1) Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататынмикробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар.
Антибиотиктер синтезін күшейту үшін қоректік ортаға бастауыш метаболитті енгізу керек. Бензилпенициллин үшін – бұл фенилсіркесу қышқылы, макролидті антибиотиктер үшін – пропион қышқылы және пропил спирті, пептидті антибиотик грамицидин S үшін – L-фенилаланин және т.б.
Кей жағдайда екі фазалы ферментация қолданылады: алдымен арзаң және қол жеткізетін субстратта жылдам дақылдың биомассасы жинақталынады, кейін орта дақылына қажетті антибиотиктің өнімін жоғарлату үшін бастауыш метаболиттер қосады. Бастауыштарды ферментациялық ортаға микроорганизм дақылының экспоненциалды даму фазаның аяғында енгізеді (кезеңдік ферментацияда), себебі антибиотиктің биосинтезі жоғарлауы бәсендеп дамитын өсу фазасында (трофофаза соңы) басталып, стационарлық фазада, идиофазада максимумға жетеді.
2. Зақымдалған ДНҚ-ның репарациясы процесін жіктеңіз
Биосинтез кезінде және химиялық немесе физикалық агенттер әсерінен өзгеріске ұшыраған Днқ молекуласының құрлымының қалпына келу процессі репарация деп аталады. Латынша “ reparatio” - түзелу, қалпына келу деген мағынаны береді.
Репарация бір жасушалыларда, өсімдік жасушаларында және жануарларда тірі қалу деңгейн көтеріп, аберациямен гендік мутацияларды төмендетеді.
Репарация ерекше ферметтер арқылы жүзеге асады.
Днқ молекуласын зақымдайтын агенттер 3-ке бөлінеді:
1.Физикалық
2. Химиялық
3.Биологиялық
Мутагендер әсері
Ең маңызды физикалық мутагендердің бірі- иондаушы радиация. Оның әсерінен жасушада бос радикалдар (жұп емес молекулалық электрондар) пайда болады.
Тағы бір мутаген – ультракүлгін сәулелер. Олар әсіресе тері жасушаларына көп әсер етеді. Ультракүлгін сәулелендіруден Днқ молекуласында тиминдік димирлер қалыптасады. Бұл ДНК-ның репликациясы мен транскрипциясының оқылуы кезінде қателіктерге әкеледі.
Химиялық мутагендердің бірі – азоттық қышқыл. Олар цитозинді урацилге, аденинді инозинге айналдырады.
Метилнитразамин Днқ-ны OH және NH-ге митилдендіреді.
Бензипирен негізінен қауіпсіз, бірақ метобализм кезінде канцерогендік әсерге ие болады.
Репарацияның типтері:
1.Жарық репарациясы.
2.Қараңғылық репарациясы.
3.Репликациядан кейінгі репарациясы.
4. SOS- репарация.
Жарықтық репарацияны, яғни жарыұта жүретін репарацияны алғаш, ХХ ғасырдың 40 жылдары А. Кельнер ашқан.
Бактериялар мен саңырауқұлақтарға ультракүлгін сәулесімен әсер еткенде, ДНК құрылысында пайда болған мутациялар нәтижесінде олар тіршілігін жойған. Сәулелендірілген жасушаларды жарық жағдайға ауыстырғанда, олар тіршілігін жалғастырған. Тәжірибе нәтижесінде көзге көрінетін жарық ДНК – құрылысын қалпына келтіріп, жасушалардың қызмет атқаруына мүмкіндік туғызған деген қорытынды жасалады.
Қараңғылық репарациясы
Ағзада немесе жасушада жарықтық және эксцизиялық репарация механизмдері жұмыс істемей қалған кезде келесі бір репарация типі – пострепликативтік репарация іске қосылады.
Егер ДНК – дағы барлық кемістіктер репликацияға дейін жойылмаса, онда ДНК – дағы бастапқы екі тізбектің біреуінде сол бұзылған учаске (тиминдік димер) сақталып, оған комплементарлы екінші тізбек қалыпты күйінде қалады. Репликация кезінде бұзылған учаскесі бар тізбекке комплементарлы түзілген жаңа тізбекте сол тиминдік димерге қарсы тесік ашық жер қалады, ал екінші тізбекке сай түзілген жаңа тізбек қалыпты жағдайда синтезделеді. Бұдан кейін, бұзылған учаскенің пострепликативтік репарациясы жүреді
Жұпталмаған негіздердің репарациясы.
Жасушалар тіршілігінде жиі кездесетін жағдай – ДНК репликациясы кезінде нуклеотидтердің жұптасуында қателіктер байқалып, ДНК – ның жаңадан синтезделген тізбегіне комплементарлы емес нуклеотидтер жалғануы мүмкін. Бұл құбылыс “мисмэтч” деп аталады, жаңа түзілген тізбек мутантты болып есептеледі.
SOS – репарация.
SOS – репарация “сына сынамен шығарылады” деген принципке сәйкес келетін репарацияның таңқаларлық, ерекше типі болып саналады. SOS – репарация кезінде өте көптеген жаңа мутациялардың (трансзицилар мен трансверсиялар) пайда болуын қамтамасыз ететін механизмдер іске қосылады.
3. Суретті пайдаланып актиномицеттердің түрлерін анықтап, кестені толтырыңыз.
Билет 39
1.Антибиотиктердің жіктелу принциптеріне тоқталып, олардың топтарын қарастырыңыз.
Антибиотиктер - қатерлі ісіктердің дамуын және микроорганизмдердің өсуін тежейтін, микроорганизмдерден, жануарлар мен өсімдіктер клеткасынан өндірілетін химиотерапевтік заттар мен олардың туындылары.
Бірінші антибиотикті 1929 ж. ағылшын бактериологы А.Флеминг ашты. Ол көгергіш саңырауқұлағы Пенициллиум контатумды зерттеу кезінде бактериялық культураның өвуіне кедергі жасайтын затты анықтап, оны пенициллин деп атады.
1940 ж. Г.Флори және Э.Чейн пенициллинді алды. 1945 ж. А. Флеминг, Г.Флори және Э.Чейн Нобель лауреаты атағын алды.
Антибиотиктердің жіктелуі.
А.Флеминг алғашқы антибиотикті ашқаннан кейінгі 60 жыл ішінде 6000-ға жуық антибиотиктер алынды, сондықтан қазір ең маңызды мәселелердің бірі осы препараттарды жүйелеу болып отыр. Антибиотиктердің әртүрлі жіктелуі бар, бірақ оның ешқайсысы жалпы қабылданған емес. Антибиотиктердің ең басты жіктелуі, химиялық құрамына байланысты (1 таб.). Таблица 1.
Алыну кезіне байланысты антибиотиктерді 4 топқа ажыратады.
Саңырауқұлақтардан алынатын антибиотиктер, мысалы׃Пенициллиум (пенициллин, гриаеофульвин), цефалоспориум (цефалоспорин), фузидум (фузудин) және т.б.
Актиномициттерден алынатын антибиотиктер, бұл топқаантибиотиктердің 80% енеді. Актиномициттердің арсында ең негізгі стрептомицин, эритромицин, левомицетин, нистатин және басқа антибиотиктерді өндіретін стрептомицес өкілдері.
Бактериалардан алынатын антибиотиктер. Бұл мақсатта жиіқолданылатын Бацииус және Pseudomonos өкішлдері. Бұл топқа мысал ретінде полимиксинді айтуға болады
Жануарлардан алынатын антибиотиктер. Оларға пияздан,сарымсақтан, басқа өсімдіктерден алынатын фитонцидтерді жатқызуға болады. Олар өте тұрақсыз қосылыстар болғандықтан таза күйінде алынбаған. Көптеген өсімдіктердің антимикробтық қасиеті бар. Мысалы, ромашка, шалфей, календула.
2.Микроорганизмдерді бояудың әдістерін көрсетіңіз.
Грам әдісімен бояу. дат ғалымы Грам (1884 ж) бактерияларды бояу үшін ұсынған, бұл әдіс бойынша барлық бактериялар екі топқа бөлінеді: Грамоң және грам теріс. грам ұсынған тәсіл бойынша клеткалардың боялуы клетка қабықшасының құрамына байланысты. грам оң бактерияларының клетка қабықшасының қалыңдығы 20-80нм құрайды. грам теріс бактерияларының клетка қабықшасы көп қабатты,қалыңдығы 14-17нм құрайды. грам терістерде тейхуй қышқылы болмайды. грамоң бактериялар препаратты спиртпен өңдеу кезінде генициан көгілдірдің йодпен қосылысын ұстап қалады да, көгілдір түске боялады. грам теріс бактериялар бұндай қасиетке ие емес, сондықтан спиртпен түссізденеді. одан кейін спиртпен өңдеу кезінде олар ашық қызыл түске боялады.
Грам әдісі бойынша бояу тәртібі:
1. бекітілген жұғындыны кристалды көгілдірмен бояп,1-2 мин ұстайды да, бояуды төгіп тастайды.
2. люгольдің ерітіндісін тамызып,1-2 мин кейін ерітіндіні төгеді.
3. көгілдір судың ағуы тоқтағанша 30-60 с аралығында препаратты этил спиртімен түссіздендіреді.
4. препаратты сумен шаяды.
5. сулы фуксинмен 1 мин бояйды. грамоң бактериялар қою көгілдір түске, ал грам теріс бактериялардың клеткалары ашық қызыл түске боялады.
Грам әдісімен бояу нәтижесі дақылдың жасына байланысты болады, ересек дақылдары өлі клеткалар грамтеріс боялады. сондықтан жас тәуліктік дақылдарды қолданған жөн.
Микроорганизмдерді бояудың қарапайым тәсілі жиі қолданылады, өйткені ол микробтардың морфологиясымен тез және жақсы танысуға мүмкіндік береді. Бояудың қарапайым тәсілінде, тек бір ғана бояуды пайдаланады. Мысалы, Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісі немесе метилен көгі. Бекітілген жағындыға тамызғыштың көмегімен бояудың бірнеше тамшысын тамызады. Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісімен жағындыны 1-2 минут, ал метилен көгімен 2-3 минуттай бояғаннан кейін, оларды сумен шайып, микроскоптың иммерсонды жүйесі арқылы зерттейді.
3. Аэробты микроорганизмдерді қатты қоректік ортаның бетінде және сұйық орталарда өсіру әдісін сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |