Инфекция пайда болып дамуы үшін 3 фактор керек;
1. Патогенді микроорганизм.
2. Макро- және микроорганизмнің өзара
әсерлесуі болатын қоршаған орта.
3. Қабылдаушы макроорганизм.
Жұқпалы аурулардың соматикалық
аурулардан ерекшелігі;
1) қоздырғыштың болуы
2) жұқпалылығы
3) аурудың кезеңдері мен өтуі (4 кезеңі
болады)
4) арнайы иммунитет пайда болуы
Патогенділік – микроорганизмнің инфекциялық процесс қоздыру қабілеттілігі, ол микробтың түрлік қасиеті, микроорганизмнің патоморфологиялық, патофизиологиялық және клиникалық көріністермен сипатталады. Ол микробтардың әртүрлі патогенділік белгілеріне (капсула түзу, ферменттер және токсиндер бөлу т.б.) жауап беретін гендермен байланысты (toxген т.б.)
2. Микроорганизмдер қатысуымен темір қосылыстарының өзгеріске ұшырауын сипаттаңыз.
Темірдің органикалық қосылыстарын микроорганизмдер ыдырата алады. Сонда молекуланың органикалық бөлігін микроорганизмдер өз қажетіне жаратса темір жеке күйінде ортаға бөлініп шығады. Бұл процесс көбінесе аэробты жағдайда, темірдің гидрит тотығы түрінде бөлінеді. 1888 жылы С.Н.Виноградский Лептотрикс туысына жататын бактериялар темірдің шала тотығының тұзын оның жай тотығына айналдыра алатынын анықтаған. Бұл процесс бактерияларға қажетті энергия көзі болып есептеледі. Сонда реакция мына төмендегіше жүреді:
2РеСО3 + Н2О + Y2О2 =2Ре(ОН)3 + 2СО2 + 29 ккал.
Кейде осындай гидрат тотықтар көп жиналып, су ағатын құбырды бітеп қалатын да жағдай болады. Темір бактерияларының ішінде шар тәрізді, таяқша тәізді және жіпше тәрізділері де кездеседі.
3. Суреттегі құбылысты сипаттап жазыңыз.
Билет 45
1. Инфекция көздерін, жұғу жолдарын және салдарын сипаттаңыз.
Ауыз арқылы, ас қорыту жүйелері арқылы. Тыныс алу органдары арқылы, микроорганизмдер тамшылар,шаң тозаңдар арқылы тыныс алу органдарына кіреді; Жарақаттанған тері және кілегейлі қабықтар арқылы енеді; Жыныс жолдары арқылы енеді; Көздердің кілегейлі қабықтары арқылы; Анадан ұрыққа баланың жолдасы арқылы, малдың қағанағы арқылы беріледі; Фекальді-оральді механизм. Қоздырғыш ішекте орналасып, сыртқы ортаға нәжіспен және ауру адамның әр түрлі биологиялық сұйықтықтарымен бөлінеді. Қоздырғыш сау организмге алиментарлы жолмен –тағамдар, су, лас қол арқылы енеді Ауа-тамшылы механизм немес аэрогенді: қоздырғыш жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатында тіршілік етеді. Қоздырғыш тыныс алу жолдарына локализацияланады., олар ауа-тамшы жолдарымен беріледі; Трансплацентарлық механизмі: анадан балаға, қоздырғыштардың инфекцияланған анадан плацентадағы ұрыққа берілу механизмі; Трансмисссивті берілу немесе қан арқылы берілу механизмі: қоздырғыш қан айналу жүйесінде немесе лимфада локализацияланады, ол қансорғыш насекомдар арқылы не терінің және шырыштың бүтіндігі бұзылыстарының нәтижесінде болатын жарақаттардан беріледі; Контактілі механизм: қоздырғыш сыртқы жабындыларда локализацияланады, а) тікелей қоздырғыштың берілуі еріксіз жанасудың нәтижесінде болады; Ә) жанама –қоршаған ортадан зақымдалған заттар арқылы беріледі; Гемоконтакты механизм инфекцияның берілуі медициналық манипуляциялар, есірткілерді иньекциялау және жыныстық қатынастар кезіндегі берілу.
Инфекцияның ену қақпасы белгілі бір микроорганизмнің түріне қарсы физиологиялық қорғанышы жоқ ұлпалар қоздырғыштың макроорганизмге ену орны болып табылады. Қоздырғыштың макроорганизмге енуіне қарай: Тропизм - Белгілі бір ұлпаларға бағытталу құбылысы; Пантропизм - Қоздырғыштардың ену жолына тәуелсіз, ену орнына байланысты әртүрлі полиморфты зақымдану тудыруға қабілеті.
2. Микроорганизмдер қатысуымен көміртегі қосылыстарының өзгеріске ұшырауын талдаңыз.
Табиғатта кездесетін құрамында көміртегі қосылыстары бар органикалық заттар азотты органикалық заттар сияқты микробиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Олардан аралық заттар түзіледі, ал кейде ең ақырғы өнім CO2 мен суға ыдырайды. Көміртегі қосылыстарының ыдырауына қатысатын микроорганизмдердің түрлік құрамы белокты заттар ыдыратушы микроорганизмдер тобына қарағанда біршама айырмашылығы болады. Органикалық заттар минералданғанда пайда болған көмір қышқыл газының бір бөлігін автотрофты және хемосинтездеуші микроорганизмдер пайдаланады, ал қалған біраз бөлігі фотосинтез кезінде өсімдіктер сіңіру үшін атмосфераға тарайды.
Көміртегі қосылыстарының ішінде оңай және шапшаң минералданушылар – қанттар мен крахмал. Пектин, клетчатка, лигнин және май сияқты көміртегінің біраз мөлшері бар заттарды микроорганизмдер оңай ыдырата бермейді. Әрине осы көрсетілген өзгерістердің ең ақырғы өнімі ретінде бөлінетін заттар көміртегінің табиғаттағы айналымына қосылады. Бұл процесте аэрация жағдайының мәні зор. Аэробты жағдайда көміртегі бар органикалық заттар әжептәуір ыдырап, ең соңғы өнім, яғни көмір қышқыл газы мен су түзіледі.
С6Н12О6+6О2=6СО2+6Н2О+2822 кДж
Бұнда энергия толық босап шығады да, оны тыныс алу деп атайды.
Ал анаэробты жағдайда, яғни оттегі тапшы болғанда органикалық заттардағы көміртегі қосылыстары ашу процесі бағытында өтеді. Сонда ортада аралық өнімдер: спирттер (этил, бутил т.б. және әр түрлі қышқылдар (сүт, май, сірке, янтарь пропион, т.б.), газ тәріздес заттар: сутегі және көмір қышқыл газы пайда болады. Аэробты жағдайға қарағанда бұнда бөлінетін қуаттың мөлшері де тым аз болады. Микроорганизмдер көмегімен табиғатта жүретін ашу процесі адам баласының тұрмысында кеңінен қолданылады. Бұл процесс нан пісіру, сыра қайнату, шарап жасау, көкөністерді ашыту, сүрлем салу, сүттен түрлі сүт тағамдарын даярлауда, талшықты өсімдіктерден жіп тіндерін өндірудің негізгі болып саналады.
3. Суреттегі құбылысты сипаттап жазыңыз.
Антибактериалды терапия-аурудың кең спектрін емдеудің кең қолданылатын әдісі. Бұл әдістің жоғары тиімділігі мен салыстырмалы зиянсыздығына байланысты. Дегенмен, қажетті дәрі-дәрмектерді дереу таңдау әрдайым мүмкін емес.
Қазіргі заманғы фармацевтика маман дәрігерлерді Бактерияға қарсы препараттардың кең таңдауымен қамтамасыз етті. Көбінесе бір патогенді емдеу үшін 3-тен астам түрлі препараттар бар. Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау үшін талдау әр жағдайда ең тиімдісін таңдауға көмектеседі.
Антибиотиктерге сезімталдықты анықтауға арналған талдау ЖЖБИ-ны ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа жұқпалы ауруларды емдеуде қолданылады. Антибактериалды терапия қолданылатын кез-келген ауруды емдеуді патогендік микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтаудан бастаған дұрыс. Сезімталдықты диско-диффузиялық әдіспен анықтаған кезде, Петри ыдысындағы агардың бетіне белгілі бір тығыздықтың бактериялық суспензиясы қолданылады (әдетте McFarland үшін 0,5 ластану стандартына балама), содан кейін антибиотиктің белгілі бір мөлшері бар дискілер орналастырылады. Антибиотиктің агарға таралуы дискілер айналасындағы микроорганизмдердің өсуін басатын аймақтың пайда болуына әкеледі. Шыныаяқтарды термостатта 35-37°C температурада инкубациялағаннан кейін, нәтиже дискінің айналасындағы аймақтың диаметрін миллиметрмен өлшеу арқылы ескеріледі. Диск әдісі сапалы және микробтың препаратқа сезімтал немесе төзімді екенін бағалауға мүмкіндік береді.
Билет 46
1. Инфекциялық үрдістің даму кезеңдерін талдаңыз.
Инфекциялық агенттің енуі, оның организмнің ішкі ортасына бейімделуі және өздері бағытталған ұлпаларға колонизациялануы. Патоген микроорганизмнің гомеостазының бұзылуына әкелетін және зақымды әсер ететін өнімдерді түзуі. Инфекциялық агенттердің ену ошағынан таралуы.
Достарыңызбен бөлісу: |