86. Күл қоздырғышы: морфология, физиология, зерттелетін материал, оны жинау әдістері, зертханалық диагностика әдістері
Күл(дифтерия)-коринебактериялар тобының Леффлер бактериясы ағзаның улану белгілерімен басталатын антропонозды, жедел тарайтын өте қауіпті жұқпалы ауру.
Күл дертін бактериялардың токсигенді дақылдары туғызады. Қоздырғыш тек қана адамнан-адамға беріледі. Жұқпа көзі- тасымалдаушы мен науқас адамдар. Негізгі таралу жолы – ауа-тамшылы және тұрмыстық қатынас арқылы жұғады, ыдыс – аяқ, киім, ойыншықтар арқылы да жұғуы мүмкін.
Дифтерия қоздырғышының ену қақпаларына жұтқыншақ, көмей, мұрын, көздің дәнекер қабығы, жараның үсті, тері т.б. шырышты қабаттар жатады. Көбінесе жұқпаға жас балалар сезімтал келсе, соңғы жылдары ол ересектерде де байқалып жүр. Ауру әсіресе, күз-қыс мезгілдерінде аурушаңдық жиі кездеседі. Күл таяқшалары науқастың, бактерия тасымалдаушының көмекейінің шырышты қабығында орналасып, жұқпаның ену қақпасында фибринозды қабыну барысында тіндерден қиын ажыратылатын дифтериялық қабықша түзіледі. Бактериялармен түзілетін экзотоксин қанға түсіп, нәтижесінде токсинемия дамиды. Осының салдарынан адам организмінде токсин миокард, бүйрек, бүйрек үсті жүйесінің жедел жетіспеушілігі, жүйке тіні зақымдалады, ол аурудың асқынуына әкеп соғады.
Қырылдауық жұқпасының бірнеше түрі бар. Соның ішінде қауіпті жағдай – көмекей дифтериясы. Жасырын кезеңі-2-10 күн. Науқастың негізгі белгілері дене қызуының 39-40 градус С дейін көтерілуі, жұту кезінде жұтқыншақтың ауырсынуын сезіну, бадамша бездерінде қабықшаның пайда болуымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен басталады. Ересек адамдарда дифтерия лакунарлы баспа түрінде өтуі мүмкін. Кішкентай балаларда жиі көмекей мен мұрынға қоса патологиялық үрдіске жұтқыншақ қосылады. Көмекей ісінуінің салдарынан дифтериялық қарқылдау дамиды да, тыныс алу бұлшық еттерінің сал болуынан ауыр асқынулар асфексия мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Науқастанғаннан кейін тұрақты антитоксикалық иммунитет белсенділігі қалыптасады. Күл тасымалдаушысына қарсы бағытталатын иммунитеттің негізгі механизмі –жергілікті антитоксикалық. Жаңа туған нәрестелерде анасынан берілетін иммунитет 5-6 айға дейін сақталады. Емделу жолдары иммундық терапия дифтерияға қарсы антитоксиндік сарысуды жедел енгізу және антибиотиктермен емдеу жүргізіледі. Микробиологиялық зерттеу сынамаларына жабынды, көз, мұрын, жұтқыншақ, құлақ, уретра, жара т.б. ағзалардың бөліндісі алынады. Диагноз қою үшін жеделдетілген МФТ, молекулярлы генетикалық әдістер, бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізіліп анықталады. Бұл дерттің алдын алу үшін ең маңыздысы арнайы АДС, ВКДС препараттарын үш айлық жастан бастап балаларға егу керек. Сонымен қатар ревакцинацияны ересек адамдар әр 10 жыл сайын алу қажет. Профилактикалық мақсатта жеке бас гигиенасын сақтауда аса маңызды. Жоғарғы тыныс жолдарының қабыну барысында бір реттік қорғаныс бетпердесін пайдаланыңыз. Иммундық белсенділігіңіздің арттыру үшін жеміс-жидек, табиғи дәрумендерге бай тағамдармен тамақтаныңыз. Денсаулық кепілі – тәжіри- белі арнайы медициналық мамандардан кеңес алған дұрыс. Өзіңіздің және сәбиіңіздің денсаулығы өз қолыңызда!
Достарыңызбен бөлісу: |