164
зерттеуге жіберуге болады. Лептоспиралардың тіршілік ету мерзіміне
байланысты зерттеуге алынған ҥлгілер алынған уақытынан бастап, 6
сағаттың ішінде, мҧздатылған ҥлгілер 10-12 сағат ішінде, ал несеп 3
сағат аралығында зерттелуі тиіс. Лептоспирозды балау ҥшін
бактериологиялық,
серологиялық
және
гистологиялық
әдістері
қолданылады.
Бактериологиялық зерттеуге несептің 10-15 мың айналымда 30
минут бойы центрифугаланған тҧнба мен тҧнба ҥсті сҧйықтығы, қанның
плазмасы, органдардың суспензиялары алынады.
Микроскопиясы.
Лептоспиралар
бояуды
нашар
қабылдайтындықтан
«қысылған
тамшы» әдісімен
дайындалған
препаратты қараңғыланған конденсоры бар микроскоппен қарау арқылы
зерттейді. Кӛз шалымында олар спираль пішінді, тҥзу немесе S-тәрізді,
жіңішке, ҧштары ілмек тәрізді иілген жіп болып кӛрінеді. Жасуша
ҧзындығы 5-20 мкм, ені 0,1-0,2 мкм (76-сурет). Спора, капсула тҥзбейді.
Олардың жіпшелері жоқ, денесінің фибриллаларының жиырылуының
салдарынан қозғала алады. Грам тәсілімен теріс, ал Романовский-Гимзе
тәсілінде қызғылт-кӛк тҥске боялады. Люминесценттік микроскопияда
жағындылар ФИТЦ-пен таңбаланған глобулиндері бар лептоспироз қан
сарысуымен боялады. Патологиялық материалдардан дайындалған
микроскопиялық препараттардан лептоспиралар табылған жағдайда
лептоспирозға диагноз қойған жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: