Олигомерлер – молекулаларының мөлшері жағынан мономерлер мен жоғары молекулалық қосылыстардың арасынан орын алатын гомологтық қатардың мүшелері.[1] Олигомерлердің молекула массасының жоғарғы шегі оның химиялық табиғатына және жоғары эластикалық деформация мен еріксіз эластика күй шамасына тура келеді. Массалары 1,5104-не жететін полюсті және 5103 болатын полюссіз түрлері бар. Оларға молекула мөлшері өсуімен сипатталатын бірқатар физикалық-химиялық қасиеттер тән. Осыған орай реакцияға қабілетті (форполимерлер), полимерлерге дейін түрлене алатын және орталықтары жоқ олигомерлер деп бөлінеді. Форполимерлерге: полиэфирлі, эпоксидті, фенол-альдегидті, алкидті, т.б. шайырлар жатады. Бұлар қатпарлы пластиктер, пенопласттар, лактар, желімдер өндіруде кеңінен қолданылады. Олигомерлерді алудың көптеген синтездеу әдістері полимерлеу және поликонденсациялау процестерінде макромолекуланың өсуін тежеу реакциясына негізделген. Сонымен қатар олигомерлерді жоғары молекулалы полимерлерді деструкциялау арқылы алады.
3. Суреттегі жабдықтарды атаңыз, қолданылуын сипаттаңыз.
Суретте көрсетілген заттар:
1 – петри табақшасы;
2 – пробирка;
3 – бактериялогиялық ілмек;
4 – микробиологиялық ине;
5 – Дригаль шпателі;
6 – колба.
Билет 50
1. Оксидоредуктаза, трансфераза және гидролаза топтары ферменттерінің ерекшеліктерін талдаңыз.
Оксидоредуктаза ферменттері - бір қосылыстың тотығуын және екіншісінің ілеспе тотықсыздануын катализдейтін ферменттер. Бұлар, әдетте, олардың жұмыс істеуі үшін коферменттердің әртүрлі типтерінің болуын талап етеді. Коферменттер оксидоредуктазалар өз субстраттарына қосатын немесе кетіретін электрондар мен сутек атомдарын беру немесе қабылдау функциясын орындайды. Бұл коферменттер NAD + / NADH жұбы немесе FAD / FADH2 жұбы болуы мүмкін. Көптеген аэробты метаболизм жүйелерінде бұл электрондар мен сутек атомдары ақырында қатысқан коферменттерден оттекке ауысады. Олар субстрат ерекшелігінің айқын «жетіспеушілігі» бар ферменттер, бұл оларға әр түрлі полимерлер типтеріндегі айқасатын реакцияларды катализдеуге мүмкіндік береді, мейлі олар ақуыз болсын, көмірсулар болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |