Реферат
Ақуыз алмасуы. Асқазан сөлі:құрамы және физика
Химиялық қасиеттері қалыпты, патологиядағы ауытқулар
Жасаған : Амантай Олжас
Топ : 106 A
Факультет : Жалпы медицина
Қабылдаған: Тоқтамысова. А
Жоспары :
Асқорыту ферменттері
Асқазан сөлі
Құрамы және физика-химиялық қасиеттері
Патологиядағы ауытқулар
Мақсаты :
Ақуыз алмасуының жолдары
Асқазан сөлінің маңызын анықтау
Құрамы және физика-химиялық қасиеттерін түсіну
Патологиялық ауытқуларын маңызын ашу
Асқорыту ферменттері
Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретінреакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.
Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.
Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.
Сілекей - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% ағзалық және бейағзалық заттар болады. Бейағзалық заттардың мөлшері ағзалык заттарға Қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакңиясы өлсіз сілтілі. Сілекей құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент - амилаза, бактерияларды жоятын лизоцим ферменті болады.
Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.
Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.
Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) деп аталады.[4]
Ас қорытылуының жеткіліксіздігі деп организмге түскен тамақтың қорытылмауына әкелетін ас қорыту жолдарының жағдайларын айтады.Осының нәтижесінде организмде теріс азоттық баланс,витаминдер мен микроэлементтердің жеткіліксіздігі дамиды,организмнің қоздырғыштарга жауап қайтару қасиеті төмендейді,балалардың дамуы мен бойы өсуі баяулайды.
Асқазан сөлі
Адамда қарын бездері тәулігіне 2—2,5 литрдей сөл шығарады . Ол түссіз , реакциясы қышқыл ( pH — 0,9-1,5 ) зат . Меншікті салмағы судан аз - ақ ауыр ( 1,008 ) , құрамында 0,5—3,5 % құрғақ зат бар. Осмос қысымы қанның осмос қысымына тең ( 7,5 атм ) . Қысым сел құрамындағы бейорганикалық тұздар мен иондарға байланысты . Қарын сөлінде Na , K , Ca хлоридтері , сульфаттары , фосфаттары бар . Әсіресе тұз қышкылы көп ( 0,3 — 0,5 % ) . — ферменттер мен " муцин бар . Қарын бездерінің негізгі гландулоциттері - пепсиноген ферментін бөліп шығарады. Қышкыл ортада пепсиногеннен бір полипептид молекуласы ( ингибитор ) бөлініп, активті пепсин ферментіне айналады . Пепсин өте қышқыл ортада ( рН 1,5—2 ) қоректік заттарды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, рН 3,2—3,5 - ке тең ететін пепсин — гастриксин деп аталады .
Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары
Асқазанда тағам химиялық өңдеуден өтеді. Ол үшін асқазан құрамы күрделі сөл шығарады. Бұны секрециялық қызметі деп атайды. Қарын сөлі құрамында тұз қышқылы, протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Касл) факторы, су, фосфаттар, сүлфаттар, хлоридтер, калий, натрий, кальций және шырыш бар.
Асқазан сөлі үш түрлі бездік жасушалармен (гландулоциттермен) өндіріледі:
1. негізгі гландулоциттер пепсиноген мен химозин;
2. мукоциттер-шырыш;
3. париеталдық (іргелік) гландулоциттер — тұз қышқылын, ішкі антианемиялық факторды өндіреді.
Асқазан сөлінің шығуы нервтік рецепторлардың қозуымен және ас қорыту жолдарының гормондарымен реттелуі бойынша үш сатыда өтеді:
1. нейрогендік (кезбе нерв арқылы),
2. қарындық (гастриндік) және
3. ішектік сатылар.
Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл шығарады.
Асқазанның көп сөл бөлуін гиперсекреция, аз сол бөлуін гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуінің өзгерістері оның қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауьш гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді. Бұл кезде асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 100 титрлік өлшемнен артық болады. Қышқылдықтың азайуын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос тұз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидрия деп атайды.
Асқазан сөлінің қышқылдығы тым көп болса, сөлдің ферменттік қасиеті қатты көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен тамақ қойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның пилорустық қысқышы ұзақ мерзім жабық тұрады. Осыдан асқазанда тамақ тұрып қалады да, оның ашуы ұлғайады. Асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс астында қыжыл сезіміне, кейде құсуға әкеледі.
Бос тұз қышқылы жоқ асқазанның гипосекрециясы кезінде ас қорытудың қатты бүзылыстары байқалады. Бұл кезде пепсиннің белсенділігі төмен болғандықтан нәруыздардың ыдыратылуы болмайды. Тұз қышқылының аз өндірілуі асқазан жасушаларымен гастриннің өндірілмеуінен болғандықтан асқазанның кардиалдық қысқышы жабылмай, ашық тұрады. Сондықтан жүрек қыжылы, кекіру пайда болады. Тұз қышқылы болмағандықтан асқазанда бактериялардың өсіп-өнуі көбейіп кетеді. Осыдан тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі ұлғайады. Тағамдық заттар асқазанда ұсталмай, тез үлтабарға ауысады, ұйқы безінің сөлі аз бөлінеді, тағамдық заттар толығынан ыдыратылмай, аш ішекке түсіп, оның перисталтикасын күшейтеді, қатты іш ету байқалады. Осыдан витаминдердің жеткіліксіздігі, дененің сусыздануы, зат алмасуларының бүзылыстары, қан жүйесінде өзгерістер т. с. с. қүбылыстар пайда болады.
Ахлоргидрия жиі ахилиямен қабаттасады. Ахилия деп асқазан сөлінде ферменттердің болмауын айтады. Ахилия атрофиялық гастриттің соңғы сатысында, асқазан обырында, пернициоздық анемия кездерінде байқалады. Сонымен: бірге, дененің уыттанулары кездерінде, бауыр және эндокриндік бездердің ауруларында салдарлық ахилия дамуы мүмкін.
Құрамы және физика-химиялық қасиеттері
Таза асқазан шырыны-түссіз мөлдір сұйықтық. Ол 99-99, 5% су және 0,5-1% құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ қалдық Бейорганикалық және органикалық заттармен ұсынылған. Бейорганикалық заттар-фосфаттар,сульфаттар, бикарбонаттар, k+, Na+, Ca2+, Mg2+ иондары, микроэлементтер. Алайда, асқазан сөлінің негізгі бейорганикалық заты-тұз қышқылы (HCl) 0,3-0,5%.
Тұз қышқылының функциялары:
• пепсиногендерді белсендіреді, оларды пепсиндерге айналдырады;
• ақуыздардың денатурациясы мен ісінуін тудырады;
• асқазанда денатурация үшін оңтайлы қышқыл орта жасайды
• ақуыз; - бактерицидтік қасиетке ие;
• темірдің сіңуіне ықпал етеді;
• асқазанның моторлы-эвакуациялық қызметіне ықпал етеді.
Патологиядағы ауытқулар
Асқазан аурулары — өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. А. а-ның ішінде: асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан рагы жиі кездеседі. Асқазан қабынуының жедел және созылмалы түрі белгілі. Жедел қабыну кейбір дәрілерден, арақ-шараптан, шәй, кофені қою ішуден, тамақты өте ыстық немесе суық жеуден және бұзылған тағамды жеп уланудан пайда болады.
Гастрит
Асқазанның созылмалы қабыну сырқаты жиі кездесетін аурулардың бірі. Асқазанның созылмалы аурулары көбіне мектепке дейін және мектеп жасында басталады. Созылмалы гастриттер көп жағдайда бұл ауруға тектік бейімділігі бар балаларда байқалады. Асқазанның созылмалы паталогиясының қалыптасуына аналардағы жүктілік кезінде паталогиялар болған, жасанды тамақпен қоректендірілген, тегінде ауыр аллергиялары бар балалар бейім.
Асқазан обыры
Асқазан қатерлі ісігі - ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Жыл сайын Қазақстан бойынша асқазан обырымен сырқаттанудың 2700-ге жуық жаңа жағдайы анықталады. Қатерлі ісік құрылымында асқазан қатерлі ісігі өлім-жітім бойынша 3-ші және екінші орында. Көбінесе асқазан қатерлі ісігі ер адамдарда кездеседі. Асқазанның кез-келген бөлігінде дамып, басқа мүшелерге, әсіресе өңешке, өкпеге және бауырға таралуы мүмкін.
Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы
Жара ауруы – созылмалы рецидивті ауру, негізгі белгісі асқазан мен 12 елі ішек қабатында жараның түзілуі болып табылады.
Эндоскоп арқылы алынған асқазан жарасы
12 елі ішек жарасы, асқазан жарасына қарағанда 4 есе жиі кездеседі. Жаралардың дуоденалды орналасуының басым болуы жас адамдарда, әсіресе ер адамдарға тән.
Асқазан жарасы бар науқастар арасында әйелдер мен еректер қатынасы 1:2, 12 елі ішек жарасы кезінде ол 1:4-1:7болады.
Пайдаланылған әдебиеттер :
Сеитов.З.С Биохимия оқулығы 2014
Функционалды азық-түліктер / Азық-түлікті байытудың ғылыми принциптері 2016
Козлов, А.И.”Тамақтану экологиясы” 2018
Достарыңызбен бөлісу: |