Микробиология


Судың қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігі



бет88/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

Судың қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігі.

0,5 атм

800 С

1 атм

1000 С

2 атм

1210 С

3 атм

1360 С

Микробтарға жоғарғы температурамен бірге бу әсер ететіндіктен, споралар 1200 С-та жойылады. Булы стерилизатордың кең таралған жұмыс тәртібі: 2 атм -1210 С (15-20минут). Атмосфералық қысым мен температура жоғарылаған сайын (1360 С 5мин.) стерилдеу уақыты азаяды. Микробтар бірнеше секундта жойылғанымен, материалды өңдеу уақыты ұзағырақ , себебі, жоғары температура стерилденетін материалдың ішіне енуі керек.
Автоклавта таңу материалдарын, төсек, коррозияға -төзімді металды құралдар, қоректік орталар, ерітінділер, инфекциялық материалдарды және т.б. стерилдейді.

Автоклавтың жұмысын бақылау.

Химиялық бақылау:а) Автоклавтағы будың температурасына (120 - 121әС) жақын балқу нүктесі бар құрамында фуксині бар бензой қышқылын 30 – 40 мм – лік ұзындықтағы шыны түтүкшеге салып, екінші ұшын балқытып дәнекерлеп тастайды (балқу нүктесі 121 - 122әС).б) күкүрт немесе пирокатехинді пробиркаға салып, бикске салады, күкүрттің балқу температурасы - 112, әС, пирокатехиндікі - 102әС. в) Д+ маннозаны ұзындығы 115 мм болатын шыны түтүкшеге себеді, екінші ұшын дәнекерлейді. Балқу температурасы - 132әС.


Бактериологиялық бақылау – топырақтағы споралы сапрофитті микробтар 120әС температурамен 3 – 5 мин әсер еткенде өлмейді. Топырақтан сынама алып 3 пакетке салады, біреуін бикстің ішіне, ал қалған екеуінің бірін стерильденетін заттардың үстіңгі жағына, ал екншісін астыңғы жағына қояды. Стерильдеп болғаннан кейін топырақ сынамаларын бактериологилық зертханаға жібереді. Егерде үш сынаманың біреуінен тірі микроб себілсе қайтадан бақылау жүргізеді. Екінші рет стерильдеудің нәтижесінде бір сынамада микроб өссе, автоклавты пайдалануға тиым салынады.
Булы стерилизаторлардың жұмысына бақылау орталықтандырылған стерилизациялық бөлімдерде кварталына 1 реттен кем емес жасалады. Емханаларды, клиникалық зертханаларды(иммунологиялық, серологиялық, биологиялық және т.б.) жылына екі реттен кем емес қадағалап отырады. Инфекциялық, хирургиялық диспансерлерде, перзентханаларда, балалар бөлімдерінде, стоматологиялық мекемелерде және қан құю орталықтарында , жедел жәрдем станцияларында бақылау жүргізу кварталына 1 реттен кем емес, басқа да ЕПМ – де жылына 1 реттен кем болмауы керек.
Сонымен бірге булық стерилизаторлар қойылған мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлер стерильдік камераның бақылауын химиялық индикаторлардың біреуін салып кристалдық заттың балқуы бойынша бақылайды. Олар белгілі температурадан асып кеткен жағдайда балқиды.
Булы стерилизаторда стерилдеу тиімділігі заттарды орау, дұрыс орналастыруға (будың еркін өтуіне ) байланысты.
Жоғарғы температурамен стерилдеудің бір түрі, бөлшекеп стерильдеу - 1000 С-тан жоғары температураға шыдамайтын материалды өңдеуге, мысалы, желатин, көмірсу қосылған қоректік орталарды стерилдеу үшін қолданылады. Су моншасында оларды 800 С-та 30-60 минут бойына қыздырады, нәтижесінде бактериялардың вегетативті түрлері жойылады. Бұл процедураны 3 күн қатарынан қайталап, арасында қоректік орталарда споралардың бар-жоғын байқау үшін термостатта ұстайды.
Қазіргі уақытта сүтті арнайы стерильдеудің тағы бір тәсілі- ультражоғарғы температурамен өңдеу(УЖТ) :130-1500 С-та сүтті бірнеше секунд өңдейді.
Жылулық стерилизация- тиімді, экологиялық қауіпсіз, арзан және жақсы бақыланатын тәсіл. Бірақ та заттар жоғары температурада бұзылатын болса, оны қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда басқа тәсіл қолданылады.
Стерильдеудің химиялық тәсілі– токсикалық газдарды, этилен оксидін, ОБ қоспасын (этилен тотығы мен бромды метилдің қоспасы 1:2.5 көлемдік қатынасында) және формальдегидті қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл заттар алкилдеуші агент ретінде микроорганизмдердің ДНҚ, РНҚ-ын, ақуыздарын, ферменттерінің активті топтарының белсенділігін жояды.
Газдармен стерилдеу арнайы камерада 18—800 С температурада бумен жүргізіледі. Ауруханаларда формальдегид, тұрмыстық жағдайда-этилен тотығы және ОБ қоспасы қолданылады.
Химиялық стерилдеудің алдында, барлық өңделінетін заттар кептірілуі керек. Бұл стерилдеу түрі қызметшіге, қоршаған ортаға және науқасқа қауіпті (көптеген стерилдеуші агенттер сол заттарда қалады).
Кейбір обьектілер қыздырғанда бұзылады, мысалы, оптикалық құрал, радио- және электронды аппаратура , термиялық төзімсіз полимерлер , ақуызды заттар т. б., олар үшін химиялық стерилдеу қолданылады. Мысалы, өте дәл аппаратурамен жабдықталған ғарыштық кеме , жер серіктерін газды қоспалармен залалсыздандырады.
Соңғы кезде медициналық пратикада оптикалық қондырғылармен жабдықталған термолабилді материалдардан жасалған құралдар кеңінен қоданылатындықтан, мысалы эндоскоптар, оларды химиялық ерітінділер көмегімен залалсыздандырады. Тазалап және дезинфекцияланған приборлар белгілі уақытқа ( 45-60 мин) стерильдеуші еріитіндіге салынып, кейін стерилді сумен жуылады. Одан соң стерильді сүрткішпен құрғатып, стерильді ыдысқа салады. Барлық манипуляция асептикалық жағдайда, стерильді қолғаппен жүргізіледі. Бұл заттарды 3 тәуліктен аса сақтамайды.
Сәулемен стерилдеу- гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі.
Гамма – сәуле көзі – арнайы гамма – қондырғылардан алынатын радоактивті изотоптар болып табылады, мысалы 60Со, 137Сs . Электронды сәулелнуді алу үшін электронды жылдамдатқышты қолданады ( жоғарғы энергия деңгейі 5-10 МеV.)
Гамма – сәуле мен жылдамдатқыш электрондардың әсерінен микробтардың жойылуы, ондағы нуклеин қышқылының зақымдануымен байланысты. Көпжасушалы организмдерге қарағанда, микробтар сәулеленуге төзімділеу болады.
Сәулемен стерилдеу өндіріс жағдайында газбен стерилдеудің альтернативі түрі, және де стерильденетін зат жоғары температураға төзімсіз болғанда қолданылады. Сәулемен бір мезгілде заттарды көп мөлшерде өңдеуге ( мысалы, бір реттік шприцтер , қан құю жүйелері) болады.
Стерилдеудің тағы бір әдісі –сүзгіден өткізу (фильтрлеу). Әр түлі сүзгілер ( керамикалық, асбестті, шынылық), әсіресе нитроцеллюлозаның коллоидты ерітінділерінен дайындалған мембранды ультрасүзгілердің көмегімен сұйықтықтағы ( қан сарысуы, дәрілер) бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдардан (тіптен вирустардан) арылуға болады. Сүзу процесін жеделдету үшін, сүзілінетін сұйықтығы бар ыдыста қысымды жоғарылатады.
Қазіргі кезде жаңа технологияға негізделген , озон, плазма қолданып стерильдеудің жаңа тәсілдері кең пайдаланылады.
Күнделікті практикада стерилденген обьектіге микробиологиялық бақылау жүргізілмейді. Ол жанама бақылау- стерилизатор жұмысын бақылау арқылы бірнеше тәсілмен атқарылады. Біріншіден микробтарды жоюға арналған стерилдеу тәртібін құжаттауды қызметкер қатал түрде бақылау керек. Екіншіден, тиісті температураның ұсталуы, стерилденуші обьектінің тереңіне және беткейіне салынған химиялық индикаторлардың ( индикаторлық қағаз немесе ұнтақ,дәнекерленген ампуладағы бензой қышқылы, мочевина сұйықтықтары ) бояуын өзгертуі бойынша бақылайды. Үшіншіден , аппаратураны тиісті қызмет көрсету мекемесі уақытылы техникалық бақылау жүргізуі керек. Төртіншіден , жылына 3 рет биологиялық бақылау, яғни стерильдеуші аспапқа термотөзімді бацилладан (Bac. stearothermophilus) дайындалған биосынама жасау арқылы тексереді.
Микробиологиялық бақылау үшін, стерильдеуші заттан шайынды немесе бір бөлшегін алып аэробты, анаэробты бактерияларды, саңырауқұлақтарды анықтау үшін тиісті орталарға (қантты сорпа, тиогликольді орта, Сабуро ортасы) себеді. Термостатта 14 күн инкубациялағанда өсу болмаса зат стерильді деп бағаланады. Өндіріс жағдайында стерильдікті нақты бақылауға кездейсоқ тәсілмен бірнеше үлгілер алынады.
Стерильділік сақталу үшін заттарды полимерлі үлбір, қағаз, фольгамен орап қояды, бикстер және арнайы қораптарда сақтайды.
1983 жылы Европалық Фармакопея қабылдаған стерилизацияның барлық түріне арналған жалпы стандарт бойынша: стерилдегеннен соң емдеу материалында 10 6 дәрежедегі микроорганизмдерден біреуі тіршілікке қабілетті болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет