5
АЛҒЫ СӚЗ
Ветеринариялық микробиология және вирусология – инфекциялық
ауруларды балау, емдеу, алдын алу шараларын ҧйымдастырумен
шҧғылданатын, ветеринариялық-санитарлық
сараптама қызметі мен
микробиологиялық
ӛндіріс
саласы
мамандарының
ғылыми
дҥниетанымын қалыптастыратын іргелі биологиялық ғылымдардың бірі
болып табылады.
Ветеринариялық микробиология және вирусология пәнінің мақсаты
– студенттерге микробтар әлемінің алуан тҥрлілігі, олардың ғаламшар
тіршілігіндегі алатын рӛлі, микроорганизмдер
биотехнологиясы мен
экологиясындағы маңызы, олардың табиғаттағы биогенді заттарды
ӛзгеріске ҧшыратуы туралы мәліметтермен таныстыру және аса қауіпті
зооантропонозды
аурулардың,
микоздар
мен
микотоксикоз
қоздырғыштарының патологиялық ҥрдістердің пайда болуындағы рӛлін
кӛрсету.
Ветеринариялық микробиология және вирусология пәніне арналған
оқу қҧралы
студенттердің микробиологиялық, вирусологиялық және
иммунологиялық (серологиялық) зерттеу жҧмыстарын тәжірибе жҥзінде
орындауына, оқу материалдарын толық игеруіне мҥмкіндік
беретін
қҧрал болып табылады.
Оқу қҧралы «Жалпы микробиология», «Жалпы вирусология»,
«Иммунология», «Жеке микробиология» және «Жеке вирусология»
бӛлімдерінен тҧрады. Ол бӛлімдерде прокариотты және эукариотты
микроорганизмдердің
морфологиясын,
физиологиясын,
олардың
ӛсінділік және ферментативтік
қасиеттерін зерттеу әдістері, қҧрамында
вирусы бар материалдармен жҧмыс істеу ережесі мен қауіпсіздік
техникасы, вирустарды анықтау және оларды ӛсіру тәсілдері, иммундық
жҥйе жасушаларын алу мен оларды
анықтау және иммунологиялық
(серологиялық) зерттеу әдістері және кейбір инфекциялық аурулар
қоздырғыштарының қысқаша сипаттамалары
мен оларды балау
тәсілдері кӛрсетілген.
6
І Бӛлім. Жалпы микробиология
Достарыңызбен бөлісу: