Микробиология


ТАРАУ. Инфекция туралы ілім



бет102/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

7 ТАРАУ. Инфекция туралы ілім
Инфекция туралы ілім – бұл макроорганизмдерде тіршілік етуге және оған патогенді әсер етуге мүмкіндік беретін микробтардың қасиеті туралы, және де микроорганизмнің ауру тудырушылық әсеріне қарсы тұратын макроорганизмнің қорғаныс-бейімделу реакциялары туралы ілім. Инфекция туралы ілім маңызды роль атқарады, өйткені инфекциялық процесс қоздыратын микробтардың патогенсіз микробтардан ерекшелігін, және де қоздырғыштарды қабылдаушылық және қабылдамаушылық қасиеті бар макроорганизмнің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қажетті препараттар жасауда, және де диагноз қою әдістерін жетілдіруге шешуші рөл атқарады. Инфекциялық процестердің дамуын және оның барысын молекулалық деңгейде ғана емес одан да жоғары деңгейде сауатты бақылауға мүмкіндік береді.
“Инфекция” (лат. inficio – жұқтыру, зиянды нәрсені енгіземін) немесе оның синонимі “инфекциялық процесс” термині қоршаған ортаның тиісті жағдайында қабылдаушы макроорганизммен оған, көбейген патогенді немесе шартты-патогенді микроорганизмнің өзара әсері +нәтижесінде пайда болатын және макроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығын(гомеостазын) сақтауға бағытталған физиологиялық қалпына келу – бейімделу реакцияларының жиынтығын білдіреді. Қарапайымдылар, гельминттер, жәндіктер – Animalia әлемінің өкілдері қоздыратын осындай ұқсас процесті инвазия (лат. invazio – шабуыл, басып кіру) деп аталады.
Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені паразит деп аталатын біреуі, ие деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады. Бұл кезде аталған екі организм де бір-бірімен қарама-қарсы (антагонистік) жағдайда болады. Сапрофиттік тіршілік етуге қарағанда паразитизм – ол тірі ортада өмір сүру. Паразиттің ие организміне патогендік әсер етуі және ие организмі жағынан оған жауап беретін қорғаныс реакциясы паразитизмнің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Паразитизм – түрге тән және тұқым қуалайтын қасиет. Адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштары паразиттерге жатады, яғни олар тірі жүйе ортасында паразиттік тіршілік етуге қабілетті. Ие организмнің тіршілік етуі мәңгілік емес, уақыт мерзімі бойынша шектелген. Сондықтан, паразиттер үшін мекендейтін ортасын ауыстыру қажет. Олардың екі тіршілік циклі болады: тірі организмдегі – паразиттік және одан тыс жердегі паразиттік емес тіршілік ету фазалары. Паразиттік емес тіршілік ету деп, кең мағынада сапрофиттік тіршілік ету жағдайын және де шартты-патогенді бактерияларға тән паразитизмнен өзгеше түрлерін (мутуализм, комменсализм, метабиоз т.б.) түсіну керек. Микроб биологиялық түр ретінде тіршілік сақтай алатын ортаның маңызы зор. Оны ең басты спецификалық тіршілік ортасы дейді. Өйткені “паразитизм” термині – бұл ерекше түсінік және паразит популяциясы гетерогенді. Микроб популяциясының паразитизмдік дәрежесі ең алдымен мекендейтін ортамен байланысты, сондықтан популяциялық-экологиялық тұрғыдан паразитизмді үш категорияға бөледі: облигаттылар, факультативтілер және кездейсоқтылар.
Облигатты (нағыз) паразиттер популяциялық циклдің барлық сатысында ие организмімен тығыз байланысты. Оларға паразиттік тіршілік ету фазасы ғана тән, олар сыртқы ортаға түспейді, өйткені сыртқы ортада тіршілік етуі мүмкін емес. Олар трансмиссивті, трансплацентарлы және жанасу-жыныстық жолымен беріледі. Егерде паразиттің екі иесі болса (жылықандылар және буынақаяқтылар), онда оның популяциясы кез келген уақытта екі бөліктен тұрады: гостальдық (организмдік) және векторлық (тасымалдаушыда). Басқа жағдайларда популяциясы гостальдық бөлім ретінде белгілі. Олар тұйықталған паразиттік жүйе құрайды.
Факультативті (салыстырмалы) паразиттер табиғи айналым кезінде ие организмімен қатар сыртқы ортаны да пайдалана алады, бірақ олар үшін паразиттік фазаның маңызы басым. Мұндай микроорганизмдер жоғарыда аталған жұғу жолдарынан басқа да жолдармен беріле алады. Бұл категориядағы паразиттер көбінесе біркелкі болмайды, олардың популяциясы үш бөлімнен (гостальды, векторлы, сапрофитті-организмнен тыс) немесе екі бөлімнен (гостальды және организмнен тыс) тұрады. Олар тіршілік етудің сапрофиттік фазасына қарағанда паразиттік фазасы басымырақ болатын жартылай тұйық паразиттік жүйе түзеді.
Кездейсоқ паразиттерге автономды түрде тіршілік етуге сыртқы орта (су, топырақ, өсімдіктер, және де басқа органикалық субстраттар) қалыпты орта болып табылатын паразиттер жатады. Олар сапрофиттік типімен қоректену қабілеттілігін сақтайды. Тіршілік етудің сапрофиттік фазасы олар үшін ең негізгі және сөзсіз қажет, ал паразиттік фаза ауық-ауық қана қажет. Осыған орай, мекендейтін екі ортаға байланысты паразит популяциясы екі бөліктен тұрады: организмнен тыс (сапрофиттік) – ол негізгісі, және де организмдік (гостальдық) – ол кездейсоқ болып табылады. Оларда трансмиссивтік берілу жолы болмайды. Олар ашық паразиттік жүйе құрайды. Оларға нағыз сапроноздардың қоздырғыштары жатады. Кездейсоқ және факультативті паразиттер сапрофиттен облигатты паразитке өтудің ауыспалы кезеңдік түрі болып табылады. Сонымен, олардың организммен байланыс тығыздығы облигатты паразиттен кездейсоқ паразиттерге қарай азая бастайды, соңғылар үшін тіршілік етуге сыртқы ортаның ролі арта бастайды. Микробтың қоректік қажеттілігі ие жасушасымен байланысы тығыз болған сайын оның паразиттік қасиеті жоғарылай береді. Осының негізінде микробтардың мутантты түрлері іріктелген. Эволюциялық даму барысында сапрофиттер өзіне қажет емес ферменттерді және басқа биологиялық жүйелерді жоғалтқан. Себебі олар өзіне керекті заттектерді дайын түрде ие организмінің жасушасынан алады. Мысалы, риккетсияларда гликолиттік циклге қатысатын ферменттер жоқ, хламидияларда АТФ синтезі жүрмейді, ал вирустардың ақуыз синтездейтін меншікті жүйесі жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет