Микробиология



бет148/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

9.2.1.3.1.2.3. Табиғи киллерлер
Табиғи киллер (ТК), не қалыпты киллер ( NK- жасушалар – ағылшынша Natural Killer). Алғашында ағзада қатерлі ісікке айналған кейбір жасушаларды танып дайындықсыз оларды жоятын көлемді дәнді лимфоцитер деп сипатталған еді. Табиғи деп аталу себебі сондықтан. Олардың рецепторлық аппараттары және әсер ету механизмі ұзақ уақытқа дейін белгісіз болған.
Бүгінгі күндерде олардың ықшам морфологиялық, және де барлық лимфоциттер арасында үлесі 15 пайызды жасушалар екені дәлелденген. Олардың шығу тегі лимфада болмайтын, бірақ қан ағысымен көшіп-қонып жүретін ортақ лимфоидтық алғашқы жасушалар.
Мекен жайы: бауыр, көк бауыр, жатырдың шырышты қабаты. Маркерлеріне, нақтылы мекен жайына, эффекторлық механизміне негізделіп екі субтопқа бөлінеді: «қандық» және «тіндік».
ТК- макроағзаның жасушасы ішінде өсетін паразиттерден ең басты қорғаушысы. Ол, жұмысқа жүре пайда болған иммунитет факторларынан бұрын кіріседі. Соған қарамастанТК-ның биологиялық мүмкіншіліктері шектеулі.
«Қандық» ТК – қан ағысында айналып жүретін жасушалар. Олар көк бауырдың қызыл ұлпасынан табылады. ТК-ның шамалы СД16+СД56 маркерлері бар. ТК-лердің «нысанасы» паразиттер (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар) жұғылған жасушалар және трансплантаттың аллогенді жасушалары болып келеді. Іс атқару механизмі – антидене тәуелді жасуша қатысуымен жүретін цитотоксикалық процесіне жатады.
«Тіндік» ТК тұрақтылау болып келіп, көбінесе бауырда және жүкті жатырдың қабатында кездеседі. СД16-СД56 –маркерлері көп және де Fas- лигандалары бар. Іс атқару механизмі – антидене тәуелді жасуша қатынасымен жүретін цитотоксикалық. «Нысана-жасушалары» - тағам антигендері, не іштегі нәрестенің аллоантигендерімен белсендірілген лимфоциттер.
ТК –лер цитотоксигендік әсерінен басқа цитокиндердің бірталай түрін бөліп шығарады ( ИЛ-5,-ү-8, гамма-ИФН, ФНО «ісік некроз факторы» т.б.) ТК-ның әсері цитокиндердің басқа түрлерімен (ИЛ-5,-4,-10,-12,) күшейтіледі.
9.2.1.3.2.4. Гамма-сигма Т-лимфоциттер
Т-лимфоциттердің арасында көбінесе СД4-СД8- маркерлері бар ерекше лимфоциттердің ықшамды популяциясы гамма-сигма лимфоциттер бар. Олар толығынан эпидермис пен ас қорыту жүйесінің шырышты қабығында орналасқан. Жалпы саны шамалы – лимфоциттердің 1 пайызындай, бірақ сыртқы тіндерде 10 пайызға дейін барады. Антигендік рецепторлары В-лимфоциттердікіне ұқсайды. Олардың иммунды рецепторларының спецификалығы шектелген. Кейбір көп тараған антигендерді (липопротеиндер, бактериялық суперантигендер т.б.) талдауға бағытталған. Бұл лимфоциттер инфекцияға қарсы иммунитеттің басталуының алғашқы кезеңдеріне қатынасады. Тағы да бір ерекшелігі - оның иммунитет жауабының неше түрлі саласында іс атқару ( цитокиндер синтездеу, солар арқылы жергілікті иммунитетті және қабынуды белсендіру, Т2-хелперлердің өсуін күшейту т.с.) мүмкіншілігі.
Гамма-сигма лимфоциттердің щыққан тегі - иммуногенездің алғашқы кезеңдеріндегі сыртқы тінге ауысқан жүйкелік жасушалар болатындығы анықталған. Жетілуі айырша безден тыс болады. Өсіп-өнуіне зақымдалған ас қорыту жүйесінің эпителиі мен эпидермисі әсер етеді және де ол процесті ИЛ-7 күшейте алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет