Микробиология



Pdf көрінісі
бет135/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Ӛсінділік қасиеттері. 
Pasteurella multocida 
факультативті анаэроб, 
қолайлы ӛсу температурасы 37-38ºС, рН- 7,2-7,4 ортада жақсы ӛседі. 
Зерттеуге алынған материалдардан ЕПА, ЕПА, қан қосылған немесе қан 
сарысуы қосылған ЕПА-на жасалған себіндіні 24-48 сағат бойы 
термостатта, ал колониялардың ӛсуі байқалмаған жағдайда 4-5 тәулік 
бойы қосымша ҧстайды. Пастереллалардың ЕПА-да ҧсақ, мӛлдір, сәл 
томпайған, дӛңгелек пішінді колонияларды тҥзіп ӛседі (S-пішінді) (69-


156 
сурет). Кейде ірі, шырышты (М-пішінді), шеттері тегіс емес, қатпарлы 
(R-пішінді) колониялар тҥзеді.
Пастереллалардың гемолиттік қасиеттері болмайды. 
Pasteurella 
multocida 
ЕПС-ын біркелкі лайлап, шайқағанда ӛрілген шашқа ҧқсас 
шырышты тҧнба тҥзіп ӛседі (S-пішінді), ал диссоциацияланған 
пастереллалар (R-пішінді) қоректік ортаны лайламай, ҧсақ тҥйіршікті 
немесе мақта тәріздес тҧнба тҥзеді. 
Ферментативтік қасиеті. 
Қоздырғыш лактозаны, дульцитті, 
глицеринді, салицинді, инулинді, рамноза мен раффинозаны 
ферменттейді. Нитратты редукциялайды, индол бӛліп шығарады, ал
уреазаны тҥзбейді. Пастереллалар желатинді сҧйылтпайды, сҥтті 
ҧйытпайды 
және 
пептонизацияға 
ҧшыратпайды. 
Нитратты 
редукциялағыш қасиетін анықтау ҥшін шыны тҥтіктердегі 0,1%-ды 
KNO
3
қосылған ЕПС-да 1-2 тәулік бойы ӛсіргеннен пастереллаларға 2-3 
тамшы Грисс реактивін қосады. Нәтиже оң болған жағдайда қоректік 
ортаның тҥсі кҥлгін-қызыл тҥске боялады. Индол тҥзу қабілетін анықтау 
ҥшін Хоттингер және Мартен сорпасына себінді жасайды. 
Биологиялық сынау 
зертханалық жануарлардан қоздырғыштың 
таза ӛсінділерін бӛліп алу және оның вируленттілігін анықтау ҥшін 
жҥргізіледі. Ірі қара мал, шошқа және қойлардан алынған патологиялық 
материал суспензиясын ақ тышқандар немесе қояндарға, қҧстардан 
зерттеуге алынған суспензияны кӛгершін, тауық, ҥйректерге жҧқтырады. 
Кӛгершіндердің бҧлшық етіне 0,3 мл, ақ тышқандар мен қояндардың 
тері астына 0,2 және 0,5 мл мӛлшерінде егеді. Жҧқтырар алдында 
қояндардың организмінде пастереллалардың бар немесе жоқ екендігін 
анықтау ҥшін, олардың танауына 2 тамшыдан бриллиант жасылының 
0,5%-ды судағы ерітіндісін ҥш кҥн бойы енгізеді. Осы уақытта мҧрын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет