Жасушалық мембраналарды зақымдайтын токсиндер. Бұл топтың токсиндері эукариоттық жасушалардың плазматикалық мембраналарын ферменттік гидролиздеудің көмегімен немесе сол жерлерде қуыстар жасаумен зақымдай алады. Мүндай зақымданулар жасушаларды ерітіп жіберумен қатар,бактериялардың макроорганизмде таралуына ықпал етеді. Ферменттік гидролиздеуге мысал ретінде фосфолипазалық белсенділігі бар С. perfringens-тің альфа-токсинінің әсер етуін келтіруге болады .
Қуыс түзуші токсиндер трансмембраналық қуыстар қалыптастрады және плазматикалық мембраналар арқылы иондардың шығып кетуін арттырады, соның нәтижесінде жасушалар лизистенеді. Токсиндердің бұл тобына Е-coli-ң гемолизині, Р.haemolitica-ның О-перфринголизині, L.monocitogenes-тің О - стрептолизині, S.pneumoniae-ның пневмолизині және S.aureus-тің альфа-токсині жатады. Сонғы токсиді олигомеризациялайтын қуыс түзуші цитотоксиндердің прототипі ретінде қарастыруға болады. Бактериялар дайын токсин (протомер)бөліп шығарады, олар спецификалық рецепторлары бойынша нысана-жасушаны таниды немесе қүрамында фосфатидилхолин немесе холестерині бар учаскелерінде (плазматикалық мембрананың) бейспецификалық түрде сорбцияланады (сорылады). Жеті протомерлік токсиндер үш доменнен тұратын саңырауқұлақ тәріздес гептамер қалыптастыра отырып мембрана бетіндегі қуысқа жиналады. Альфа токсиннің қалпағы және жиектік аумағы плазматикалық мембрананың үстінде орналасады, ал аяғы трансмембраналық арна қызметін атқарады. Бұл қуыс майда молекулаларға және иондарға екі жақты қозғалыс жасауға мүмкіндік береді, нәтижесінде жасушаның ісінуіне және осмостық лизистенуіне әкеледі. Альфа-токсиннің әртүрлі типтегі жасушаларға соның ішінде моноциттерге, лимфоциттерге, эритроцттерге, тромбоциттерге және эндотимоциттерге цитолиттік әсер ету қабілеті бар. Қуыстар пайда болуы бірнеше екіншілік процестерді қамтиды: эндонуклеазалардың белсенділігінің артуы, эйкозаноидтардың синтезделуі.
Ақуыз синтезделуін тежейтін токсиндер. Мұндай токсиндердің тобына жатады: C.diphtheriae-ның гистотоксині, P.aeruginoza-ның А экзотоксині, S.dysenteriae I серовариантының Шига-токсині (Stx-токсин) және энтеропатогенді және энтерогемморагиялы E.coli-дің Шига тәріздес токсиндері (Stx-токсиндер). Олар үшін элонгациялық факторлар және 28S-рибосомалық РНК субстрат рөлін атқарады. Дифтериялық токсин және псевдомонаданың А экзотоксині энголацияланушы 2-ші факторды риболизистейтін дифтамид спецификалық АДФ-риболизистрансферазалар болып табылады, олар жсушадағы ақуыздың синтезделуін әлсіздендіреді және басып тастайды. Олар протоксиндер түрінде синтезделеді.
Stx-токсин және Stx-токсиндердің АВ-типті құрылымы болады. Энзиматикалық А суббірлігі 5В-суббірліктермен ковалентті емес түрде байланысқан. В пентамер эукариоттың жасушамен байланысқаннан және интернацияланғаннан кейін полипептид А энзиматикалық А1 және В пентамермен байланысқан А2 фрагментіне ыдырайды.А1 N-гликозидазалық белсенділік көрсетеді. Stx-токсиндер аминоацил-РНК-ның өзара әсерлесуін бұза отырып 28S рибосомалық РНҚ-ң белсенділігін жояды, ол ақуыз синтезделуін тоқтатып, нысана-жасушаның өлуіне әкеледі. Мұндай токсиндер эпителиоциттерде ғана емес және басқа да жасушаларда белок синтезделуін бұзады, ол гемолитикалық, уремиялық синдром дамуына әсер етеді. Ішек қуысынан шыққан Stx-токсиндер бүйрек капиллярларының GB3 гломерулаларының және де басқа ағзалардың эпителиялық жасушаларының рецепторларымен байланысады. Ол жасушалардың ісінуіне, тамырлар қуысының тарылуына, тромбоциттердің агрегациялануына, эритроциттердің гемолизденуіне және уремияға әкеп соғады.
Екіншілік мессенджерлердің метаболизмдік жолдарын белсендіретін ток-синдер. Бұл топқа жатады: E.coli-дің цитотоксикалық некроздаушы факторы (CNF), термолабильді (LT) және термостабильді (ST) токсиндері; B.anthracis-ң ісіну факторы; B.pertussis-тің көкжөтелдік және дерманекроздық токсиндері; C.difficile-нің А және В токсиндері; тырысқақ энетротоксині және басқа токсиндер. Олар эукариоттық жасушаларды өлтірмей, олардың кейбір ақуыздарының функцияларына әсер етеді. Токсиндер осы мақсатта екіншілік байланыстырушыларды (посредники) белсендіреді, олар сырттан келетін сигналдарға жасушалық реакцияларды күшейтеді немесе бұрмалайды, яғни қате жүргізеді.
CNF және DNT-ің байланыстырушы ферменттік домендері болады. Олар дезаминдаза арқылы цитоқаңқа актинінің модификациялануына қатысушы ГТФ – байланыстратын ақуыздармен Rho – субтұқымдастығын күшейтеді. Мұндай модификация гидролиздеуге қабілеттілігі жоқ ГТФ – мен байланысқан Rho – ның артық болуына әкеледі . Зақымданған жасушалар өзіне тән сипатты түрге ие болады. Оларда мембрананың «бұдырлануы» (рифление) байқалады, актиндік жіпшелердің аумақты шектелген қысылысуы қалыптасады, некроздық ошақ пайда болып , қабыну дамиды .
C. difficile – нің А және В токсиндері , гликолизтрансферазалық белсенділікке ие бола отырып, керісінше, Rho ГТФ – байланыстырушы ақуыздардың белсенділігін жояды. E. coli – дің ST – энтеротоксині гуанилатциклаза рецепторымен байланысып, ц ГМФ – ң көбеюіне әкеледі. Ол натрий иондарының абсорбциялануын басып тастап және хлор иондарының секрециялануын күшейтіп электролиттер ағымын кері бағыттайды да, диарея дамуына әкеледі.
Тырысқақ энтеротоксині (холероген) бес В суббірліктерден және бір А суббірліктен тұрады, ол АДФ – риботрансферазалық белсенділігі бар А1 – ге және А1- ді В – нің пентамерімен байланыстыратын А2- ге диссоциациялайды. А1 жасушалық мембраналардың аденилациклазасының белсенділігін реттеуші G ақуыздың белсенділігін жояды, нәтижесінде аденилациклаза белсенділігі жоғарылайды, жасуша ішінде циклдік аденозинмонофосфат(цАМФ) көбейеді және натрий, калий иондарының, судың сіңуі бұзылады. E.coli-дің ST энтеротоксиніне қарағанда LT-энтеротоксинінің құрылысы және әсер ету механизмі бойынша тырысқақ энтеротоксиніне ұқсас. Оның және көкжөтел ток-синінің АДФ-риботрансферазалық белсенділігі болады. Олар үшін G ақуыздар нысана болып табылады. Олар цАМФ бойынша жасушаішілік гомеостазды бұзып, жасуша функциясын дұрыс жүргізбейді.