Микробиология ұғымы, мақсаттары, міндеттері, бөлімдері. мейірбике ісіндегі микробиологияның маңызы


Зерттелетін материалға жолдама жазу



бет66/74
Дата11.01.2023
өлшемі0,89 Mb.
#60961
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74
Байланысты:
Микро жауаптары

75. Зерттелетін материалға жолдама жазу.
76. Жұқпалы аурулардың микробиологиялық диагностикасы кезеңдері мен нәтижелерін есепке алу, жауап беру
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:
Ішек аурулары;
Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.
Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.
Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.
Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет