Микробтардың физиологиясы, фермент түзілуі, ферменттердің жіктелуі, олардың микробтық жасушаның дамуындағы рөлі
Туберкулез микобактериялары: морфология, физиология, зерттелетін материал, оны жинау әдістері, зертханалық диагностика әдістері
Туберкулез – микобактериясы тудыратын, көбінесе Кох бацилласы ретінде белгілі жұқпалы және әлеуметтік маңызды ауру.
Туберкулез микобактериялары қоршаған ортаның факторларының әсеріне өте төзімді болып келеді және ұзақ уақыт бойы тіршілік ету қабілеттерін жоймайды. Қалыпты жағдайда бактериялары күннің көзінің болмауы кезінде бірнеше ай, көше шанында – 10 күн, кітап беттерінде – 3 ай, суда – 5 ай сақталады.Күн сәулесінің тура түсуінен қақырықтың жұқа қабатындағы туберкулез бактериялары 1-3 сағат аралығында өледі.
Ең алдымен өкпе залалданады (80%), кейде ми мен оның қабықшалары, омыртқа, бүйрек, лимфа түйіндері, буын, жыныс мүшелері және басқалары (20%). Аурудын дамуына әсер етуші факторлар: иммунитеттің әлсізденуі, жеткіліксіз тамақтану, қосымша ауыр түрдегі ауру (АИТВ, қант диабеті, оыйқ жара ауруы және т.б.), туберкулезбен ауратыннауқаспен ұзақ және жиі қатынаста болу.
Инфекция қөзі ауру адам, жануарлар және құстар.
Туберкулез:
ауа- тамшылары; туберкулез бактериялары белсенді туберкулезбен ауратын науқас түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде тамшылар арқылы ауға таралады;
алиментарлық ( ауру жануарлар немесе құстардың сүтін, етін, жұмыртқасын тағамға тұтынғанда түсуі мүмкін);
қарым – қатынас арқылы беріледі. Қарым –қатынас арқылы дені сау адамдар туберкулезбен ауыратын отбасы мүшесінен және бірге тұратын адамдардан тұрмыста қолданған жеке заттарын, киімдерін, ыдыстарын, басқа заттарын қолданудың салдарынан жұқтыруы мүмкін
Ағзаның жақсы қорғау күші барысында туберкулез бактериялары салауатты ұлпалардан жекеленеді, айнала тығыз қабықша дамып, аурудың дамуы тоқтатылады.
Жұқпасы бар адамдардың 90-95% туберкулезге шалдықпайды. Жұқпасы бар адамдардың 5-10 – ында % ауру дамиды.
Өкпе туберкулезінің түрімен ауыратын науқастағы аурудың басты белгілері 2 аптадан ұзаққа созылған жөтел , салмақ жоғалту, тершендік, кеуде тұсының ауыруы, қан аралас қақырық, жалпы әлсіздік және тез шаршап қалу, дене температурасының ұзақ көтерілуі.
Аурудың белгілерін байқаған жағдайда дәрігерге көріну керек.
Туберкулезді қалай тез және дұрыс анықтауға болады?
Рентгендік тәсілмен – жылын а 1 рет кеудені флюорографияға түсіру немесе рентгендік зерттеу;
Туберкулезбен ауыруы мүмкін адамның қақырығын микроскопиялық зерттеу;
Балаларда туберкулезді анықтаудың басты әдісі Манту туберкулез сынамасын жасау болып табылады.
Уақытында анықталған туберкулез – ойдағыдай айығып кетудің кепілдігі. Туберкулез жағдайының абсолют көпшілігін емдеуге болатындығы дәлелденген. Егер емделу кезені үзілмеген болса, науқастар жазылып кетеді.
Туберкулездің спецификалы және спецификалы емес профилактикасы.
Спецификалық профилактика туберкулез қоздырғыштарына ағзаның төзімділігін арттыруға және нақты бір адамға бағытталған. Туберкулез инфекциясына дені сау адамның төзімділігін иммундау, яғни вакцинация арқылы арттыруға болады. Иммундау БЦЖ (Кальмет-Герен бацилласы) вакцинамен жасайды. Вакцинация перзентханада ай-күні жетіп туылған, дені сау балаларға алғашқы 4 күн ішінде жасалады.
Туберкулезге қарсы екпе жасалғаннан кейін ағзада қалыптасатын иммунитет белгілі бір мерзімге дейі сақталады. Сондықтан бірнеше жылдан соң вакцинацияны, яғни БЦЖ ревакцинасы деп аталатын екпені қайта егу жүргізіледі. Ревакцинацияға жұқпалы аурулары жоқ, 6-7 жаста (1 сыныпта) жасалатын Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткен дені сау балалар жатады.
Спецификалық емес профилактика. Жұқтырудың нәтижесі мен ауыру негізінен адамның иммунитетіне байланысты. Ал ағза төзімді болуы үшін аурудың алдын алу мен денсаулықты сақтау жөніндегі басты ұсыныстарды сақтау маңызды. Бұл – тиімді тамақтану, дене шынықтыру белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту, күйзеліске төзімділікті арттыру,күн тәртібін сақтау, жеке бастың, баспана тазалығын сақтау, түшкіру, жөтелудің ережелерін сақтау.