Микробиология



Pdf көрінісі
бет122/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Микроскопиясы
Туберкулез қоздырғышы қышқылға, спиртке, 
сілтіге тӛзімді бактерияларға жататындықтан нашар боялады. Мҧндай 
бактерияларды бояу ҥшін арнайы тәсілдер қолданылады. Олардың 
ішіндегі ең кең тарағаны – Циль-Нильсен тәсілі. Бҧл әдіспен боялған 
препараттарда микобактериялар қызғылт тҥсті таяқша тҥрінде кӛрінеді 
(60-сурет). Грам-оң бактерия. 
Кейінгі 
кездері 
патологиялық 
материалдар люминесценттік тәсілмен 
зерттеліп 
жҥр. 
Зат 
шынысының 
бетіндегі 
жағынды 
жалында 
бекітілгеннен 
кейін, 
арнайы 
ерітіндімен (0,1 г аурамин, 0,01 г 
родамин және 100 мл дистилденген су) 
10-15 минут боялып, шайылады. Сонан 
соң жағынды 70%-ды этил спиртінде 
дайындалған 
тҧз 
қышқылының 
ерітіндісімен 
30 
секунд 
ішінде 
тҥссіздендіріледі. 
Шайылған 
препараттың 
фонын 
қышқылды 
фуксин мен сірке қышқылынан
дайындалған (1 г қышқылды фуксин + 
1 г сірке қышқылы + 500 мл дистилденген су) ерітіндімен 1-2 минут 
аралығында кетіреді де, шайылып, қосымша Леффлер кӛмегімен 
(метилен кӛгі) 2 минут боялады. Шайылған препарат ауада кептіріліп, 
микроскоптың қҧрғақ жҥйесімен (х40) зерттеледі.
Қоздырғыш таяқша тәрізді, ҧзындығы 1,5-5 мкм, диаметрі 0,5 мкм. 
Mycobacterium tuberculosis – 
жіңішке, сәл иілген, 
Mycobacterium bovis – 
қысқа, жуан таяқша, ал 
Mycobacterium avium – 
басқа тҥрлеріне қарағанда 
ҧсақ, полиморфты бактерия. Туберкулез микобактериялары жылжи 
алмайды, спора мен капсула тҥзбейді. Жағындыда олар жеке-жеке және 
топтасқан тҥрде кездеседі. Ӛсінділерден дайындалған препараттарда 
60-сурет. Циль-Нильсен әдісімен 
боялған микобактериялар 


145 
олар тармақталған, ҧзын жіпшелер тәрізді байқалады. Кӛбінесе 
микобактериялар біркелкі боялмайды. Жасушаның цитоплазмасында 
«Мухтың» тҥйіршіктері (грам-оң, қышқылға тӛзімсіз тҥйіршіктер) 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет