10.3.2. Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитотоксикалық.
Процесс иммндыглобулиндер молекуласының қатынасуынсыз өтеді. Процесті бастайтындар «өздігін танитын» рецепторлары бар лимфоидтық жасушалар. Мысалы, Т-хелперлер, Т-киллерлер, CD16, CD56 табиғи киллерлер. Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитотоксикалықтың тікелей және жанама әсер ету механизімі бар. Тікелей механизімінде бір жасуша түрі барлық істің түрін атқарады. Нысана-жасушаның киллингі өтуінің бірнеше сатысы бар.
Тығыз байланысқа түсу. Т-киллер нысана-жасушаның бетіне шоғырланып тығыз байланысқа түседі.
Т-киллердің белсендірілуі. Т-киллер жасушаның бөгделігін дәлелдегеннен кейін белсендіріліп химиялық токсикалық заттарды шығарады.
Токсикалық заттардың экзоцитозы. Токсикалық заттар екі жасуша қосылған аралыққа экзоцитоз арқылы сіңеді.
Токсикалық әсер. Заттар бөгде жасушаның қабығын ыдыратып, цитоплазмасына еніп жасушаны апоптозға душар етеді.
Антиденетәуелсіз жасуша-жанамалы цитоксикалықты өткізетін жасушалар: Т-хелперлер, Т-киллерлер CD16, CD56 табиғи киллерлер апоптозды индукциялау арқылы нәтижелі іс атқарады.
Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалықтың жанама түріне макрофаг қатынасады.
10.4. Гиперсезімталдық реакциялары Кейбір жағдайларда антиген организге еңген кезде иммунологиялық толеранттыққа керісінше, патологиялық процестарге ұқсас сипаты бар, қалыпты жағдайда кездеспейтін гиперсезімталдық реакция пайда болуына себепкер болады. Пайда болу негзінде табиғи өзгерістер жатқан бұл әдеттен тыс жауап аллергия ( грек тілінен- allos- басқаша, өзгеше және ergon- қыймыл ) деген атқа ие болды. Аллергия процестерін ілімнің жеке тарабы – аллергология зерттейді. Жоғарыда айтылғанға сәйкес аллергия тудыратын антигендераллергендер деп аталды.
«Аллергия» деген түсінікті тәжірибеге алғаш рет кіргізген француз ғалымы К Пирке болатын (1906). Ол аллергияны антигеннің кайталап еңгеніне байланысты организмнің өзгерген жауабы деп түсініп оның қатарына гипер- және гипосезімталдықты жатқызған.
Қазіргі заманның түсінігі бойынша аллергия дегеніміз макроорганизмнің антигенмен (аллергенмен) қайталап кездесуінің нәтижесінде пайда болған калыптан тыс спецификалық иммундық жауап(10.2-кесте).