72
кӛпшілігі жас, тіптен жаңа туылған жануарлар организмде жақсы ӛседі.
Мысалы, қҧтырық пен аусыл ауруында биосынама тышқан балаларына,
қҧстардың ларинготрахеитінде – балапандарға қойылады, ал Ауески
ауруында биосынама ересек қояндарда жҥргізіледі, бҧл жағдайда ауруға
тән клиникалық белгілер анық байқалады; міндетті тҥрде жануарлардың
денсаулығы
ескеріледі,
вирусологиялық
зертханаға
әкелінетін
жануарлар жҧқпалы аурулардан таза шаруашылықтардан алынуы қажет,
сырттан әкелінген ақ тышқандар мен егеуқҧйрықтар 14 кҥн, ал қалған
жануарлар 21 кҥн карантинде ҧсталып, кҥнделікті бақылауда болады.
Жҧқпалы ауруларға кҥдіктенген жағдайда барлық жануарлар
зертханалық зерттеуден ӛткізіледі. Зерттелген жануарлардың арасынан
жҧқпалы ауру қоздырғыштары анықталған жағдайда барлық
жануарларды жоюға жібереді.
Зерттеу жҧмыстарында қолданылатын жануарлар арасында
жасырын (латентті) инфекциялардың да таралуы мҥмкін. Бҧл кезде
инфекция қоздырғыштары организмінде болғанымен, ешқандай
клиникалық белгілер байқалмайды. Осында организмде қолайсыз
жағдай әсер еткенде, оның резистенттілігі тӛмендеп, денеде қоздырғыш
қарқынды кӛбейеді де, аурудың белгілері кӛрінеді.
Зертханалық жануарлар арасында кең тарайтын латенттік
инфекцияларға ақ тышқандардың эктромелиясы жатады. Бҧл
инфекцияның қоздырғышы шешек вирусының тҧқымдасына жатады.
Бҧл ауруға шалдыққан жануарлар алақандарында некротикалық
қабынулар байқалса, инфекцияның жайылған тҥрінде бауыр мен кӛк
бауырында некротикалық ошақтар пайда болады.
Вирустардың онға жуық тҥрлері зертханалық жануарларды
вирустық пневмонияға шалдықтырады. Олардың ішінен ең жиі
кездесетіндерінің бірі болып Сендай вирусы табылады.
Ҥшінші латенттік инфекцияларға ақ тышқандардың лимфоцитарлы
хориоменингиті мен энцефаломиелиті және басқа зертханалық
жануарлар тҥрлерінің вирустық энцефалиті жатады. Бҧлардың
барлықтары нейроинфекцияларға жатады. Аталмыш ауруларға
шалдыққан зертханалық жануарларда сіңірі тартылу, парез және салдану
байқалады. Латенттік инфекция қоздырғыштарын арнайы әдістердің
кӛмегімен анықтайды. Ол ҥшін осы мақсатқа арнап сойылған
жануарлардың жеке органдарынан дайындалған суспензияларды тиісті
әдістермен зертханалық жануарларға егеді (бас миынан дайындалған
суспензияны интрацеребральды жолмен). Латенттік инфекция болған
жағдайда аурудың жіті ағымда ӛтуі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: