Микробиология


Спецификалық иммундыглобулиндік препараттар



бет210/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

Спецификалық иммундыглобулиндік препараттар



Вирустық инфекциялар

Препарат, енгізу жолдары

Өндіруші -фирма

ЦМВ инфекция

Цитотек (Cytotect), тамыр ішіне(т/і)

“Биотест фарма ГмбХ”, Германия

Гепатит В

Антигеп (Antihep), т/і

“Биомед”,Пермь, Ресей

Гепатект (Hepatect) т/і

«Biotest Pharma» Германия

Құтыру

ИМОГАМ РАЖ,б/і

“Пастер Мерье” Франция

Кенелі энцефалит

Кенелі энцефалитке қарсы адам иммундыглобулині, б/і

НПО “Микроген”, Ресей

ФСМЕ- БУЛИН (FSME-BULIN), б/і

“Австрийскии институт гемодериватов ГмбХ”, Австрия

Секрециялық иммундыглобулиндер мукозальды инфекциялардан қорғауда маңызды роль атқарады. Спецификалық секрециялық Ig А патогеннің шырышты қабаттарға алғашқы колонизациялануын тежей алады. Құрамында А класына жататын спецификалық антиденелердің кең спектрі бар сүттен, адамдар мен жануарлардың уызынан алынған иммундыглобулиндерді бактериялық және вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеу үшін пайдалануға болады. Уыздың құрамына: иммундыглобулиндердің барлық кластары (IgА ,IgМ, IgG,Ig Д) кіреді, бірақ олардың 90% IgА – ның еншісіне тиеді; цитониндер (интерферон, өсу факторы), лактоферрин (микробтардың көбеюіне кедергі жасайды, фагоцитозды және цитокиндердің белсенділігін күшейтеді), лизоцим, амин қышқылдары (пролин, таурин), жоғары молекулалы ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер (А, бета- каротин, Е, В12, Д), минералдар кіреді.
Біздің елде адамның уызының сарысуынан дайындалған иммунды глобулинді қолданады, оны чигаин деп атайды.Чигаинді босанғаннан кейін 2-3 тәулікте дені сау әйелдерден алынған уыздан дайындалады, майдан тазартылып, стерильдейді. Чигаиннің әсер етуші факторы – секрециялық иммундыглобулин А. Препарат сыртқы зақымданған жерлерді өңдеу үшін сұйық күйінде шығарылады, құрамында консерванттар және антибиотиктер жоқ. Чигаинді шырышты қабаттар бактериялар және вирустармен зақымданған кезде (ЖРВИ, ринит, конъюктивит, ауыз ойылуы- молочница, іріңді қабынулар) емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылады. Препарат жанама реакциялар қоздырмайды. Қарсы көрсеткіш әйел сүтіне аллергия болуы. Сиыр уызынан алынған иммундыглобулиндердің коммерциялық препараты көптеген елдерде шығарылады және құрамында бактериялық және вирустық инфекцияларға қарсы антиденелердің кең спектрі болады. Уыз құрамындағы антиденелердің концентациясын жануарлады (сиырды) иммундау әдісімен көбейтуге болады. Сиыр уызы айқын иммцндыпротекторлық, регенерациялық әсер етеді (әсіресе асқазан-ішек жолдарының, тыныс алу жүйесінің шырышты қабаттарын зақымдайтын инфекциялар кезінде) коммерциялық препарат “Колострум”(АҚШ) сиыр уызының 100% лиофилизатынан тұрады және антимикробтық, антивирустық және де қабынуға қарсы әсер етеді. Энтеральды тәсілмен қолдану үшін капсула түрінде шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет