Облигаттық аэробтар – қоректік ортада оттегінің мөлшері 21% жеткенде ғана өсетін микроорганизмдер.
Факультативтық аэробтар – аэробты және анаэробты жағыдайда өмір сүребереді. Бұларда тыныс алу жәнежәне ашу ферменттері бар, табиғатта кең тараған (сапрофитті және патогенді бактериялар жатады).
Облигаттық анаэробтар (нағыз анаэробтар) - қоректік ортада оттегінсіз жағдайда ғана өсетін микроорганизмдер.
Микроаэрофильдер - қоректік ортада оттегінің мөлшері 1% болсада өсетін микроорганизмдер.
Капнейлік бактериялар – бұлар өсуі үшін көміртегі қышқылының газының (СО2) мөлшері 10 % болуы қажет (кампилабактериялар, бруцеллалар).
Гетеротрофтар (органотрофтар) көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алады. Сонымен қатар азотты қосылыстарды, неорганикалық заттарды, микроэлементтерді және т.б. қажет етеді.
Метатрофтар, сапрофиттер (sapros - шіру, phitos - өсімдік) қоршаған ортадағы жиналған органикалық заттарды пайдаланады (шіріткіш микроорганизмдер).
Паратрофтар, паразиттер - тірі организм ішінде және сыртында тіршілік етіп, онымен қоректенетін микроорганизмдер. Олар тірі организмнің белогында ғана көбейе алады (жұқпалы ауру қоздырушылары).
Миксотрофтар – қоректенудін аралас түрлері анықталған.
Хемоорганотрофты бактерияларда энергияны АТФ түрінде алу реакциялары, фосфорилдеу реакциясымен байланысты тотығу-тотықсыздану реакциялары болып табылады. Осы реакцияларда тотыққан көміртегі жасушадан СО2 күйінде бөлінеді.
Энергияны алу әдістеріне байланысты метаболизмнің бірнеше түрлері болады: тотығу (тыныс алу), ашыту (ферменттік) және аралас.