Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



бет6/39
Дата27.11.2023
өлшемі256,41 Kb.
#129595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты-emirsaba.org 2

Бақылау сұрақтары: 1 Жағындыны дайындау тәсілі. 2 Шар формалы микрорганизмдердің бір-
бірінен айырмашылықтары.



Үшінші зертханалық-тәжірибе сабағы


МИКРОБТАРДЫҢ ТАЯҚША ТӘРІЗДЕС ФОРМАЛАРЫ. БОЯУДЫҢ КҮРДЕЛІ ТӘСІЛДЕРІ
Сабақтың мақсаты. Микроорганизмдердің таяқша тәріздес формалы өкілдерінің тәуліктік
дақылдарынан жағындыларды жасап, оларды Грам тәсілімен бояу. Боялған препараттарды микроскоппен
қарап, олардың суретін салу.
Жабдықтар мен материалдар. Ішек таяқшасының (Escherichia coli) және капуста бациласының
(Bac.megatereum) тәуліктік дақылдары – өсірілген шыны түтіктер, стерилді физиологиялық ерітінді.
Микробиологиялық ілмектер. Фенолды геницианвиолет, Пфейффер фуксині, Циль фуксині және басқа
бояулардың ерітінділері бар тамызғыштар. Люголь ерітіндісі. Синев тәсілі бойынша фенолды
генцианвиолетпен боялған сүзгіш қағаздар. Этил спирті. Жуынды төгетін шыны аяқтар, «көпіршіктер».
Жағынды бояуларын жууға арналған су. Шыныға жазатын қарындаштар. Анатомиялық пинцеттер. Спирт
шамдары. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Кестелер.
Таяқша немесе цилиндр тәріздес микроорганизмдердің формалары, ұзындығы мен жуандығы әр
түрлі болады. Олардың формалары сопақ цилиндрлі, ұршық тәрізді болуы мүмкін. Таяқшалардың ұшы
жұмыр немесе үшкір болып келеді.
Таяқша тәріздес микробтар екі топқа бөлінеді: спора түзушілер (бациллалар) және спора түзгіштік
қабілеттері жоқ микроорганизмдер (бактериялар). Бациллалар лимонның, ракетаның, барабан таяқшасының
және басқа заттардың формаларына ұқсас келеді.
Олар жеке-жеке (монобактериялар), қос-қостан (диплобактериялар мен диплобациллалар) немесе
тізбектеліп (стрептобактериялар мен стрептобациллалар) орналасады. Кейбір микробтардың ұзындығы
олардың жуандығынан сәл ғана үлкен болып, формасы жағынан кокктарға ұқсас болып келеді. Мұндай
микробтарды коккобактериялар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет