Микробиология тарихында Рим профессоры


Элективті және диагностикалық қоректік орталарға сипаттама беріңіз, қолданылу ерекшелігін көрсетіңіз



бет39/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Байланысты:
микро

2.Элективті және диагностикалық қоректік орталарға сипаттама беріңіз, қолданылу ерекшелігін көрсетіңіз.
Элективті немесе таңдамалы орта. Бұл орта табиғи суб- страттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды. Элективті ортаны жасау барысында микроорганизмдердің физиологиясын және зат алмасуын, олардың қоректік зат көзіне талғамын, ортаның қышқылдылығын, оттектік мөлшерін, температураны және т.б. жағдайларды ескеру қажет. Элективті орта бөліп алынатын микроорганизмдер үшін әрқашан қолайлы бола бермейді, сонда да, бөгде микроорганизмдермен салыстырғанда олар жақсы өседі.
Мысалы, азот қоспалары жоқ минералды ортада, жарық көзі бар жағдайда, молекулярлы азот сіңіруші көк жасыл балдырлар жақсы өседі. Осы ортаға қосымша органикалық энергия көзін және көміртегі көзін қосып, қараңғы жағдайда аэробты, азот сіңіруші Azotobacter-ді өсіріп алуға болады. Ал осы ортада оттексіз жағдайда тежесе, анаэробты, азот сіңіруші Clostridium дамиды.
Құрамы әр түрлі элективті қоректік орталарды пайдаланып, түрлі фототүзуші (фототрофты) бактерияларды бөліп алуға болады. Мысалы, күкіртті фотосинтездеуші бактерияларды бөліп алу үшін органикалық заттар жоқ қоректік ортаны пайдаланады. Ол ортада сульфидтің бар-жоғына және оның мөлшеріне байланысты әр түрлі бактерияларды бөліп алуға болады:
Сонымен, органика және сульфид жоқ ортада азот сіңіретін цианобактериялар өседі. Ал осы ортаға сульфидті қосса, оның мөлшеріне қарай не жасыл, не қара-қошқыл күкіртті бактериялар өседі. Органикалық ортада қара-қошқыл күкіртті бактериялар басым болады.
Жинақ орта. Жинақ ортаны М.Бейеринк ұсынды. Мұндай орталарда қандай да бір компонент артық мөлшерде болады. Сонда сол компонентті пайдаланатын микроорганизмдер өседі, яғни олар доминантты болады. Бұл орталарды табиғи субстратта
саны аз бактерияларды бөліп алу үшін қолданады. Жинақ және элективті орталарды қолдану әдістері ұқсас болса да, олардың арасында айырмашылықтар да бар. Элективті орталарды қолданғанда, зерттейтін сынамаларды тікелей тығыз қоректік ортаға егіп, колонияларды бөліп алады. Ал жинақ орталарды қолданғанда, оларды, алдымен, сұйық ортада өсіріп алып, содан кейін тығыз қоректік ортаға егеді.
Дифференциалды-диагностикалық орталар. Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалык ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет. Оған қоса, дифферен- циалды-диагностикалық орталар бактериялардың энергия көзі ретінде қандай заттарды қай жолмен пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет