49
мл, қоянға – 5-8 мл, ҥлкен дозаларды бӛліп енгізеді.
Құрсақ қуысына жұқтыру
– тышқанның басын тӛмен қаратып
бекітіп, қҧрсақтағы ақ жол сызығы бойының жанынан егеді (20-
сурет). Доза 0,1-0,2 мл-ден аспау керек.
Интрацеребральды жұқтыру
– жақсылап бекітілген қоянның
қасының ортасынан жоғары бас
сҥйегін трепанациялайды. Ол ҥшін
теріні кесіп, екі жаққа кереді.
Сҥйектің бетінің қабығын крест
тәрізді кесіп, кішкентай трепанмен
бас
сҥйегін
тескеннен
кейін
дӛңгелетіп аралап, сҥйекті алып
тастайды. Сол жерге шприцпен 0,2 мл зерттеуге алынған материалды
енгізіп, сҥйек бетінің қабығының арасын қосып, терісін тампонмен
жапқаннан кейін, ҥстінен коллодий қҧяды. Тышқандар мен егеу
қҧйрықтарға жіңішке инемен енгізеді.
Интраназальды жұқтыруды
кӛзге тамызғыштың кӛмегімен
жҥргізеді. Алдын ала жануардың мҧрнына эфирмен ылғалдандырылған
мақтаны жауып, аздап есінен тандырады.
Ауыз қуысына жұқтыру
ҥшін зерттеуге алынған материалды
азыққа, суға қосып береді немесе зонд арқылы жҧқтырады.
Ӛлексені бактериологиялық зерттеу
микробтардың таза
ӛсінділерін
бӛліп
алу
ҥшін
немесе
жануарлардың
қандай
микроорганизмдерден ӛлгендігін анықтау ҥшін жҥргізіледі.
Жануарлардың ӛлекселерін асептикалық ережелерді сақтай отыра
жарып сояды. Ӛлексені тақтай бетіне немесе парафин қҧйылған кювет
ішіне арқасымен бекітіп, терісін 5%-ды фенол немесе лизол
ерітіндісімен ӛңдейді. Терісін ақ жол сызығының бойымен кесіп, теріні
бҧлшық еттен ажыратады. Бҧлшық етін кесіп, кереді. Бастапқыда
көкірек қуысын
ашып, ондағы патологиялық ӛзгерістерді сараптама
журналына жазып алады. Жҥрек, ӛкпе және лимфа бездерінің бетін
шпательмен кҥйдіріп, сол жерлерден Пастер тҥтікшесімен қан (ҧлпа
пульпасын) алып, стерильді жағдайды сақтай отыра, қоректік орталарға
себінді жасайды.
Сонан соң
құрсақ қуысын
ашады. Пинцетпен қҧрсақ қабырғасын
жоғары кӛтеріп, қайшымен диафрагмадан ажырата аналь тесігіне дейін
ішекті зақымдамай кеседі. Қҧрсақ қуысындағы паренхиматозды
органдардың кӛлемін, тҥсін, консистенциясын, ішек-қарынның кҥйін,
қҧрсақ қуысында экссудаттың барын немесе жоғын тексереді. Бауыр,
бҥйрек, кӛк бауыр, лимфа тҥйіндерінің бетін кҥйдіргеннен кейін, қажетті
жағдайда ішек-қарыннан сҧйықтық алады. Осылармен қатар
органдардың ҧлпаларынан микроскопиялық зерттеу ҥшін жағынды
дайындайды: стерильді қайшымен органның бір бӛлшегін кесіп алып,
зат шынысының бетіне бірнеше рет таңбалы жағынды жасайды;
Достарыңызбен бөлісу: