Вирустардың клеткаға енуі - вирустардың өсіп-жетілуінің келесі сатысы Күрделі вирустардың торшаларға енуінің 2 жолы бар.
Күрделі вирустардың - ретровирустардың, герпесвирустардың, шешек вирустардың торшаға енуінің екі түрі бар.
A) Виропексис арқылы. Бұл виропексис негізінде пиноцитоз торшаларының сұйық заттарын коллоидтық ерітінділерді өзіне тартып, сіңіріп алады. Және фагоцитоз клеткаларының қатты денелерді орап алып жүруі болады.
Вирустардың клеткаған жабысуының арасында клетка қабырғасы ойылып шұқыр пайда болады. Бұл шұқыр түбінде ерекше рецептор бар, ал мембрананың цитоплазма жағынан мол, салмағы улкен ерекше белок- клатрин бар. Шұқырдың жан жағы жабылып вирусенген жерде клетка цитоплазмасында вакоуль пайда болады.
Б) Вирустардың клеткаға жабысуы. Торша және вирус қабықшаларының
өзара бірігуі арқылы болады.
Вирустардың өсіп-жетілуінің келесі сатысы - вирустардың белоктан бөлінуі. Вирус неғұрлым күрделі болса, оның нуклеин қышқылының бөлінуіне соғұрлым көп уақыт қажет етеді. Мысалы, пикарновирустардың жұғуына екі сағат керек болса, шешек ауруының вирусы жұғуы үшін 10-12 сағат қажет болады.
Транскрипция - көшіріп жазу дегенді білдіреді. Бұл фазада ДНҚ-ға сәйкес информациялық РНҚ пайда болып бұл процесс РНҚ полимеразасының көмегімен іске асады.
Трансляция - жеткізу, апару дегенді білдіреді. Бұл процесс белок молекуласының құрылу процесі болып табылады.
Репликация - нуклеин қышқылынын құрылу процесі. ДНҚ және РНҚ молекулаларының түрлеріне байланысты репликация механизмі де әртүрлі болады: Біржіпшелі, екі жіпшелі, сақиналы, сызықшалы, үзілмелі.
Транскрипция. Бұл фазада ДНҚ-на сәйкес и РНҚ пайда болады. Қазіргі кезде белгілі жағдаи и РНҚ тірі клеткада гентикалық информацианы ДНҚ-дан рибосомдарға жібереді.
Трансляция- Бұл процес транскрипцияға қарағанда өте күрделі болады. Транслияция кезінде белок молекуласының құралуы үшін белгілі бір генетикалық информация сақталады. Бұл информация вирус құрамындағы ДНҚ-ға немесе РНҚ-ға сәйкес болады. Ребосондар екі суббөліктерден тұрады, улкен және кіші.
Транскрипция. Бұл фазада ДНҚ-на сәйкес и РНҚ пайда болады. Қазіргі кезде белгілі жағдаи и РНҚ тірі клеткада гентикалық информацианы ДНҚ-дан рибосомдарға жібереді.
Трансляция- Бұл процес транскрипцияға қарағанда өте күрделі болады. Транслияция кезінде белок молекуласының құралуы үшін белгілі бір генетикалық информация сақталады. Бұл информация вирус құрамындағы ДНҚ-ға немесе РНҚ-ға сәйкес болады. Ребосондар екі суббөліктерден тұрады, үлкен және кіші.
Инициация - транцляция процесінің басталу кезеңі трансцляция басталған кезде рибосомның үлкен және кіші суббөліктері бірігіп, толық рибосом жасайды содан соң транслокация басталады, яғни информациялық и РНҚ бір орын жылжытады.
Элонгация сатысы. Элонгацияның әрбір қадамына элонгация факторлары ферменттер қажет. Информациялық РНҚ оларда полирибосома немесе полисома деп аталады. Мұндай жағдайда бірнеше полиптид тізбегі құралады.
Терминация- трансляцияның сонғы сатысы. Терминация информациялық РНҚ-ның сонғы кодондарынан басталады. Соның нәтижесінде полипептид пен тРНҚ рибосомынан кетеді де қайтадан рибосома екі суббөлікке бөлінеді.