Микробиология


Иммунологиялық толеранттық



бет168/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

10.6.Иммунологиялық толеранттық
Иммунологиялық толеранттық иммунды жауаппен иммунологиялық есте қалуға кері көрініс. Ол организмнің антигенді «танып», жемісті спецификалық иммунды жауап қайтара алмауының себебінен болады.
Иммунологиялық толеранттықтың иммундысупрессиядан айырмашылғы иммундыкомпетентті жасушалардың тиісті антигенге бастапқыдан жалпы жауап бере алмауына негізделген.
Иммунологиялық толеранттықтың феномені 1953 жылы бірінен бірі тәуелсіз чех ғалымы М. Гашек және П. Меадвар бастаған ағылшын ғалымдарынның тобымен ашылған еді. Олар көрністі жануарлаға тәжірибе қойған кезде ашқан.
Имунологиялық толеранттықты толерогендер деп аталатын антигендер туғызады. Тәжирибеде толергендер барлық органикалық заттардың қатарынан табылады, бірақ көбінесе олар полисахаридтер болып келеді.
Иммунологиялық толеранттық туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен толеранттықтың мысалы ретінде иммундық жүйенің организмнің меншікті антигендеріне жауап бермеуін келтіруге болады. Жүре пайда болған иммунологиялық толернаттықты организмге иммунитті тежейтін заттарды ( иммунодепрессанттар) еңгізіп, эбрионалдық уақытта, не туғаннан кейінгі алғашқы күндерінде перзентке антигендерді еңгізіп құруға болады. Жүре пайда болған иммунологиялық толеранттық белсенді және енжарлы болып бөлінеді. Белсендіі толеранттық организмге спецификалық толеранттықты құратын толерогенді еңгізгенде пайда болады. Енжарлы толеранттық иммундыкомпетентті жасушалардың биосинтетикалық, не пролиферативтік белсенділігін тежейтін заттар (антилимфоцитарлық сарысу, цитостатиктер т.б.) әсерімен туғызуға болады. Иммунологиялық толеранттық жоғары деңгейлі спецификалық қасиетке ие, сондықтан тек қана бір белгілі антигенге бағытталған. Көлем дәрежесіне сәйкес толеранттық поливаленттік және моноваленттік болады. Политваленттік толеранттық бір мезгілде антигеннің құрамына кіретін барлық детерминаттарға қарсы пайда болады. Моноваленттік толеранттық антигендердің кейбір таңданылған детерминанттарын кабылдамайтындығымен сипатталады.
Толеранттықтың көрніс дәрежесі макроорганизммен мен толерогеннің көптеген қасиеттеріне байланысты. Мысалы, толерогендіктің көрінісіне организмнің жасы мен иммундыреактивтігінің жағдайы әсер етеді. Иммунологиялық толеранттықты эмбрионалдық кезеңде, немесе жаңа туған кезде жеңіл іске асыруға болады.
Толеранттыққа әсер ететін антигеннің ерекше сипаттарына олардың ағзаға бөгделігінің дәрежесі, шығу тегі, өлшемі және әсер ететін уақытының ұзақтылығы жатады. Бөгделік қасиеті әлсіз, молекулалық салмағы жеңіл, гомогенді антигендердің организмге жоғарғы дәрежелі толерогендігі бар.
Иммунологиялық толеранттықтың пайда болуына антигеннің өлшемі мен әсер ететін уақытының ұзақтылығы өте маңызды. Соның негізіде жоғарғы және төменгі өлшемді толеранттық деп ажыратылады. Жоғарғы өлшемділік толеранттық – концентрациясы жоғары антигенді еңгізгенде пайда болады. Сонымен қатар заттың өлшемі мен оның тудыратын көрнісінің арасында тікелей тәуелдік бар. Төменгі өлшемдік толеранттық, керісінше, жоғарғы гомогенды молекулалық антигеннің аз өлешмімен туады және де бұл жағдайда «өлшем-биімділік теңділігі» керісінше тәуелді.
Тәжірибеде иммунологиялық толеранттық толерогенді еңгізгеннен кейін бірнеше күннің, кейде сағаттың арасында пайда болып, толерогеннің ағзада сақталған уақытына дейін созылады. Толеранттық тиімділігі толероген ағзадан шығарылғаннан кейін бәсеңдейді немесе доғарылады. Әдетте иммунологиялық толеранттық көпке созылмай бірнеше күннен аспайды. Оны ұзарту үшін толерогенді қайталап егу қажет.
Толеранттықтың механизімі әр-қилы, бірақ толығынан анықталмаған. Оның негізіне иммундық жүйені реттейтін қалыпты процестердің жататыны нақты әйгілі. Иммунологиялық толеранттықтың көптеген себебінің арасынан шындыққа жуық үшеуін атай кетуге болады:

  1. Лимфоциттің антиген спецификалық клондарының ағзадан шығарылуы (элиминациялануы).

  2. Иммундыкомпетентті жасушалардың биологиялық белсенділігін тежеу (блокадалау).

  3. Антигендердің антиденелермен шапшаң бейтарапталуы.

Әдетте онтогенездің ертерек кезінде Т- және В-лимфоциттердің клондары элииминациялануға, не делециялануға түседі. Жетілмеген лимфоцимттердің антигенспецификалық рецепторларын (TCR, не BCR) белсендіру апоптоздың басталуына себепкер болады. Организмде аутоантигендерге бейреактивтікті камтамасыз ету феномені орталық толеранттық деп аталды.
Иммундыкомпетенті жасушалардың биологиялық белсенділігін тежеуде басты рөлді иммундыцитокиндер атқарады (ИЛ-4, 13, гамма ИФН т.б.).
Донордан алынған иммундыкомпетентті жасушалар арқылы иммунологиялық толеранттықты дені сау жануарға көшіруге болады. Сонымен қатар иммунологиялық толеранттықты жасанды түрде тоқтатуға болады. Ол үшін иммундық жүйені адъюванттармен, интерлейкиндермен белсендіру керек. Оның басқа тәсілі ретінде спецификалық антигендердің көмегімен организмді толерогеннен тазарту, не иммундысорбция жүргізу колданылады.
Иммунологиялық толеранттықтың тәжірибелік маңызы зор. Бұл көрініс медицинаның көптеген өзекті мәселерін шешуге, мысалы орган, не тін ауыстырғанда, аутоиммундық процестерді тежегенде, аллергияны емдегенде, тағы басқа бірталай иммундық жүйенің агрессиялық көрінісімен байланысты жағдайларында пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет