Микроскопиясы. Туберкулез қоздырғышы қышқылға, спиртке,
сілтіге тӛзімді бактерияларға жататындықтан нашар боялады. Мҧндай
бактерияларды бояу ҥшін арнайы тәсілдер қолданылады. Олардың
ішіндегі ең кең тарағаны – Циль-Нильсен тәсілі. Бҧл әдіспен боялған
препараттарда микобактериялар қызғылт тҥсті таяқша тҥрінде кӛрінеді
(60-сурет). Грам-оң бактерия.
Кейінгі
кездері
патологиялық
материалдар люминесценттік тәсілмен
зерттеліп
жҥр.
Зат
шынысының
бетіндегі
жағынды
жалында
бекітілгеннен
кейін,
арнайы
ерітіндімен (0,1 г аурамин, 0,01 г
родамин және 100 мл дистилденген су)
10-15 минут боялып, шайылады. Сонан
соң жағынды 70%-ды этил спиртінде
дайындалған
тҧз
қышқылының
ерітіндісімен
30
секунд
ішінде
тҥссіздендіріледі.
Шайылған
препараттың
фонын
қышқылды
фуксин мен сірке қышқылынан
дайындалған (1 г қышқылды фуксин +
1 г сірке қышқылы + 500 мл дистилденген су) ерітіндімен 1-2 минут
аралығында кетіреді де, шайылып, қосымша Леффлер кӛмегімен
(метилен кӛгі) 2 минут боялады. Шайылған препарат ауада кептіріліп,
микроскоптың қҧрғақ жҥйесімен (х40) зерттеледі.
Қоздырғыш таяқша тәрізді, ҧзындығы 1,5-5 мкм, диаметрі 0,5 мкм.
Mycobacterium tuberculosis – жіңішке, сәл иілген,
Mycobacterium bovis – қысқа, жуан таяқша, ал
Mycobacterium avium – басқа тҥрлеріне қарағанда
ҧсақ, полиморфты бактерия. Туберкулез микобактериялары жылжи
алмайды, спора мен капсула тҥзбейді. Жағындыда олар жеке-жеке және
топтасқан тҥрде кездеседі. Ӛсінділерден дайындалған препараттарда
60-сурет. Циль-Нильсен әдісімен боялған микобактериялар
145
олар тармақталған, ҧзын жіпшелер тәрізді байқалады. Кӛбінесе
микобактериялар біркелкі боялмайды. Жасушаның цитоплазмасында
«Мухтың» тҥйіршіктері (грам-оң, қышқылға тӛзімсіз тҥйіршіктер)
кездеседі.