Микробиология



бет212/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   216
ДНҚ –ды вакциналар. Бұл бағытта вакцина іздестірудің мақсаты ауқымды - ол тек қана жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакциналар жасаумен қатар, созылмалы жұқпалы ауруларды, қатерлі ісіктерді, аутоиммунды ауруларды, аллергияларды емдеу үшін де препараттар шығаруды қамтиды. Минимальды гендік қосылыс жасаумен плазмидалық шеңберлі ДНҚ-н пайдалану бактериялық және вирустық векторлар негізіндегі вакциналарға тән кемшіліктерден арылу жолдарын қарастыру болып табылады. Жаңа идеяның мәнісі- плазмидалық ДНҚ-ң ақпараттық құрылымын қарапайымдылау және оған патогеннің тек қана қажетті генін (немесе бірнеше гендерін) және жасушада осы гендерді экспрессиялау үшін керекті элементтерді енгізу. Ол иммунизациялау процесін асқындыратын қажетсіз ақуыздардан құтылуға мүмкіндік береді. Плазмидалардың конструкциясын осылай унификациялау әртүрлі патогендерге қарсы жеткілікті мөлшерде бірегей технологиялық вакциналар алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде зерттеушілердің көбісі осы мәселемен айналысуда.
Жалаң плазмидалардың жасушаға енуі, сонан соң ядросында геннің немесе гендердің транскрипциялануы мүмкін емес деген көзқарасқа байланысты жалаң ДНҚ негізінде вакцина жасау идеясы алғашқыда күмән туғызған болатын.
1990 жылы Вольф әріптестерімен бірге плазмидалық жалаң ДНҚ-ң жасушаға ену қабілеттілігі болатыны туралы сенімді дәлелдер келтірді.. Осыған орай, вирустық векторларды пайдаланбай-ақ жануарлар организміне гендерді енгізуге болатыны туралы сенімді дәлелдер келтірді.Осыған орай, вирустық векторларды пайдаланбай-ақ жануарлар организміне гендерді енгізуге болатыны туралы зерттеулер ағымы бүгінге дейін үдемелі жүргізіліп келеді.
Иммундау мақсатында патоген антигендерінің дайын ақуыздық препаратын жасуша цитоплазмасына тікелей енгізуді іске асыру өте қиын, ал ДНҚ – жсуша ядросына еніп,патоген ақуызының жасушаішілік экспрессиясын іске қосады да,нәтижесінде МНЖ (МНС) І кешенімен пептидтердің презентациялануын және жасушалық иммундық жауаптың (СД8+) индуцирленуін қамтамасыз етеді.
Жаңа формадағы вакцинаның перспективтілігін дәлелдеу үшін жасушаға жалаң ДНҚ-ын тиісті орынға, жеткілікті дозада және көлемде жеткізу тәсілдерін жетілдіру үшін қосымша зерттеулер жүргізу керек болды.
ДНҚ-н қажетті көлемде енгізудің қиындықтарын жеңу үшін қарапайым физикалық стратегия ұсынылды: алтыннан жасалған микробөлшектерге жапсырылған ДНҚ-н гендік зеңбіректердің көмегімен электропорациялау және иньекциялау.
Электр импульстарымен өңдеу жолымен электропорациялау кезінде жасушалық мембраналарда уақытша қуыстар пайда болады. Бұл қуыстар плазмидалық ДНҚ-ның жасушаға тиімді өтіп кетуіне мүмкіндік береді. Сондықтан патоген ақуыздарының экспрессиялануын күшейтеді, нәтижесінде вакцинаның потенциалын жақсартады.
Плазмидалық ДНҚ-ң өзі инертті матрица емес, ол белгілі реттіліктер қоршауындағы гипометилирленген СрG болуына байланысты туа біткен иммунититетті ынталандырады. Сондықтан плазмида цитокиндерінің (мысалы IL-6, IL-12, ісік некрозының α-факторы, γ- және α-интерферон) көбеюін және Тh-1 жасушалардың басым болуымен CD4+Т-жасушалық жауаптың поляризациялануын қоздырады.
ДНҚ–вакциналар әртүрлі вирустардың , бактериялардың паразиттердің, қатерлі ісіктердің ақуыздарына қарсы антиденелер түзілуін қоздырады.ДНҚ- вакцинаның артықшылығына шырышты қабаттың жүйелі иммундық жауабын қосымша индуцирлеу мүмкіндігі жатады. Плазмидалық жолақ ДНҚ-н бұлшық етке гендік зеңбіректің (пушканың) көмегімен енгізу секрециялық мукозды IgА-ның әлсіз өндірілуін туғызады. Катиондық липидтермен немесе монофосфориленген А липидпен комплексті түрде инъекциялау, микробөлшектеп капсулалау, микроагрегирлеу тәсілдерін қолданып бұлшықет ішіне, оральді және интраназальды жолмен енгізгенде плазмидалық ДНҚ-ның шырышты қабаттарда едәуір деңгейде секрециялық Ig А өндіру қабілеттілігінің артатынын көрсетті.
ДНҚ-вакцинациялар бойынша клиникалық мәлеметтер:
● вакцинаны организм жақсы қабылдайды;
● қауіпсіз-иесінің геномына интеграцияланбайды; аутоиммунды емес, иммунды толеранттылық туғызбайды;
● пациенттердің бәрінде (соның ішінде АИВ-инфекция жұқтырғанда) гуморальдық, жасушалық (соның ішінде Т-хелперлік) иммундық жауап қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет