Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Тауық эмбриондарын жұқтыруға дайындау



бет38/39
Дата27.11.2023
өлшемі256,41 Kb.
#129595
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты-emirsaba.org 2

Тауық эмбриондарын жұқтыруға дайындау. Инкубаториялардан әкелінген эмбриондардың ауа
камерасын жоғары қаратып, арнайы штативтерге салады да ылғалдылығы 60-70%-ды құрайтын, +37
0
С-ге
реттелген термостаттарда инкубациялайды.
Тауық эмбриондарын жұқтыруға дайындау жұмыстарына овоскопиялау, қауыздарын
дезинфекциялау және жұмыс орындарын дайындау жатады. Қараңғы жерде овоскопиялау арқылы
жұмыртқаның ішкі құрылымын, ауа камерасын, ұрықтың орнаналасқан жері мен қан тамырлары жоқ
зоналарды (0,5х0,5 см) анықтап, графитті қарындашпен белгі салады. Бұл белгілер арқылы вирусы бар
материалдармен жұқтыратын орындарды таңдайды. Сонымен қатар, овоскопиялау арқылы ұрықтың тірі
(ХАҚ қан тамырлары қанға толы, ұрық белсенді қозғалады) немесе өлі екендігін де анықтайды.
Тауық эмбриондарын бокс бөлмелерінде, асептикалық жағдайда жұқтырады. Боксқа кіреберіс
бөлмесінде эмбрионның сырты қабығын йодталған спиртпен өңдегеннен кейін боксқа кіргізіп қайтара
өңдейді.
Эмбриондарды дезинфекциялағыш ерітіндімен ылғалдандырылған 3-4 қабат дәкесі бар эмальданған
кюветаның ішіне орналастырылған арнайы штативке бекітеді.
Жұмыста қайнату арқылы стерильденген саймандарды спиртке батырып, жалында күйдіргеннен
кейін қолданады.
Тауық эмбриондарына экспериментальды
жолмен жұқтыру әдістері.
Тауық
эмбриондарынавирусты жұқтырудың алты әдісі бар. Олардың ішінен ең жиі қолданатындары аллантоис
қуысы мен хорион – аллантоис қабықшасына жұқтыру, сирегірек амнион қуысы және сарыуыз қапшығына,
ал өте сирек жағдайда ұрық денесі және ХАҚ қан тамырларына жұқтырады. Жұқтыру әдістерін вирустың
тропизмі мен жұқтыру мақсатына қарай таңдайды. Жұқтырудың барлық тәсілдерінде инфекциялық
материалды 0,1-0,2 мл көлемінде енгізеді.
Аллантоис қуысына жұқтыру әдісінде тұмау, Ньюкасл ауруы, жылқылардың ринопневмониясы,
везикулярлы стомаитінің вирустары жақсы көбейеді. Бұл жұқтыру әдісінің бірнеше нұсқасы (варианты) бар.
Тауық эмбрионының доғал жағын жоғары қаратып бекітеді. Ауа камерасының шекарасынан 5-6 мм
жоғарыға қарай диаметрі 1 мм көлемінде қауызды ойып, вирустық материалы бар шприц инесін жұмыртқа
осін бойлай 10-12 мм тереңдікке енгізу арқылы жұқтырады. Жұқтырғаннан кейін инені алып, қауыздағы
тесікті бекіту үшін балқытылған стерильді парафинді тамызады. Бұл әдістің екінші нұсқасында ауа
камерасының үстіңгі жағын ауаның біраз бөлігін шығару үшін теседі. Ал материалды жұқтыру үшін ХАҚ
аймағының қан тамырлары жоқ жерінің қауызын тесіп, иненің ұшын небәрі 2-3 мм-ге дейін енгізген соң 0,1-
0,2 мл вирустық материалды жұқтырып, ол жерді парафинмен бекітеді.
Хорион-аллантоис қабықшасына жұқтыру әдісін эпителитропты және пантропты вирустарды:
шешек, құстардың жұқпалы ларинготрахеитін, ет қоректілер обасын, Ауески ауруын, қойлардың катаральды
қызбасын және т.б. өсіру үшін қолданады. Жұқтырудың бұл түрінде вирустық материалды табиғи ауа
камерасы мен жасанды ауа камералары арқылы енгізеді.
Табиғи ауа камерасы арқылы жұқтыру үшін штативка эмбрионның доғал жағын қаратып (ауа
камерасы жоғарғы бетінде болуы керек) бекітеді. Ауа камерасының ортасынан диаметрі 15-20 мм көлемінде
қауызды ойып, пинцеттің көмегімен қауыздың астыңғы қабықшасын ашады. ХАҚ-ның жалаңаштанған
жеріне 0,2 мл вирус суспензиясын енгізіп, тесікті лейкопластырьмен немесе жапқыш шыныны балқытылған
парафинмен бекіту арқылы жабады.
Жасанды ауа камерасы арқылы жұқтыру біріншісіне қарағанда жиі қолданылады. Бұл әдісте
эмбрионды штативке горизонталды жағдайда, ұрықтың арқасын жоғары қаратып бекіткеннен кейін, қауызды
екі жерден теседі. Біріншісінде ауа камерасының ортасынан кішкене ғана, ал екіншісінде қауыздың ұрық
жатқан жағынан диаметрі 2-5 мм болатын тесік жасап, ХАҚ-ын жарақаттамай қауыздың астыңғы
қабықшасын ауа кіретіндей етіп ажыратады. Сонан соң бірінші тесіктен табиғи ауа камерасы арқылы ХАҚ
бетіне жұқтыратын материалды енгізіп, тесікті лейкопласырьмен бекітеді. Табиғи ауа камерасы жағындыға
тесікті бекітпесе де болады. Себебі ондағы қауызының астыңғы қабықшасы бұзылмағандықтан қоршаған
ортаның микрофлораларының түсуіне жол бермейді. Мұндай әдіспен жұқтырылған тауық эмбриондарын
горизонтальды жағдайда, жанындағы тесікті жоғары қаратып инкубациялайды.
Сарыуыз қапшығына жұқтыруды хламидияларды, сонымен қатар Марек ауруының, жылқылардың
ринопневмониясы, қойлардың катаральды қызбасы және т.б. вирустарын өсіруде пайдаланады. Бұл әдісте 5-
7 күндік, кейде 2-3 күндік эмбриондар (Риф алқабының қызбасы вирусын өсіруге) қолданылады.
Жұқтырудың екі жолы бар. Біріншісінде эмбрионды вертикальды жағдайда бекітіп, ауа камерасының
ортасының тесігі арқылы инені 3,5-4 см тереңдікке, ұрықтың қарама-қарсы жағына қарай 45
0
С-қа қиғаштап
енгізу арқылы вирустық материалды жұқтырады. Екіншісінде горизонтальды күйде (ұрық астыңғы жағында,
ал сарыуызқапшығы үстіңгі бетінде болуы керек) бекітілген жанынан жұқтырылады.
Амнион қуысына жұқтыруға 6-10 күндік эмбриондарды алады. Аталмыш әдісті тұмау, Ньюкасл
ауруының, жылқылардың ринопневмониясының және т.б. вирустарын өсіруде қолданады. Жұқтырудың
жабық және ашық әдісі болады.
Жабық әдісімен жұқтыру қараңғыланған бокста жүргізеді. Жұмыртқаны овоскопқа горизонталды
жағдайда (ұрық жоғарғы жағында болуы тиіс) орналастырады. Ауа камерасының үстіндегі тесіктен ұшы
мұқал инені ұрыққа бағыттай амнион қуысына енгізу арқылы жұқтырады. Иненің амнионға енгендігін ұрық
денесінің қозғалысынан білуге болады.



Ашық әдісте вертикальды орналасқан жұмыртқаның ауа камерасы бетінен диаметрі 1,5-20 см


болатын тесік жасайды. Осы жерден пинцет көмегімен қауыздың астыңғы қабықшасын ашады да
анатомиялық пинцетпен амнион қабықшасын ХАҚ-мен бірге тартып тұрып, вирусы бар материалды
шприцпен енгізеді. Қабықшаларды босатып, тесікті лейкопластырьмен бекіткен соң вертикальды жағдайда
термостатта өсіреді.
Ұрықтың денесіне жұқтыру тәсілін амнион қуысына жұқтырған әдістер тәрізді 7-12 күндік тауық
эмбриондарында жүргізеді. Бұл әдістерде енгізілген инені қозғалтқан кезде ұрық инемен бірге қозғалады.
Жұқтыратын материалдар бас миына, дененің белгілі бір бөлімдеріне енгізіледі.
Хорион-аллантоис қабықшасының қан тамырларына жұқтыру.11-13 күндік тауық эмбриондарын
овоскопиялау нәтижесінде қан тамырлары көрінген жерінің қауызын ашады да, сол жерге 1-2 тамшы спирт
тамызып (қауыздың астыңғы қабықшасын біраз уақытқа дейін мөлдірлендіру үшін), қан тамырына
жұқтыратын суспензияны енгізеді. Қауыздың жалаңаштанған жерін лейкопластырьмен бекітеді.
Жоғарыдағы әдістермен жұқтырылған тауық эмбриондарын +33-37
0
С температураға реттелген
термостатта инкубациялайды. Жұқтырылған эмбриондарды күнделікті овоскоппен бақылап отырады.
Жұқтырғаннан кейін алғашқы 24 сағат аралығында өлімге ұшыраған эмбриондар алып тастайды. Себебі бұл
уақыт аралығында бөгде микрофлоралармен ластанған, жұқтыру кезінде жарақаттанудан өлген эмбриондар
жарамсыз болып есептеледі. Одан кейінгі эмбриондардың өлімге ұшырауы вирустардың көбеюі әсерінен
болады. Мұндай эмбриондарды таңдап алып, тез арада тоңазытқышқа (+4
0
С) ауыстырады. Тоңазытқыштағы
эмбриондардың құрамындағы вирутардың белсенділігі ұзақ сақталады және ұлпалар тығыздалып,
тамырлары босап, оларды жарып алуға жеңілдік тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет