Микробиология


Col -плазмидті (колициногенді факторларды) анықтау



Pdf көрінісі
бет43/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Col
-плазмидті (колициногенді факторларды) анықтау. 
Зерттеуге 
алынған 
Escherichia coli 
ӛсінділерін Петри шынысындағы қоректік 
агарға шаншу арқылы (1 Петри шынысына 7-8 шаншу жасалады) себінді 
жасайды. Себіндіні 37ºС-де бір тәулік бойы ӛсіргеннен кейін, Петри 
шынысының беткейіне хлороформ сіңдірілген мақта салады, яғни 
хлороформ буымен бактериялардың қырылуына ықпал жасалады. Сонан 
соң агар беткейіне 45ºС-ге дейін салқындатылған 3 мл қоректік агар 
(0,7%) ортасы мен 0,1 мл сҧйық қоректік ортада ӛсірілген 4 сағаттық 
индикаторлы ӛсіндінің қоспасын біркелкі ҥлестіреді. Бҧл жҧмысқа 
колицин типіне сезімтал 
Escherichia coli 
ӛсіндісі таңдалып алынады. 
Себіндіні 37ºС-де 18-24 сағат ӛсіргеннен кейін тәжірибе нәтижесі 
бағаланады. Осындай колицинді ӛндіретін ӛсінділердің айналасында 
индикаторлы штамның ӛсуін тежеуші тҥссіз аймақтар пайда болады. 
Колицинотипті 
анықтау. 
Колициногенотипі 
белгілі 
бактериялардың эталондық штамдарын Петри шынысындағы қоректік 


52 
агарға шаншу әдісімен себінді жасап, 37ºС температурада бір тәулік 
ӛсіреді де, бактерияларды хлороформ буымен залалсыздандырады. Одан 
кейін агар беткейіне 45ºС-ге дейін салқындатылған 3 мл қоректік агар 
(0,7%) ортасы мен 0,1 мл сҧйық қоректік ортада ӛсірілген 4 сағаттық 
колициногенотипі белгісіз 
Escherichia coli 
ӛсіндінің (мысалы, 
Col-
А, 
Col-
В және т.б.) қоспасын біркелкі ҥлестіреді. 18-24 сағат 
инкубациялаған соң зерттеу нәтижесінің кӛрсеткішін ӛсу кӛрінісінің бар 
не жоқ болуына байланысты бағалайды. Зерттелетін және индикаторлық 
ӛсінділердің колициногенотиптері бірдей, яғни бірыңғай 
Col-
плазмидтерді тҥзеді. Кей жағдайда эталондық штамдардың айналасында 
бактериялардың ӛсуін тежеуші тҥссіз аймақтар пайда болады.
ДНҚ–зонд. 
Генетикалық зондтар кӛмегімен іске асырылатын 
молекулалық гибридизация әдісінде микроорганизмдердің тек бір тҥріне 
ғана телімді дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) немесе 
рибонуклеин қышқылының (РНҚ) нуклеотидтік тізбегінің кішкене 
учаскесі қолданылады. ДНҚ-зондты белгілі бір микроб жасушасына тән 
белгілеріне ғана жауапты нуклеотидті химиялық жолмен синтездеу 
арқылы алып, оларды изотоп, флюорохром немесе ферментпен 
таңбалайды. Қҧрамында ДНҚ бар зерттеуге алынған микроорганизм 
ҥлгілеріне таңбаланған зондты қосқан жағдайда нуклеотидтік тізбегі 
комплементарлы байланысқа тҥседі. Таңбалауға алынған заттардың 
тҥріне қарай пайда болған кешенді радиоизотоптық талдау, иммунды 
ферменттік талдау немесе иммунды флуоресценция реакциясымен 
анықтайды. Молекулалық гибридизация әдісі микроорганизмдердің 
нуклеин қышқылдарының концентрациясы жоғары болған жағдайда 
ғана анықтауға мҥмкіншілік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет