Микробиология



бет108/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

Антифагоцитарлық белсенділігі бар патогенділік факторлары. Фагоциттерге қарсы белсенділігі бар бактериялар мен басқа да микробтардың маңызды патогенділік факторланына капсулалар, микрокапсулалар, шырышты қаптамалар және олардың құрамына кіретін антигендер жатады. Олар микробтардың беткейлік құрылымдарын көлеңкелеп механикалық тосқауыл рөлін атқарады. Бұл құрылымдар, микробтардың молекуласын танушы және оларды фагоциттеуші жасушалармен байланыстыратын лигандтар рөлін орындаушы опсониндермен өзара әсерлесіп, және де фагоциттеуші жасушалардың рецепторларымен тікелей әрекеттесіп микробтарды тануға және оларды қоршап жұтуға кедергі жасайды. Капсулалық заттар микробтарды лизосомальдық ферменттердің және фагоциттеуші жасушалардың асқынтотықтық радикалдарынан қоғайды. Капсула және кілегейдің микробтардың сыртынан жеңіл ажырауы фагоциттеуші жасушалардың рецепторларымен жалған байланысуға әкеледі. Микробтардың капсулалық варианнтары, әдетте , олардың капсуласыз варианттарына қарағанда ауыр түрде өтетін кесел қоздырады. Эшерихияларда, шигелла және салмонеллаларда –К-антигендердің, іш сүзек қоздырғышында – Ви-антигеннің, туберкулез қоздырғышында- cord-фактордың, күйдіргі қоздырғышында – полипептидтік капсуланың т.б. патогенділік факторлары ретінде рөл атқаратыны белгілі.
Микробтар фагоцитоздың барлық сатысында фагоциттеуші белсенділігін басып тастай алады. Микробтардың фагоциттерге қарсы әсер ету қасиеті тек қана оларда капсула, микрокапсула және шырышты қаптамалардың болуымен емес және де микробтардың басқа да қасиеттерімен байланысты: фагоциттеуші жасушалардың хемотаксисін басып тастайтын, хемоаттрактанттар мен фагоциттеуші жасушаларды бұзатын заттар шығарады; лизосоманың фагосомамен бірігуіне кедергі жасап, жасушаішілік қорытылуға қарсы тұрады; оттегі тәуелді киллерлік тиімділік беретін асқын тотық радикалдарының белсенділігін жоятын ферменттер түзеді; лизосомальдық ферменттерге төзімділік пайда болады; фаголизосомалардың (листериолизин, сальмолизин, шигеллалардың контакттық гемолизині) лизистенуін туғызатын заттар бөліп шығарады; фаголизосомаларды тастап кетеді; фагоциттеуші жасушалардың апоптозын индуцирлейді. Екінші жағынан, жасушаішілік облигатты паразиттер хемотаксисті күшейтетін (N-формильді және сол тәріздес пептидтер) және жасушалардың фагоциттеуші белсенділігін арттыратын заттар шығарады, ол микробтардың жасуша ішіне енуін жеңілдетеді. Сонымен, микробтардың жасушаішілік тіршілік ету және аяқталмаған фагоцитоздың механизмдері әр алуан.
Егерде туберкулез қоздырғыштары лизосоманың фагосомамен қосылуына кедергі жасайтын фосфатидтер өндіретін болса, алапес қоздырғышы жасуша қабатының құрылысының ерекшелігі есебінен фаголизосомада тіршілігін сақтай алады, легионеллалар – метаболизмдік серпілісті басып тастайды, ал трипаносомалар – жасушаның цитоплазмасына шығып, фаголизосоманы тастап кетеді т.б.
Эндоцитобиоз микробтардың макроорганизмде сақталуына, олардың организм денесінде таралуына әсер етеді, иммунды жүйенің қорғаныс факторлары үшін микробтарды танымайтындай және қол жетпейтіндей (недоступный) етеді. Микробтардың фагоциттеуші жасушаларда сақталу және көбею, және де макроорганизмде таралу қабілеттілігі «трояндық ат – троянский конь» механизмі деген атқа ие болды. Инфекцияның кіру есігінен өтіп қанға түскен микробтар комплементтің және қандағы басқа да микробоцидты факторлардың (антиденелер, лизоцим, β-лизиндер т.б.) әсеріне ұшырамауы керек. Мысалы, олардың антикомплементарлық белсенділігі болу қажет. Бір жағдайда ол ең алдымен альтернативті жолмен комплементтің белсенділуіне кедергі жасайтын капсуласының болуымен іске асады. Басқа жағдайда қанға түскен микробтар жасуша ішінде немесе плазмокоагулаза ферментінің әсерінен пайда болған тамыр қатпасының (тромбының) ішінде қалып сақталады. Қанда сақталудың бұл тәсілі микробтардың потенциалды патогенділігін іске асыруға қосымша мүмкіндіктер береді.
Адгезиндер, ферменттер, агрессиндер, соның ішінде фагоцитозға кедергі жасайтын факторлардан басқа микробтардың токсиндері (грек: toxikon) маңызды рөл атқарады, олар жұқпалы аурулар кезінде улану симптомдарының дамуына әсер етіп, ауру патогенезінде жетекші рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет