шкап- 
ский  жэне  генерал-майор  А.Дэулетшин  енді.  Комитеттің  төрағасы 
болып  Н.Н.Щепкин  тағайындалды.  Самарқан,  Ферғана,  Сыр- 
дария,  Жетісу,  Закаспий  облыстарында  жэне  Хиуа  мен  Бүқара 
хандықтарындағы орыс  поселкелеріне Түркістан комитеті Уақытша 
үкімет атынан  билік жүргізуге екілетті болды.
Ә.Бөкейханов  Түркістан  комитеті  қүрамына  енгенімен,  Торғай 
облыстық комиссары ретінде орны босап, оның қызметіне ат салыса 
алмады.  Торғай  облыстық  комиссары  Ә.Бөкейханов  өз  қызметінде 
жергілікті  жердің  салт-дэстүрін,  ерекшеліктерін  білетін  азаматтар- 
ды, эсіресе, қазақтың зиялы азаматтарын мемлекеттік басқару орын- 
дарына  тағайындауды  басшылықка  алды.  Оның  үсынуы  бойынша, 
Қостанай  уездік  комиссары  болып  бірінші  жэне  екінші  мемлекеттік 
Думалардың  мүшесі  Ахмет  Бірімжанов,  Торғай  уездік  комисса- 
ры  болып  Ғүмыр  Алмасов,  Ырғыз  уездік  комиссары  болып  Тобыл 
округтік сотының  мүшесі  Ғабдолла Теміров бекітілді.
Қазақ  облыстарында  болыстық  комитеттердің  қүрылуы  бары- 
сында  да  баяғыша  болыстыққа  таласқандай  таласып,  ескі  эдетке 
салған  жағдайлар да кездесіп  түрды.  Ол  женінде  “Қазақ” газетінде: 
Қөкшетау  уезі  Айыртау  болысы  сайлауында  зор  талас  болды. 
Председательдікке  сайланған  Ысқақ  Баймүрат  баласы  қонақасына 
көп  қой,  бір ту  бие  сойып,  3  мың  сом  ақша  шығарып,  үлкен  партия 
жасап  барып  сайланып  шықты.  Махмүд  тере  Уэлиханов  сайлауды 
бүзуға жол  іздеп  Қекшетауға келді” —  делінген.
1917  жылы  сэуір  айында  еткен  Торғай  облыстық  қазақ  съезінің 
шешіміне  сэйкес  болыстық,  ауылдық-азаматтык  комитеттер  үйым- 
дастыру  үшін  Ақтебе  уезіне  9  адамнан,  Ырғыз  уезіне  9  адамнан, 
Қостанай  уезіне  12  адамнан,  Торғай  уезіне  6  адамнан  түратын  ко- 
миссиялар  қүрылды.  Бүл  комиссиялар  болыстық  комитеттерді
ұиымдастыруға  жан-жақты  көмек  көрсетіп,  саилаудың  дұрыс 
өтуін  бакылауға  алды.  Актөбе  уезіне  С.Досжанов,  И.Ермұратов, 
Ж.Қенжебаев,  Е.Өтемісов  жэне  т.б.  қүралған  комиссия  келіп  3 
маусымға дейін  14 болыста болыстық комитет, 3 ауылдық комитеттің
қүрылуының басы-қасында болды.
1917  жылғы  Ақпан  революциясынан  кейін  Қазақстанның  қоғам- 
дык-саяси  өмірінде  белсенділіктің  айтарлыктай  арта  түсуіне 
облыстық,  уездік  қазақ  комитеттері  үлкен  эсер  етті.  Мысалы,  1917 
жылдың  10  наурызында  —  Оралда  (төрағасы  — Әлібеков);  11  нау- 
рызында —  Семейде  (терағасы  -   Р.Мәрсеков);  Омбыда  (торағасы
205

—   Е.Итбаев); 
наурыздың  аяғында  —   Верныйда  (төрағасы  —  
И.Жайнақов)  құрылған  жэне  т.б.  облыстың  қазақ  комитеттері  «Қа- 
зақ» газетінің көмегімен  бірден-ақ қазақтардың облыстык съездерін 
дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық 
қоғамдық  жэне  басқа  комитеттермен  де,  Уақытша  үкіметтің  ор- 
гандарымен  де  ынтымақтастық  жасады.  Мысалы, Ә.Бөкейханов  — 
Торғай  облысы  бойынша,  М.Тынышбаев  Жетісу  облысы  бойынша 
(эсер  А.Шкапскиймен  бірге)  Уақытша үкіметтің  комиссарлары  бол- 
ды.  Ал,  А.Байтұрсынов,  М.Шоқаев,  М.Дулатов,  Ж.Досмұхамедов, 
Х.Ғаббасов,  Ж.Ақпаев,  А.Бірімжанов,  Ә.Кенесарин,  Р.Мэрсеков, 
тағы  басқа  қазақ  зиялыларының  өкілдері  Уакытша  үкіметтің 
жергілікті  органдарында  жұмыс  істеді.  Осындай  байырғы  казак 
халқының,  эсіресе,  ұлт  зиялыларының  саяси  белсенділігі  өскен 
жағдайда  1917  жылдың  көктемінде:  Торғай  (Орынбор  каласы,  2— 8 
сэуір,  300-ден  астам  делегат,  төрағасы  —   А.Байтұрсынов),  Жетісу 
(Верный қаласы,  12— 13  сэуір,  81  делегат, төрағасы —  И.Жайнақов), 
Орал (Орал қаласы,  19— 22 сэуір, 800-ден астам делегат, төрағасы —  
Ж.Досмұхамедов),  Ақмола (Омбы  қаласы,  25  сэуір —  5  мамыр,  150- 
ге жуық делегат, төрағасы —  А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері 
өткізілді.  Бұл  съездер  ұлт  азаттығын,  жер  мэселесін,  діни,  мэдени, 
қоғамдық-саяси,  элеуметтік-экономикалық  жэне  басқа  да  про- 
блемаларды  шешу  жолындағы  күрестегі  қазак  қоғамының  калың 
топтарының  стратегиялық  міндеттерін  белгілеуге  ұмтылуымен 
қатар,  олардың  осы  мақсаттарға  жетудегі  тактикалық  бағыттарын 
жасау  жолында  өздерінің одақтастары  мен  қарсыластарын  да ашық 
көрсетуге  тырысты.  Облыстық  съездердің  ішінде  Торғай  съезі 
көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. 
Съезд  жұмыстарына  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, 
А.Қалменов,  М.Шоқаев,  М.Жұмабаев  жэне  басқа  да  сол  кезеңдегі 
жас  қазақ  ойшылдары  шешуші  ықпал  жасады.  Соның  арқасында 
съезд  шешімдерінде  «Алаш»  қозғалысының  бағдарламалық  талап- 
тары өз көрінісін таптъі.
Сонъімен  қатар,  байырғы  қазақ  жұртш ылығының  түрлі  топ- 
тарын  біріктіріп, олардың аттарын  анықтау мен  шешу максатъінда 
Торғай  съезі  Бүкіл  қазақ  съезін  шақыруға  қаулы  қабылдап, 
оны  шақыру  мен  бағдарламалық  құжаттарын  дайъіндау  үшін 
ұйымдастыру  бюросын  сайлады.  Оның  құрамына  Ә.Бөкейханов, 
М.Дулатов  бастаған  қазақ  ұлт  зиялыларының  белгілі  тобы  енеді. 
Съезд  осы  жылы  мамъір  айында  Мэскеуде  өткізуге  тиіс  болған 
Бүкілресейлік мұсылмандар  съезіне делегаттар сайлады.
206

1917  жылы  мамырда  Петроградта  бірінші  Жалпы  ресейлік 
мұсылмандар съезі болып өтті. Съезде ұлттық-аумақтық федеративті 
негіздегі  демократиялық  республика  ұлттық  автономия  құру
мэселелері қаралды.
Қазақстанда  алғашқы  Кеңестер  1917  жылы  наурызда  пай- 
да  бола  бастады.  Жұмысшы  және  солдаттарға  қарағанда  шаруа 
депутаттарының  Кеңесі  кейінірек,  яғни  мамыр  жэне  маусым  ай- 
ларында  құрыла  бастады.  Кеңестердің  көпшілігін  алғашқы  кез- 
де  эсерлер  мен  меньшевиктердің  ұсақ  буржуазиялық  партиясы 
өкілдері  басқарды.  Бұған  большевиктердің  элсіздігі  мен  аздығы, 
жергілікті  жұмысшылар  ұйымшылдығының  жеткіліксіздігі  мен 
саяси  жетілмегендігі,  Қазақстанның  элеуметтік-экономикалық 
даму  дәрежесінің  төмендігі  себеп  болды.  Кейбір  мэліметтерге 
қарағанда,  1917  жылдың  наурыз-сэуір  айларында  Қазақстанда  25- 
тен  астам  Кеңестер,  оның  ішінде  8  жұмысшы,  9  шаруа,  7  солдат 
депутаттарының  Кеңестері  жұмыс  істеген.  Өзінің  пайда  болуы- 
нан  бастап  Қазақстан  Кеңестері,  эсіресе,  жұмысшы  жэне  шаруа 
депутаттарының  Кеңестері  ездерінің  құрамы  жөнінен  көпұлтты 
болды.  Кеңестердің  құрамына:  орыстар,  қазақтар,  украиндар,  та- 
тарлар,  ұйғырлар,  өзбектер  жэне  басқа  халықтардың  өкілдері  енді. 
Солдат  депутаттары  Кеңестеріне  кебінесе  орыстар,  украиндықтар,
ішінара татарлар кірді.
Орталық  Азияда  жэне  Қазақстанның  оңтүстігінде  мұсылман
депутаттарының  Кеңестері  кұрылды.  1917  жылғы  16— 21  сэуірде 
Ташкентте 
мұсылман 
депутаттары 
Кеңестерінің 

елкелік 
(Түркістандық)  съезі  етіп,  ол  Уақытша  үкіметті  қолдады  және 
Ресейді  басқарудың  ең  жақсы  нысаны  Түркістанға  жэне  басқа  да 
ұлттық  аймақтарға  кең  келемде  автономия  берілетін  жағдайдағы 
Федеративтік  демократиялық  республика  деп  таныды.  Съезд 
Құрылтай съезіне дайындалуға жэне «Шура-и Ислам» мұсылмандар
партиясының бағдарламасын тануға шақырды.
Осы  жерде  айтып  кететін  жағдай  1917  жылы  кектемде  мұ- 
сылмандар козғалысы негізінде «Шура-и Ислам» партиясы құрылған 
болатын.  Ташкенттегі  съезде  (1917  ж.  сэуір)  қалыптасқан  «Шура-и
Ислам»  партиясының  Шымкентте,  Әулиеатада,  Перовскіде,  Қа- 
залыда  жэне  басқа  қалаларда  жергілікті  ұйымдары  болды,  оларға 
мұсылман  дінінін  православие  дінімен  тең  құқықтылығы.
іни
шектеулердің жойылуы, ислам діні оқу орындарының ашылуы, Мек- 
кеге қажылыққа баруға рұқсат ету жэне басқа да діни  құқықтар мсн 
бостандықтар  үшін  күрескен татар,  езбек,  қазақ діни  қайраткерлсрі 
мен  қатардағы  мұсылмандар  кірді.
207

Қазақстандағы  қос  өкіметтің  орталык  аудандарға  карағанда 
өзіндік  ерекшеліктері  болды,  бұл  өлкенің  отар  ретінде  элеуметтік- 
экономикалық  жэне  саяси  даму  деңгеіііне,  оның  кепұлттығы 
мен  халқының  құрамы  негізінен  ұсақ  буржуазия  екілдерінен 
шыққандығына  байланысты  еді.  Тап  осындай  жағдай  Түркістан 
өлкесінде де орын  алды.  Мұнда патша өкіметі  құлаған соң биліктің 
үш  түрі  орнады:  олар  —   Кеңестер,  Уақытша  үкіметтің  атқару 
комитеттері  жэне  мұсылмандар  ұйымы.  Егер  алғашқы  екі  билік 
сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны 
ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлтты қ зиялылар басқарған 
оның  соңғысы  жергілікті  тұрғындарды алаңдатқан  мэселелерді  ше- 
шуге тырысты.
Сонымен,  Ақпан  революциясының  жеңісінен  кейін  Қазақстанда 
коғамдық-саяси  өмірдің  біршама жандануында  Ресейдің  саяси  пар- 
тиялары,  эсіресе,  олардың  жергілікті  ұйымдары  мен  топтары  ез 
эсерін тигізді.  1917 жылдың көктемінде болып еткен облыстық казақ 
съездері  болашақ  партияның  бағдарламасын  эзірлеуге  көмектесіп, 
съездерге катынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері 
«Алаш»  партиясының  элеуметтік  негізін  құрады.  Осылайша,  1905 
жылдың  өзінде-ақ  құруға  эрекет  жасалған  «Алаш»  партиясы  іс 
жүзінде  1917  жылдың  мамыр  айында  қалыптасып,  ал  оның  ресми 
тіркелуі  1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.
Тарихта  «Алаш»  партиясының  саяси  ұйым  болып  құрылуының 
бастауын  1917  жылдың  21— 28  шілде  аралығында  еткен  бірінші 
Бүкілказақ  съезі  айқындап  берді.  Съезд  жұмысына  сол  кезде  қазак 
даласының алты  облысынан:  Ақмола,  Семей,  Торғай,  Орал, Жетісу, 
Ферғана  жэне  Бекей  ордасынан  делегаттар  қатысты.  Съезде  14 
мэселе  күн  тэртібіне  қойылды;  мемлекеттік  басқару  жүйесі;  қазак 
облыстарының  автономиялығы  туралы;  жер  мэселесі;  халық мили- 
циясын ұйымдастыру;  земство туралы, халық ағарту  ісі;  сот ісі; дін 
мэселесі;  эйелдер  мэселесі;  қазақтар  облыстарында  Құрылтай  жи- 
налысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; 
қазак  саяси  партиясын  құру  туралы  жэне  т.  б.  Осылардың  ішінде 
езінің  мазмұны  мен  саяси  маңызы  жағынан ұлтты қ автономия,  жер 
мэселесі  мен  Құрылтай  жиналысына  дайындық  мэселелері  бірінші 
кезекте,  ете  саяси  пікірталас  жағдайында  талқыланды.  Мысалы, 
ұлттык  автономия  туралы  А.Байтұрсынов  пен  М.Дулатов  тэуелсіз 
автономиялық  Қазак  мемлекетін  жақтап  сейлесе,  Ә.Бөкейханов 
қазақ  ұлттық-аумактық  автономияның  Ресейдің  құрамында  бо- 
луын  жақтады.  Бірақ,  ол  мемлекет  демократиялық  федеративті
2 0 8

парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. 
Бұл  көзкарас  көпшілік  делегаттардың  колдауына  ие  болды.  Соны- 
мен съездің карарында: «Қазак облыстары аумақтық-ұлттык автоно-
мия  кұкығын  алуы  тиіс»  деп  жазылды.  Сондай-ақ,  жер  мэселесі  де 
қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен 
Бұхара,  Ферғана,  Хиуадағы  қазақтар  қауымдастығынан  Құрылтай 
жиналысына  ұсынылған  81  кандидаттың  78-ін  депутат  етіп  сайла- 
ды. Олардың арасында «Қазақ» ғазетінің жетекшілері, қазақұлттық- 
либералдык  қозғалысынын  кесемдері  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсы* 
нов,  аймақтардан  А.Ермеков,  Х.Ғаббасов,  Ж.Х.Досмұхамедовтар, 
М.Тынышбаев,  М.Шоқаев,  С.Асфендияров  болды.
Съезде  қаралған  барлық  мэселелер  талқыланып,  шешімдер 
қабылдану  барысында  қазақ ұлт  зиялыларының  ыкпалы  басым  бо- 
лып отырды.  Сайып  келгенде,  Орынборда өткен  бірінші  Бүкілказақ 
съезі  «Алаш»  қазак  ұлттық  саяси  партиясын  шын  мэнінде 
заңдастырды.  Аткару  комитеті  негізінде  партияның  басқарушы  ор-
ганы  сзиланды.
Сонымен,  корыта  айтканда,  Кеңестік  дәуірдегі  Коммунистік 
партияның  идеологтары  Алаш  партиясы  мен  Алашорда  үкіметін 
буржуазиялық  ұлтш ылдық  қозғалысының  керінісі  деп  бағалап 
келді.  Алайда,  біздің  жоғарыда  атап  көрсеткеніміздей,  жалпы 
Алаш  қозғалысы,  соған  байланысты  XX  ғасыр  басындағы  қазак 
ұлт  зиялыларының  коғамдык-саяси  кызметінде  «ұлтшылдықтың», 
«буржуазияшылдыктың» ешқандай да белгісі  болған  емес.  «Алаш» 
казақ  халқының  нағыз  ұлттық  демократиялык  партиясы  болды. 
Сондыктан,  казіргі  де,  болашак  ұрпақтың  да  санасында  оның  емір 
сүрген  уақыты  қазак  халқының  ғасырлар  бойы  армандаған  өзінің 
толық  тәуелсіздігін  қалпына  келтіру  жолындағы  күресінің  ең 
маңызды  бір кезеңі деп бағалануы  керек.
V

11-тақырып 
ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІМЕН АЗАМАТ 
СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1917— 1920 жж.)
1917 ж.  Қазан  төңкерісі  және оның Қазацстандагы
қогамдық-саяси өмірге әсері
Азамат  согысы  және социалистік цұрылыстың  басталуы
1.1917 ж. Қазан төңкерісі  және оның Қазақстан 
қоғамдық-саяси  өмірге әсері
Уакытша  үкіметтің 
халық  күткен  аграрлық  мэселені  шеше 
алмауы,  езілген  халықтарға  өзін-өзі  билеуі  немесе  автономия 
алу  мэселесін  күн  тэртібіне  қоюға  тырыспауы,  жұмысшыларға 
8
  сағаттық  жұмыс  күнін  енгізу  сияқты  көкеіікесті  мэселелерді 
шешпеуі  халық  наразылығын  одан  эрі  күшейтті.  1917  ж.  жазынын 
соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның 
Уақытша  үкіметке  деген  қарсылығы  есе  түсті.  Бұл  Кеңестердегі 
большевиктердің  ықпалының  артуына  жағдай  жасады.  Ал  Корни- 
лов  бүлігінің  талқандалуы  большевиктер  беделін  біржола  көтерді. 
Осындай  жағдайда  большевиктер  партиясы  1917  жылғы  шілде 
оқиғасынан  кейін  алынып  тасталған  “Барлық  билік  Кеңестерге 
берілсін”  деген  ұранды  қайта  көтерді.  Енді  бұл  ұран  қарулы 
көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын
орнатуға бағытталды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы  көтеріліс ба-
стал ды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін
басып  алды.  1917 ж.  25  қазанда (7  қарашада) Әскери-революциялық
комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын  жариялады.
Осылайша Қазан  төңкерісі жеңіске жетті.
Қазан  қарулы  көтерілісінің  Петроградта  жеңіске  жетуі,  сондай- 
ақ  Қазақстанмен  іргелес  Ташкент,  Омбы,  Орынбор,  Астрахань  тэ- 
різді  ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы  Қазақстанда да биліктің 
Кеңестердің  қолына  өтуіне  ықпал  етті.  Алайда  Қазакстанда  Кеңес 
өкіметін  орнату төрт айға,  1917 ж.  соңынан  1918 ж.  наурызына дейін
созылды.  Бұл  процесс  аймақтың  элеуметтік-экономикалық  жэне 
мэдени  баяу  дамуымен,  ұлтаралық  қатынастардың  күрделілігімен, 
жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе
210

түсті.  Кеңес  өкіметінің  Қазақстаңда  орңауына  Ленин  бастаған 
большевиктердің  халыққа  бейбітшілік,  жұмысшыларға  зауыт 
пен  фабрика,  шаруаларға  жер,  ұлттар  мен  ұлыстарға  теңдік  пен 
бостандық  беру жеңіңдегі уәдесі  өз септігін тигізді.  Кеңес үкіметін 
орнатуға Орал, Жетісу,  Сібір,  Орынбор  казак эскерлері  мен  құлаған 
Уақытша  үкіметтің  жақтастарының  табанды  қарсылық  көрсетуі 
жағдаііды одан эрі  шиеленістіре түсті.
Кеңес  өкіметі  Уақытша  үкіметтің  жақтастары  қарулы  қарсылық 
көрсете  алмаған  Сырдария,  Ақмола  облыстары  жэне  Бекей  Орда- 
сында  бейбіт  жолмен  орнады.  Ал,  Торғай,  Орал,  Орынбор,  Семей 
жэне  Жетісу  облыстарында  Кеңес  екіметін  орнату  үшін  киян-кескі 
күрес  болды.  Облыстық  орталықтар  мен  уездік  қалаларда  кеңес 
екіметі  қызыл  гвардиялық  отрядтардың  жэне  жергілікті  горни- 
зондар  солдаттарының  қарулы  кетерілісі  арқылы  орнады.  Перовск 
(Қызылорда)  жұмысшылары мен солдаттары  өкімет билігін  1917 ж. 
30  қазанда  (12  қараша)  ез  колына  алды.  Ташкентте  Кеңес  үкіметі
1917  жылы  1  қарашада  кескілескен  ұрыс  нэтижесінде  орнады.  Ал
1917  жылдың  караша  айының  орта  кезінде  Кеңес  екіметі  Черняев 
(Шымкент)  қаласыңда  жеңді.  Қараша-желтоқсан  айларында Кеңес 
өкіметі  Әулиеатада,  Түркістанда,  Қазалыда,  Арал  поселкесінде 
жэне  облыстың  басқа  да  ірі  елді  мекендерінде  бейбіт  жолмен  ор- 
нады.  Кекшетау,  Павлодар,  Атбасар,  Өскемен  уездерінде  казак- 
орыс әскерлерінің басым болуынан  Кеңес екіметі  үшін күрес  біраз 
қиындықка кездесті. Кеңес екіметі  1918 ж.  наурыз айында  Жаркент- 
те,  Сергиопольде  (Аягезде),  Талдықорғанда,  сэуірдің  бас  кезінде 
Лепсіде орнады.
1917 
ж.  соңы  мен  1918  ж.  наурызы  аралығында  Кеңес  өкіметі 
Қазақстанда  негізінен  қалалар  мен  басқа  да  ірі  халық  тығыз 
орналасқан  жерлерде  орнады.  Кеңес  екіметін  орнатумен  бірге 
елкенің  шаруашылығы  мен  мэдениетін  қайта  қүру  шаралары 
қатар  жүргізілді.  Өнеркэсіп  орындарында,  мэселен  Спасск  зау- 
ытында,  Қарағанды  шахтасында,  Успен  кенішінде,  Ембі  мұнай 
кэсіпорындарында  бақылау  қойылып,  сондай-ак  банктер  мемле- 
кет  меншігіне  кешірілді.  Кеңестердің  2-  Бүкілресейлік  съезінде 
кабылданған  Жер  туралы  декрет 
бойынша  алғашкы  шаралар 
жүргізіле бастады.
Қазан теңкерісініңалғашқы күндерінен бастап-акоблыстықжэне 
уездік  орталықтарда  да  жүмысшылар  мен  шаруалардың  өкімстін 
нығайту  ісі, ауылдық  жэне  селолық  Кеңестерді  қүру  ісімен  бірге 
жүргізілді.  Алайда  ауылдың  жономикалык  жэне  мэдсни  жағынан

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет