Микробиология


Ауаны микробиологиялық бақылау



бет100/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   216
6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау.
Ауаны микробиологиялық бақылау табиғи немесе микробтарды еріксіз қондыру (седиментациялау) әдісінің көмегімен жүргізіледі. Табиғи седиментация (Кох тәсілі бойынша) Петри табақшасындағы тығыз қоректік орта бетіне 5-10 минут бойына микробтарды шөктіру жолымен жүргізіледі. Мәжбүрлік седиментация арнайы қондырғы көмегімен қоректік ортаға ауа сынамасын «себу» жолымен жүргізіледі. (импактор, импанджлер, сүзгілер). Импакторлар-ауадан микробтарды қоректік орта беткейіне мәжбүрлік шөктіруге арналған қондырғылар (Кротов қондырғысы, бактериологиялық аэрозолдің сынамасын алушы, т.б.) Импанджерлер-ауаны NаCL изотониялық ерітіндісінен немесе сұйық қоректік ортадан өткізетін қондырғылар.
Ауаның санитарлық-гигиеналық жағдайы келесі микробиологиялық көрсеткіштермен анықталады:
1. 1м3 ауадағы Микроорганизмдердің жалпы санын- Петри табақшасында 370 С 24 сағат бойына қоректік ортада өскен микроорганизмдер колонияларының саны.
2. Санитарлық көрсеткіш микробтардың индексі-1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококк пен алтынды стафилококтар саны. Бұл бактериялар жоғарғы тыныс жолының қалыпты микрофлорасының өкілдері және ауа-тамшылы жолмен берілетін патогенді микроорганизмдермен бөліну жолы ортақ болып келеді. Ауада спора түзетін бактериялардың болуы – ауаның топырақ микроорганизмдерімен ластану көрсеткіші, ал грамтеріс бактериялардың көрінуі- антисанитарлық жағдайдың көрсеткіші болады.
Емдеу мекемелерінің ауасын бағалау үшін ұсынылған арнайы нормативті құжаттардың мәліметтерін қолдануға болады.
6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау.
Тағам өнімдерін санитарлық – микробиологиялық зерттеу жоспарлы түрде және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі.
Жоспарлы түрде келесі көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізіледі.
Жалпы микробтар саны.
МАФАМ анықтау – мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің , 370 С температурада 24 сағат инкубациядан соң тығыз қоректік ортада өскен колонияларын санайды.
Тағам өнімдеріндегі санитарлық-көрсеткіш бактерияларды анықтау-ішек таяқшасын, ІТТБ , энтерококтар, алтынды стафилококтар, протей тобының бактерияларын, клостридийлерді (сульфит қалпына келтіруші) табу қолданылады.
Салмонеллаларды анықтау - мысалы, ет өнімдерін зерттегенде (басқа көрсеткіштермен бірге), т.б. қолданылады.
Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша – микробтық этиологиялы тағамдық уланулар қоздырғыштары (патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің) бар-жоғын анықтау үшін зерттейді.
Сүтқышқылды өнімдерде – сүзбе, қаймақ, айран және т.б. арнайы микрофлорасы бар (сүтқышқылды стрептококтар, лактобактериялар, және т.б. ) өнімдерде жалпы микробтар санын анықтамайды.Бұл өнімдерде сүтқышқылды микрофлораны жағынды дайындап, метиленді көкпен бояп, бактериоскопиялық әдіспен зерттейді. Сәйкес сүтқышқылды микрофлора болмай , бөгде микрофлора (көгерткіш саңырауқұлақ , ашытқылар және т.б.) анықталуы өнімнің дұрыс дайындалмағанын, технологиясының бұзылуын немесе дұрыс сақталмағандығын көрсетеді. Тек , қымыз бен айранды микроскопиялық зерттегенде көру айдынында 2-5 ашытқы жасушалар анықталады , себебі бұл өнімдер сүтқышқылды және спирттік ашу нәтижесінде даярланады.
Консервіленген тағам өнімдерінде ішек таяқшасы, протей және патогенді микробтар болмауы керек.
Көкөністен , балықтан , еттен дайындаған консервілерді зерттегенде мыналар ескеріледі:

  1. Аэробты микроорганизмдерді анықтау

  2. Анаэробты микроорганизмдерді анықтау

  3. Ботулиндік экзотоксиндерді анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет