Микробиология


МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА. МИКРОСКОПТАР



Pdf көрінісі
бет4/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА. МИКРОСКОПТАР 
Микробиологиялық зертханада
студенттер микробиологиялық, 
серологиялық және басқа да зерттеу тәсілдерін меңгере отырып, 
ғылыми-зерттеу 
жҧмыстарын 
жҥргізеді, 
микробиология 
пәні 
бағдарламасының мәселелерімен танысады. 
Жарықтың мол болуы ҥшін зертханадағы жҧмыс ҥстелдері терезеге 
жақын орналастырылуы қажет. Ҥстелдердің беті пластикпен, 
плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны 
тҥтіктерге арналған штативтер, бояулар қҧйылған ыдыстар немесе 
тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады.
Ҧсақ жануарлардың ӛлекселерін немесе олардың мҥшелерін жарып 
тексеруге арналған кішірек ҥстелше болғаны дҧрыс. Оқу барысын 
қамтамасыз ету ҥшін микроорганизмдер ӛсінділері, қондырғылар және 
жуу, стерилдеу, қоректік орталарды дайындау, бокс, препарат, 
термостат, жануарларды кҥтуге арналған виварий және басқа да 
бӛлмелер болуы керек. 
Жуу бөлмесінде
ҥстелдер, раковина, электр немесе газ плиталары, 
кептіргіш, ауа сорғыш шкаф және басқа шкафтар болады. Ауа сорғыш 
шкаф судың буы мен шыны ыдыстарды жууда қолданылатын 
реактивтердің иістерін кетіру ҥшін қажет. Бҧл жердің едені мен 
қабырғалары кафельмен қапталады. 
Стерильдеу бөлмесінде
бір немесе екі бумен стильдейтін 
қондырғылар 
мен 
ҥстелдер 
болады. 
Стерильдеу 
бӛлмесінде 
стерилизаторларды ашқаннан кейінгі шығатын будың қалдықтарын 
кетіру ҥшін бӛлме желдеткіштері болуы қажет. Қысымның кӛтерілуіне 
дейінгі пайда болатын бу резеңке тҥтік арқылы сыртқы ортаға 
шығарылады немесе суы бар шелекке бағытталады. Бҧл бӛлменің 
есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылғаны жӛн. 
Қоректік орталарды дайындау бөлмесінің
қабырғалары плитамен 
қапталады немесе майлы бояумен сырланады, ал еденіне плита немесе 
линолеум тӛселеді. Мҧнда газ немесе электр плитасы, шыны тҥтіктерге 
қҧйылған қоректік орталарға арналған бӛліктері бар жәшіктер, ҥстелдер, 
қоректік орта компоненттерін, ет сорпасын және басқа да сҧйық 
орталарды сақтауға арналған мҧздатқыш пен шкафтар болады.
Термостат бөлмесінде 
әр тҥрлі кӛлемдегі термостаттар 
орналастырылады. 
Зең 
саңырауқҧлақтарды 
ӛсіруге 
арналған 
термостаттың 
температурасы 
20-25ºС, 
кӛптеген 
сапрофитті 
микроорганизмдерге 25-30ºС, жҧқпалы аурулардың қоздырғыштарына 
35-37ºС, ал термофильді микроорганизмдерді ӛсіру ҥшін 40-45ºС-ге 
реттелген термостаттар болады. 
Препарат бөлмесі –
зертханалық-тәжірибе сабақтарына қажетті 
қҧралдарды дайындауға арналған жҧмыс орны. Бҧл жерде оқу барысына 



керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мҧздатқыш, дистиллятор, 
таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.). 
Бокс бөлмесі –
стерильді жағдайда микроорганизмдер ӛсінділерін 
себу және қайта себу, сонымен қатар, кейбір ғылыми-зерттеу 
жҧмыстарын жҥргізуде қолданылатын бӛлме. Бокстың жылжымалы есігі 
бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей 
әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен 
сырланады. 
Еденіне 
линолеум 
тӛселеді. 
Боксты 
натрий 
гидрокарбонатын (2-3%-ды ас содасы), 3-5%-ды карбол қышқылы және 
басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып, 
жуып тҧрады. Бӛлмені толқын ҧзындығы 254 нм ультракҥлгін 
сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т.б.) 
30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерильдейді. Бактерицидтік 
лампа іске қосылып тҧрған уақытта бӛлмеге кірмеген дҧрыс, ӛйткені 
ультракҥлгін сәулелері кӛздің қасаң қабығын қабындырады. 
Виварий – 
ақ тышқандарды, ақ егеуқҧйрықтарды, теңіз 
шошқаларын, ҥй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды 
кҥтуге арналған бӛлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жҧмыстарында және 
сабақ ӛткізу ҥшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет