Зарарсыздандырудың химиялық тәсілдері. Бактерияларды өлтіретін химиялық заттарды бактериоцидтік әсер ететін, ал олардың тіршілік қабілетін төмендететіндерді – бактериостатикалық заттар деп аталады.Химиялық зарарсыздандырушы заттарға қойылатын талаптар:
Суда ерігіштігі немесе суда эмульсия түзуі;
Аз мөлшерде, қысқа уақыттың ішінде микроорганизмдерді өлтіру қабілеттілігі болуы керек;
Дезинфектанттардың келесі негізгі топтарын қолданады:
І. Құрамында галоиды бар заттар, оларда микробтарға белсенді әсер ететін хлор, бром немесе йод болады (хлорлы әк, калий гипохлоридінің тұздары, хлораминдер, дихлорцианцур қышқылы және оның тұздары, аквасепт, йодонат, дибромантин).
ІІ. Құрамында оттегі бар асқын тотық байланыстары немесе сутектің асқын тотығы негізіндегілер (первомур, ПВК, ператин, виркон, дезоксон).
ІІІ. Төрттік аммоний байланыстары мен амфотерлі байланыстар (аламетон, дюнбаль, санифект, велтолен, гермосепт, септодор) негізіндегі беткейлік – белсенді заттар.
ІV. Гунидиндер және оалрдың ПАВ – пен қоспалары (демос, катасепт, лизофермин, тиавасепт).
V. Спирттер (этанол негізділер).
VІ. Құрамында альдегиді бар глутар немесе янтарлы альдегид (гепасепт, сайдекс, глутаран, альдесон) негізділер.
Фенолды улылығының жоғарлығына және тұрақты жағымсыз иісіне байланысты дезинфектант ретінде пайдалануға тиым салынған.. Жоғарыда аталған қасиеттері шеттетілген, құрамында фенолы бар препаратқа амоцид және басқ. жатады.
Дезинфекциялық – стерилизациялық препараттар (қысқаша сипаттамасы төменде келтірілген) ҚР тіркелген және оларды медициналық мақсаттарда пайдалануға рұқсат берілген.
Бұл дезинфектанттар, антисептиктер, жеке бас гигиенасының заттары бактерияларға (түбіркүлез микобактериялары мен споралы түрлерін қосқанда), саңырауқұлақтарға, вирустарға (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) көрсететін өте жоғары әсерімен , әлсіз тұрақты материалдарды тоттанудан немесе құрамын бұзудан да сақтайтын, экологиялық тазалығымен, және қауіпсіздікті кепілдейтін, үнемді және қолдануғы ыңғайлылығымен ерекшеленеді.