Микробиология


Иммунология тарихының маңызды кезеңдері



бет126/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

Иммунология тарихының маңызды кезеңдері



Ашылуы

Жылы

Авторлары

Сыйыр шешегін адамға егу

1796

Э.Дженнер

Фагоцитоз.Жасушалық иммунитет

1884

И,И,Мечников*

Кұтыруға қарсы екпе егу

1885

Л.Пастер

Ретикуло-эндотелиалдық жүйе және оның
иммунитеттегі рөлі



1886

В.К.Высокович

Баяу гиперсезімталдық

1880

Р.Кох*

Лейкоциттердің хемотаксисі

1889-1891

Г.Н.Габричевский

Енжарлы иммунизациялау

1891

Э.Беринг*

Бүйір тізбекті теория

1897

П.Эрлих*

Комплемент

1889

Ж.Борде*

Қанның топтары

1900

К.Дандштейнер*

Анафилаксия, дереу гиперсезімталдық

1902-1905

Ш.Рише*, М.Сахаров

Артюс феномены

1903

М.Артюс

Сарысу ауруы. Аллергия

1905

К.Пирке

Ревакцинацияның көрінісі

1915

М.Райский

Иммундыфлюоресценция

1942

А.Кунс

Антиглобулиндік сынама

1945

Р.Кумбс

Иммунды диффузия

1946

Дж.Уден, Э.Оухтерлони

Н-2 жүйесі

1948

Д.Снелл*

Қатерлі ісік антигендерінің зерттелуі

1948

Л.Зильбер

Интерферон

1957

А.Айзекс, Ж.Линдеман

Идиотип-антиидиотиптік теория

1955-1977

Н.Ерне*

Клоналды-селекциялық теория

1958

Ф.Бернет*

Иммунологиялы толеранттық

1958

П.Медовар*, М.Гашек

Иммундыглобулиндердің құрылысы

1958-1968

Р.Портер*,

HLA жүйесі

1958

Д.Эжельман*Ж.Досье*

Тимус иммунитеттің орталық органы екенінің дәлелденуі

1961

Ж.Миллер

Секреторлық IgА

1963

Т.Томази

Иммунитеттің физиологиялық негізінің құрылуы

1959-1969

П.Ф.Здродовский

Иммунды жауаптың гендері

1963

Б.Бенацерафф

Лимфокиндер

1969

Д.Дьюмонд

Моноклоналдық антиденелер

1975

У.Мильштейн*, Д.Келлер*

Жасушааралық өзара әсерлесу

1973

Б.Бенцеррафф,Р.Петров

Антидене құрылуының иммунды генетикалық теориясы

1980

С. Тонегава*

Патогендік ақуыз- приондардың ашылуы

1997

С.Прусинер*

* Нобель сыйлығының лауреаттары


8.1.4. Иммунологияның медицина саласындағы жетістігі
Иммунология қысқа мерзім арасында адамзат ауруларының жиілігінің көрсеткіштерін төмендетуге және де оның кейбір түрін жоюға, адамды сақтап және денсаулығын одан әрі нығайтуға атаулы үлес қосты.
Жұқпалы аурулардың алдын алуда, диагнозын қойып, оны емдеуде иммунологияның көрнекті жетістіктері бар:
- екпе еккеннің арқасында қара шешек жойылды, жуық арада сал ауруы жойылуы мүмкін, ал көптен аурурлар жекеленген түрде ғана кездесіп отыр (қызылша, көк жөтел, күл), болашақта екпе егу арқылы қауіпті аурулар –гепатит, АИВ –ның алдын алу мүмкіншліктері бар;
- зерттеліп ашылған жаңа иммундыдиагностикалық тәсілдер түрі медицинаның тәжрибесіне еңгізіліп отыр;
- жұқпалы аурулардың көптеген түрлерін емдеуге иммундымодуляторлар (интерферон, тимус пептидтері, интерлейкиндер) мен спецификалық иммундыглобулиндер қолданылып отыр.
Онкология саласында адамның қатерлі ісігінің антигені бар екені анықталып, ол мәлімет ісіктің түрлерін бірінен бірін ажыратуға мүмкіншілік тудырды.
Трансплантология саласында иммунологияның жетістіктері арқасында (гистосәйкестік антигендері, толеранттық құбылыс) иммундыдепрессанттар қолданылып ауыстырылған органдардың ағзаға орнықпау қауіпі жойылды.
Қан топтарының иммунологиялық сәйкестігінің сыры ашылғандықтан қан кұю мәселесі шешілді.
Ана мен ұрық арасындағы иммунологиялық карым-қатынастарының күрделі мәселері шешілгендіктен, бала көтеру, бедеулік, тумысынан мүгедектілік мәселелерін шешу женілдендірілді.
Жоғарыда келтірілгендермен қатар ағзаның көптеген ішкі ауруларының, иммундытапшылық механизмдерінің бірталай кезендері ғалымдарға әйгілі болып, күнделікті тәжірибеде қолданылатын болды.
Аллергиялық аурулардың пайда болу механизімінің негіздерін анықтау, олардың алдын алу мәселелері мен емдеу тәсілдері едәуір алға басты.
Болашақ уақытта иммунологияның алдында орасан зор мақсаттар тұр. Олардың бастылары төменгідей:
- сапалы вакциналармен (генді-инженерліқ, синтетикалық, полиантигендіқ, парентералдық емес) иммундыпрофилактика жүргізіп, жұқпалы ауруладрың кейбір түрлерін жойып, кейбіреуінің жиілігін тежеу;
- қатерлі ісіктің иммундыдиагностикасы, иммундыпрофилактикасы және иммунды емдеуі;
- иммунды сәйкестік антигендердің құрлысы мен атқаратын ісін зерттеу арқылы орган ауыстыру кезіндегі иммундықайшыластықтық мәселелерін шешу;
- әр түрлі тегі бар иммундыпатологиялық жағдайлар мен аллергиялық аурулардың жемісті алдын алу мен емдеу мәселелерін анықтау;
- ана мен іштегі нәрестенің иммундық кайшыластығының пайда болу процестерінің механизімін шешу;
- ағзаның иммундық жағдайына зиянды экологиялық, әлеуметтік, кәсіптік факторларды жою;
- иммундыпрофилактикаға, иммундыемдеуге керекті жаңа эндогендік және экзогендік факторларды іздеу;
- тумысынан болған иммундытапшылықты генетикалық тәсілдермен емдеу және генетикалық диагнозын қою әдістерін ашу.
Айтылған орасан зор мәселелерді шешу үшін іргелі иммунология саласы жедел дамуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет